Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің шекараларын өзгертудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 60/7 (III сайланған, VII сессия) шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 15 қазанда N 2743 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11  бабына  сәйкес және Ақтоғай аудандық мәслихаты мен әкімдігінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 3/4 бірлескен шешімі негізінде, облыстық мәслихат және облыс әкімдігі  ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты Тайқоңыр селосы таратылсын және кейiн есептiк деректерден шығарылсын.
      Тайқоңыр селосы Харьков ауылдық округiнiң Харьков ауылының құрамына енгiзiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн сақтау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

       Сессия төрағасы Н. Шабрат

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады