Азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 қаулысы. Қостанай облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 29 наурызда N 1339 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009.08.03 № 297 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбқа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы N 62 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 1900 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкiмияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 

      1. Қоса берiлiп отырған мүгедектердiң жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшiн облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беру ережесi бекiтiлсiн. 

      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары С.Ә. Құлмағанбетовке жүктелсiн. 

       Облыс әкiмi

Қазақстан Республикасы      
Қостанай облысы әкiмиятының   
2002 жылғы 20 ақпандағы     
N 47 қаулысымен бекiтiлген   

Азаматтардың жекелеген санаттарын
санаторлық-курорттық емдеу үшiн облыстық бюджеттiң
қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беру
Ережесi <*>

      Ескерту. Ереженің атауына өзгерістер енгізілді, кіріспесі алынып тасталды - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.

  I. Жалпы ережелер

      1. Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген азаматтардың жекелеген санаттарына емдеу жөнiндегi жеңiлдiктер, оларды әлеуметтiк қолдауға, сауықтыруға және бейiмдеуге бағытталған санаторлық-курорттық емдеудi қамтамасыз ету түрiнде берiледi. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.
      2. Санаторлық-курорттық жолдамаларды ақысыз алуға Ұлы Отан соғысына қатысушылары құқылы.  <*>
       Ескерту. 2 тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда - Қостанай облыстық әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы  N 30 , өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 ; 2-тармаққа жаңа редакцияда - Қостанай облыстық әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулыларымен.
      3. Азаматтардың санаторлық-курорттық емдеу құжаттарын ресiмдеудi және есеп жүргiзудi арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (әрi қарай - уәкiлеттi орган) жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.

  II. Қажеттi құжаттар тiзбесi

      4. Тегiн санаторлық-курорттық емдеуге құқығы бар адам уақытын көрсетiп, уәкiлеттi органға арыз бередi.
      Арызға төмендегi құжаттар тiркеледi:
      1) азаматтың санаторлық-курорттық емге мұқтаждығы туралы жергiлiктi жердегi емдеу мекемесiнiң қорытындысы.
      Санаторлық-курорттық емдеудiң қажеттiлiгi туралы емдеу мекемесiнiң қорытындысы тиiстi бланкiде ресiмделедi, оған тиiстi уәкiлеттi адам қол қойып, мөрмен растайды.
      Қорытындыда мiндеттi түрде берiлген уақыты көрсетiледi.
      2) арыз берушiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      3)  алынып тасталды
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушысы куәлігінің көшірмесі.  <*>
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 ; 4-тармаққа 4) тармақшасына жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулыларымен.
      5.  алынып тасталды <*>
      1)  алынып тасталды <*>
      2)  алынып тасталды
       Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облыстық әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы  N 30 , 2005 жылғы 21 ақпандағы   N 62 ; 5 тармаққа алынып тасталды - Қостанай облыстық әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулыларымен.
      6. Уәкiлеттi органға ақысыз санаторлық-курорттық емделудi қамтамасыз етуге қажет құжаттардың салыстыру үшiн түпнұсқасы және көшiрмесi тапсырылады. Салыстырғаннан кейiн арыз берушiге құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады. Уәкiлеттi органның қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн растайды және iстi ресiмдейдi. 
      7. Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бiрi болмаса, ақысыз санаторлық-курорттық емделу мүмкiндiгi берiлмейдi. 
      8. Арыз берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады. 
      9. Уәкiлеттi орган азаматтардың санаторлық-курорттық емделуi үшiн ақысыз жолдамаларды берiлген арызға сәйкес кезек тәртiбiмен (тiркеу) бередi. <*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.
      10. Санаторлық-курорттық емделуге ақысыз жолдама беруден бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган арыз бергеннен кейiн 10 күн iшiнде арыз берушiге бас тартудың дәлелiн келтiрiп, жауап беруге мiндеттi. 
      11. Уәкiлеттi орган емделу үшiн санаторлық-курорттық жолдама бермеген жағдайда, ақшалай өтемақы төленбейдi. <*>
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.
      12. Санаторлық-курорттық емделу жолдамасы календарлық жыл iшiнде бiр рет берiледi. 

  III. Санаторлық-курорттық
емделуге жолдама алу және беру тәртiбi

      13. Санаторлық-курорттық емделуге жолдамаларды "Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - департамент) облыстық бюджет есебiнен мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдылықтарға сәйкес алады. <*>   
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.
       13-1.  <*>
      Ескерту. 13-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен; 13-1 тармаққа алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулысымен. 
      13-2. Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту»кіші бағдарламасы шеңберінде ақысыз санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етіледі. <*>
      Ескерту. 13-2 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 ; 13-2 тармаққа жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулыларымен.
      14. Уәкiлеттi орган ақысыз санаторлық-курорттық жолдама алуға құқылы азаматтардың тiзiмiн ресiмдейдi және ай сайын департаментке бередi. <*>   
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 қаулысымен.
      15. Департамент уәкілетті органдардың берген тізімдеріне сәйкес санаторлық - курорттық емдеу жолдамаларын белгіленген мақсат бойынша пайдалану үшін аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бөліп береді. <*>   
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 ; 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулыларымен.
      16. Берiлген жолдамада уәкiлеттi орган азаматтың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, Ұлы Отан соғысына қатысушы куәлігінің нөмірі және берілген күні көрсетуге тиiс. <*>
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Қостанай облысы Әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы  N 62 ; 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 14 қаулыларымен.
      17. Санаторлық-курорттық емделуге берiлетiн жолдамаға уәкiлеттi органның бастығы, немесе оның орынбасары қол қояды және мөрмен растайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады