Кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру кеңесi туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 91/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде N 2395 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Облыстық Мәслихаттың (II сайланған XXVI сессиясы) 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 119/26 шешiмiмен бекiтiлген облыста кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi-Кеңес) құрылсын.
      2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
      3. Кеңестiң дербес құрамы заңнамамен белгiленген тәртiпте облыстық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

      Облыс әкімі                                  Қ. Нұрпейiсов

Облыс әкiмдiгiнiң           
2004 жылғы 26 наурыз         
"Кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық үйлестiру кеңесi туралы"
N 91/4 қаулысымен           
бекiтiлген               

Кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық үйлестiру кеңесiнiң
Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Облыстық Мәслихаттың (II сайланған XXVI сессиясы) 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 119/26 шешiмiмен бекiтiлген облыста кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында ведомствоаралық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi-Кеңес) құрылды. Кеңес облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Кеңестiң дербес құрамын облыстық Мәслихат бекiтедi.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      4. Мыналар бойынша:
      1) облыстық Мәслихаттың (II сайланған XXVI сессиясы) 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 119/26 шешiмiмен бекiтiлген облыста кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының iске асырылуын бақылау;
      2) облыстағы кедейлiктiң арнайы мәнiсiн зерделеу;
      3) әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту саласында және еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс құрылымын ескерiп,  жұмыссыздық деңгейiн төмендетудiң өзектi мәселелерi;
      4) үкiметтiк емес ұйымдарды тарта отырып, кедейлiктiң өзектi мәселелерiн шешу құрамында халықаралық көмектi тиiмдi пайдалану;
      5) аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдау жөнiндегi қолда бар бағдарламалардың тиiмдiлiгi жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары болып табылады.

3. Кеңестiң құқықтары

      5. Кеңес өз құзыретi шегiнде, заңнамамен белгiленген тәртiпте:
      1) облыстың мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан тиiстi ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) Кеңес мүшелерiнiң мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де  ұйымдардың жауапты өкiлдерiн заңнамамен белгiленген тәртiпте Кеңестiң қарамағына жататын мәселелер бойынша тыңдауға;
      3) облыс әкiмiне Кеңес құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) Кеңестiң қарамағына жататын мәселелердi шешуге Кеңес құрамына енбеген (келiсiм бойынша) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тартуға құқығы бар.

4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      6. Кеңестi төраға басқарады, ол болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
      7. Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдеудi Кеңестiң хатшысы жүзеге асырады.
      8. Облыс экономика департаментi өзiнiң құзыретiне және функцияларына сәйкес Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      9. Кеңестiң мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
      10. Мәжiлiстiң күн тәртiбi, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн  орны мен уақытын Кеңес мүшелерiнiң келiсiмi бойынша төраға анықтайды және нақтылайды.
      11. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қабылданады, егер мәжiлiсте Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыс тең болған жағдайда, Төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      12. Кеңестiң шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуы тиiс.

5. Кеңестiң қызметiн тоқтату

      13. Кеңестiң қызметi заңнамамен белгiленген тәртiпте тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады