Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Мәслихатының 2004 жылғы 10 ақпандағы N 14/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 25 ақпанда N 2315 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 26 қазандағы N 313/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2010.10.26 N 313/27 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысы мәслихатының Құрмет грамотасы бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасының үлгiсi мен оны беру тәртiбi бекiтiлсiн.

      Сессия төрағасы                            В.Руди

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р.Гафуров

Павлодар облыстық мәслихатының 
2004 жылғы 10 ақпандағы   
"Павлодар облысы Мәслихатының  
Құрмет грамотасы туралы" N 14/3 шешiмiне
қосымша              

Павлодар облысы мәслихатының Құрмет грамотасының
нысаны мен оны беру тәртiбi

      1. Павлодар облысының мәслихаты Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының Павлодар облысының әлеуметтiк, экономикалық, мәдени дамуына, достастық пен қоғамдық келiсiмнiң нығаюына үлес қосқан еңбектерiн қоғамдық бағалау үшін Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы ұсынылады.
      2. Толық аталуы:
      қазақ тiлiнде: Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы.
      орыс тiлiнде: Почетная грамота маслихата Павлодарской области.
      Құрмет грамотасы өң бетiнде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде "құрмет грамотасы" мен орыс тiлiнде "Почетная грамота" деген жазуы бар қосымша бетi бар көгiлдiр түстi папкадан құрылған.
      Қосымша бет жайылған түрде қалың жылтыр қағаздан баспаханалық тәсiлмен жасалған. қосымша беттiң өң жағында жоғарыда Қазақстан Республикасының туы бейнеленген және сол жақта мемлекеттiк тiлде "Құрмет грамотасы" мен төменде орыс тiлiнде "Почетная грамота" деп жазылған.
      Қосымша беттiң сол жағында марапатталатын адамның мемлекеттiк тiлде тегiн, атын, әкесiнiң атын және еңбектерiн көрсету үшiн орын бөлiнген.
      Қосымша беттiң оң жағында марапатталатын адамның орыс тiлiнде тегiн, атын, әкесiнiң атын және еңбектерiн көрсету үшiн орын бөлiнген.
      3. Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешiм мәслихаттың сессиясы шешімiмен немесе мәслихат хатшысының өкiмiмен қабылданады.
      4. Құрмет грамотасымен мыналар марапатталады:
      1) Азаматтар және заңды тұлғалар Павлодар облысының экономикасын, әлеуметтiк саласын, ғылымын, мәдениетiн, бiлiмiн дамытуға, достастық пен қоғамдық келiсiм нығайтуға қосқан үлестерi мен ерекше еңбектерi, белсендi мемлекеттiк және қоғамдық қызметтерi үшiн;
      2) шетел мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғалары бейбiтшiлiктi нығайту жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық қызметi, Павлодар облысы мен шетел елдерi арасындағы достастық пен ынтымақтастықты дамытуға қолғабыс тигiзулерi үшiн.
      5. Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы салтанатты түрде Павлодар облысы мәслихатының хатшысымен немесе сессия төрағасымен тапсырылады.
      6. Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапаттауға кандидатуралар бойынша ұсынымдар еңбек ұжымдармен немесе тұрақты депутаттық комиссиялармен ұсынылады.
      7. Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапаттау үшiн мынадай құжаттар ұсынылуға тиiс:
      1) еңбек ұжымының өтiнiшi;
      2) мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулысы;
      3) марапаттау қағазы (заңды тұлға үшiн - ұсыным).
      8. Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасын беру туралы хаттама жасалады, сондай-ақ марапаттау қағазында оны тапсыру күнi мен реттiк саны туралы белгi жасалады.
      9. Марапаттау қағазы, хаттама Павлодар облысының мәслихатында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады