Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
6 бабы
1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат
ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Облыстың әлеуметтiк инфрақұрылымын және сумен жабдықтау объектiлерi құрылысын қаржыландырудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
3. Облыс экономика департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Н. Шабрат
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облыстық Мәслихатының
III сайланған VII сессиясы
2004 жылғы 24 қыркүйектегi
"Облыстың әлеуметтiк инфрақұрылым
және сумен жабдықтау объектiлерi
құрылысын қаржыландырудың
2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы"
N 55/7 шешiмiне қосымша
Облыстың әлеуметтiк инфрақұрылым және сумен
жабдықтау объектiлерi құрылысын қаржыландырудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Атауы |
Облыстың әлеуметтiк инфрақұрылым және сумен
|
Әзiрлеу үшiн негiздеме |
Қазақстан Республикасының ауылдық
|
Негiзгi әзiрлеушi |
Облыс экономика департаментi |
Мақсаты |
Ауылдық жерлердiң халқын денсаулық сақтау,
|
Мiндеттерi |
Бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен қамту
|
Қаржыландыру көздерi мен көлемi |
Республикалық бюджеттiң қаражатынан -
|
Күтiлетiн нәтижелер |
Облыс ауылдық жерлердiң халқын бiлiм беру,
|
Iске асыру мерзiмi |
2004-2006 жылдар |
2002 жылдан бастап ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар және даму бағдарламалары деген ұғым енгiзiлдi. Бұл мемлекеттiң заңнамамен белгiленген мемлекеттiк мекемелер желiсiн ұстау жөнiндегi мiндеттерiн орындау құнын бағалаудың қажеттiлiгiнен туындап отыр.
Соңғы уақытта мемлекеттiң инвестициялық жобаларға салынатын қаражаттарының оң үрдiсi байқалуда. Бұған мемлекеттiң өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына салған инвестициялық салымы көлемiн шынайы бағалауға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық бюджеттi қалыптастырудың оң тәжiрибесi себеп болды.
Бiлiм беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету инвестицияларды салу үшiн басымдықты салалар болып қалады.
Инвестициялық жобаларды қарау индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау үрдiстерi шеңберiнде жүзеге асырылады және оның iшiнде инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу, инвестициялық жобаларды дайындау, бағалау және iрiктеу, олардың басымдықтылауларының тiзiлiмiн қалыптастыру және бюджеттiк комиссияларға ұсыну, олардың тiзiлiмi мен қаржыландыру көлемiн тиiстi бюджеттiк комиссиялардың қарауы бар.
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысы жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi 2004 жылғы 12 ақпанда өткiзген кеңестiң N 11-7/007-63 хаттамасы және облыс әкiмiнiң тапсырмасы.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Мектептердiң тозуы мен техникалық жағдайдың қазiргi заманның талаптарына сай келмеуi облыс бiлiм беру жүйесiнiң проблемаларының бiрi болып табылады.
Облыста 465 жалпы бiлiм беретiн мектептiң 165-i бейiмделмеген бөлмелерде орналасқан (35 %), соның iшiнде 10 % - орта, 78 % - негiзгi және 89 % бастауыш мектептер.
Мектептердiң көбi 1938 - 1983 жылдары салынған (363 мектеп немесе - 78 %). Ғимараттардың тозу деңгейi орта есеппен 30-50 % құрайды. Облыстың жиырма екi мектебi ағаш, қамыс және қалқаннан жиналған ғимараттарда орналасқан, бұл өрт қауiпсiздiгi ережелерiне қайшы келедi.
2001 жылға дейiн облыста 10 жыл бойы мектеп салынған жоқ. 2001 жылы Баянауыл ауданы Теңдiк ауылында орта мектеп салынды.
2003 жылы Железин және Павлодар аудандарында республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жалпы сомасы 321,2 млн. теңгеге мектептер салынды, ал облыстық бюджет қаражаты есебiнен (өртке байланысты көзделмеген жағдайда) Лебяжi ауданы Шоқтал ауылында жаңа мектеп iске қосылды.
Бүгiнгi күнi облыста мектеп құрылысының қажеттiлiгi 16 объектi құрайды, соның iшiнде:
бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативтерiне сәйкес туберкулезбен ауырған балаларға арналған мектеп-интернат;
авариялық жағдайдағы мектептердiң орнына салу қажеттiлiгiне байланысты 7-объектi;
орын саны жеткiлiксiздiгiне байланысты - 9 объектi (қосымша оқу корпустары мен жапсаржай құрылыс салу).
Облыстың денсаулық сақтау саласында авариялық жағдайдағы ғимараттар жоқ, бiрақ 78 ауылдық дәрiгерлiк емхананың (бұдан әрi - АДЕ) 67-i, 222 фельдшерлiк-акушерлiк пункттің (бұдан әрi - ФАП) және 225 фельдшерлiк пункттiң (бұдан әрi-ФП), 5 ауылдық учаскелiк аурухананың (бұдан әрi-АУА) 4-i үлгiдегi емес бөлмелерде орналасқан. Павлодар аудандық поликлиникасы жалға алған бөлмеде орналасқан, стационарлық бөлiмшесi жоқ. Май аудандық ауруханасы 1968 жылы салынған үлгiлiк емес ғимаратта және аудан орталығынан 5 км жерде орналасқан. Майқайың кентiнiң ауылдық учаскелiк ауруханасы бiрiнен бiрi 3 км қашықтықта тұрған екi ғимаратта орналасқан және олар құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНЕ) сай келмейдi. Баянауыл ауданы Октябрь ауылында (323 тұрғын), фельдшерлiк пункт жоқ, Кенжекөл ауылында (3606 тұрғын), құрылыс нормалары мен ережелерiне сай келмейтiн жеке меншiк ауылдық дәрiгерлiк емхана қызмет көрсетедi.
Туберкулез ауруханалары 1960 жылы салынған ғимараттарда орналасқан. Сонымен қатар Павлодар облысы бойынша 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттылық орташа республикалық көрсеткiштен 22 % (196,3) артық.
Босануға көмектесу қызметi орнының жұмыс бастылығы байқалуда: облыс бойынша -305,7 күн, облыстық медицина ұйымдарында - 418 күн.
Ауылдық жерлерде медицина ұйымдарын салу 1990 жылдан берi жүргiзiлген жоқ.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы асқынып тұр. қазiргi уақытта облыстың 67 ауылдық елдi мекенiнде ғана су құбырлары жұмыс iстейдi, 174-де орталықсыздандырылған ауыз су көздерi, 62 елдi мекен суды тасып iшедi. Басқаларда мемлекеттiк стандартқа сай келмейтiн су пайдаланылады. Сапасыз судың негiзгi үлесi облыстың сегiз өңiрiне келедi (Екiбастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтары, Ақтоғай, Баянауыл, Ертiс, Качиры, Май және Павлодар аудандары).
Жер асты суларының болжамды ресурстары көлемiнен барланған және бекiтiлген пайдалану қорлары: республика бойынша - 47 % жуық, Павлодар облысы бойынша - 30,9 %. Қазақстанның аумағында барланған және бекiтiлген жер асты суларының барлық көлемiнен Павлодар облысының үлесiне 8,8 % келедi.
Облыстағы 1210 көлдiң 8 %-ның ғана суы тұщы. Бұл уақытша су ағындары, көлдер сияқты сумен жабдықтау көздерi бола алмайды.
22 % жуық жергiлiктi ауылдық су құбырларының қажеттi техникалық қызмет көрсетiлмеуiнен және инженерлiк қондырғылардың уақытында жөнделмеуiне байланысты жұмысын тоқтатты. Жұмыс iстеп тұрған ауылдық су құбырларында су тарату колонкаларының 85 % жұмыс iстемейдi, су қыспақты мұнаралар iстен шығарылған. Кент iшiндегi таратушы желiлердiң 60 % астамы толық ауыстыруды қажет етедi. Жұмыс iстеп тұрған сумен жабдықтау объектiлерiнiң қысқару үдерiсi байқалуда.
Осыған байланысты 2002 жылдан бастап барлық деңгейдегi бюджеттерден сумен қамтамасыз ету объектiлерiн қаржыландыру жүргiзiлуде. 2002 жылы облыс бюджетiнен жобалау-сметалық құжаттарды әзiрлеуге 26,6 млн. теңге бөлiндi. 2003 жылы осы объектiлердi қайта жаңалау мен салуға республикалық бюджеттен 220,6 млн. теңге түстi, соның iшiнде Ақсу, Екiбастұз қалаларының, Баянауыл ауданы елдi мекендерiн сумен жабдықтау жүйесiнiң үшiншi кезегiнiң құрылысын салуға - 171,5 млн. теңге және Ертiс ауылының су құбырлары жүйесiн қайта жаңалауға-49,1 млн. теңге. Бұдан басқа облыстық бюджет қаражаты есебiнен осы мақсатқа 104,1 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде жұмыс жобаларын әзiрлеуге -31,7 млн. теңге.
Сонымен, 2003 жылы бюджеттен бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң құрылысына 2002 жылы 6 есеге жуық артық қаражат бөлiнген. Сонымен қатар осы объектiлердiң құрылысы баяу қарқынмен жүргiзiлуде екенiн атап өту керек.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - ауылдық жерлердiң халқын денсаулық сақтау, бiлiм беру және сумен жабдықтау қызметтерiмен қамтамасыз ету деңгейiн өңiраралық теңестiру.
Бағдарламаның мiндеттерi:
бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау объектiлерi құрылысының қажеттiлiгiн анықтау;
инвестициялық объектiлердiң бiрiншi кезектiлiктiлiгiн анықтау;
қаржыландыру көлемi мен көздерiн анықтау.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Мыналар:
мектептердiң авариялық жағдайлары мен оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу;
бiлiм беру жүйесiнiң ұлттық моделiн тиiмдi дамыту үшiн жағдай жасау Бағдарламаны iске асырудағы бiлiм беру саласындағы негiзгi бағыттары болып табылады.
2004-2005 жылдары бiлiм беру саласында Шарбақты ауданының Шалдай ауылында 220 орындық туберкулез сипаттағы сырқаттары бар балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылысы жоспарлануда.
Мектептердiң авариялық жағдай проблемасын шешу мақсатында 2004 жылы республикалық бюджеттен Павлодар ауданы Набережное ауылында және Ертiс ауданы Ертiс ауылында ғимараттар салуға 543,74 млн. теңге сомасында трансферттер бөлу жоспарлануда.
2005-2006 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен жалпы құны 1032,0 млн. теңгеге 5 мектеп бұзуға және ауыстыруға жатады, соның iшiнде Екiбастұз қаласының Шiдертi кентiнде, Лебяжi ауданы Жабағылы ауылында, Лебяжi ауданы Ямышев ауылында.
Мектеп жасындағы балалардың туберкулезбен сырқаттануы жоғары болуына байланысты 2004 жылы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында 220 орындық мектеп-интернаттың құрылысы басталды. 2004-2005 жылдары осы мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат бөлiндi.
Бiлiм беру жүйесiнде ұлттық модельдi тиiмдi дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Павлодар, Шарбақты, Ертiс, Успен аудандарында және Ақсу қаласының ауылдық аймағында мектептерге жапсаржай құрылысын салу жоспарлануда.
Сондай-ақ 2006 жылы Ертiс ауданы Ертiс ауылында және Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында балабақша құрылысы жоспарлануда.
Мыналар:
медициналық мекемелер ғимараттарының апаттылығы проблемасын шешу;
халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ететiн денсаулық сақтаудың тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру денсаулық сақтауда негiзгi бағыттар болып табылады болып табылады.
2004-2006 жылдары 6 аурухана, 2 ауылдық дәрiгерлiк емхана және 2 фельдшерлiк пункттiң құрылысы жоспарлануда.
Сумен жабдықтау саласында негiзгi бағыттар:
облыстың ауылдық жерлерiнiң халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
жұмыс iстеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерiн қалыпты техникалық жағдайда ұстап тұру;
сумен жабдықтау объектiлерiн салу және қайта жаңалау;
сумен қамтамасыз ету пункттерiн орнату болып табылады.
2004-2006 жылдар мерзiмiнде сумен жабдықтау объектiлерi бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерден барлығы 3689,7 млн. теңге бөлу жоспарлануда, соның iшiнде республикалық бюджет есебiнен - 3327,5 млн. теңге, жергiлiктi бюджет есебiнен - 362,2 млн. теңге.
2004 жылы облыстың елдi мекендерiн сумен жабдықтау жүйелерi мен сумен жабдықтау пункттерiнiң құрылысын салуға және жаңалауға республикалық бюджеттен 620,5 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Облыстық бюджет есебiнен - 119,2 млн. теңге қарастырылған.
2005 жылы облыс елдi мекендерiнiң сумен жабдықтау жүйелерi құрылысын салуға және жаңалауға облыс аудандарына республикалық бюджет қаражатынан 1830,7 млн. теңге, 35,1 млн. теңге "Су тазарту ғимараттар құрылысының" жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, елдi мекендердi сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелген жүйесiн қайта жаңалау және салуға 89,9 млн. теңге.
2006 жылы облыс елдi мекендерiнiң сумен жабдықтау жүйелерiнiң құрылысын салуға және жаңалауға республикалық бюджет есебiнен 876,3 млн. теңге бөлу жоспарлануда, елдi мекендердi сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелген жүйесiн қайта жаңалау және салуға 81,2 млн. теңге бөлiнедi.
6. Бағдарламаны қаржыландыруға қажеттi ресурстар мен көздер
Бағдарламаны қаржыландыру көздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары болып табылады.
Қаржыландырудың жалпы көлемi 8336,64 млн. теңге сомасында, соның iшiнде республикалық бюджеттен - 7094,04 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен - 1242,6 млн. теңге болжануда. Барлық деңгейдегi бюджеттен денсаулық сақтау 2131,3 млн. теңге, бiлiм беру - 2515,64 млн. теңге, сумен жабдықтау объектiлерi құрылыстарына - 3689,7 млн. теңге бөлу жоспарлануда.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның орындалуы облыстың бiлiм беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау объектiлерi құрылысына бiркелкi бюджеттiк қаражаттың бөлiнуiн қамтамасыз етедi.
Бiлiм беру жобаларын iске асыру ауылдағы бiлiм беру жүйесiн дамытуға, тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты толығырақ iске асыруға, кадрларды ауылға бекiтуге және қосымша жұмысшы кадрларын құруға көмектесетiн болады.
Денсаулық сақтау объектiлерiнiң құрылысын салу аудандардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесетiн болады, ауруларды емдеу жағдайы мен сапасын жақсартады.
Сумен жабдықтау объектiлерiнiң жобаларын iске асыру облыстың ауылдық жерлерiнiң халқын сапалы ауыз сумен, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерiн тиiстi техникалық жағдайда ұстауды қамтамасыз етедi.
8. Облыстың әлеуметтiк инфрақұрылым және сумен жабдықтау объектiлерi құрылысын қаржыландырудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Р/с
|
Iс-шаралар |
Аяқталу
|
Жауапты
|
Орын
|
Болжам
|
Қаржы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Денсаулық сақтау |
||||||
1 |
Баянауыл ауылындағы 35 төсектiк Баянауыл туберкулез ауруханасының құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс денсаулық сақтау департаментi |
2004 жыл 2005 жыл |
280,0 67, 27 |
Респуб
|
2 |
Ертiс ауданы Ертiс ауылындағы 35 төсектiк туберкулез ауруханасының құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс денсаулық сақтау департаментi |
2005 жыл 2006 жыл |
114,52 197,87 |
Респуб
|
3 |
Качиры ауданының Качиры ауылындағы 35 төсектiк туберкулез ауруханасының құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыстың денсаулық сақтау департаментi |
2005 жыл 2006 жыл |
170,06 170,06 |
Респуб
|
4 |
Май ауданының Көктөбе ауылындағы 100 төсектiк және ауысымына 200 келiп-кетушi болатын орталық аудандық аурухананың құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыстың денсаулық сақтау департаментi |
2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл |
274,39 321,63 237,5 |
Респуб
|
5 |
Баянауыл ауданының Майқайың кентiндегi 80 орындық және ауысымына 150 келiп-кетушi болатын ауылдық учаскелiк аурухананың құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Баянауыл ауданының әкiмi |
2004 жыл |
43,4 |
Баян-
|
6 |
Баянауыл ауданы Октябрь ауылындағы фельдшерлiк пункттiң құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Баянауыл ауданының әкiмi |
2005 жыл |
16,3 |
Баян-
|
7 |
Павлодар қаласының ауылдық аумағындағы Кенжекөл ауылдық дәрiгерлiк емхананың құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Павлодар қаласының әкiмi |
2005 жыл |
42,5 |
Павло
|
8 |
Ертiс ауданының Абай кентiндегi 80 төсектiк және ауысымына 150 келiп -кетушi болатын ауылдық учаскелiк аурухананың құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Ертiс ауданының әкiмi |
2006 жыл |
137,0 |
Ертiс ауданы
|
9 |
Лебяжi ауданы Шақа ауылындағы фельдшерлiк пункт ғимаратының құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Лебяжi ауданының әкiмi |
2006 жыл |
16,3 |
Лебяжi
|
10 |
Павлодар ауданы Красноармейка ауылындағы ауылдық дәрiгерлiк емхананың құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Павлодар ауданының әкiмi |
2006 жыл |
42,5 |
Павло
|
2. Бiлiм беру |
||||||
11 |
Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы туберкулез сипатындағы аурулары бар балалар үшiн 200 орындық мектеп - интернаттың құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс бiлiм департаментi |
2004 жыл 2005 жыл |
300,0
539,5 |
Респуб
|
12 |
Павлодар ауданының Набережное ауылындағы 420 орындық мектептiң құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс бiлiм департаментi |
2004 жыл |
312,44 |
Респуб
|
13 |
Ертiс ауданы Ертiс ауылындағы 198 орындық қазақ тiлiнде оқытатын мектептiң құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс бiлiм департаментi |
2004 жыл |
231,3 |
Респуб
|
14 |
Екiбастұз қаласының Шiдертi ауылдық аумағындағы 600 орындық мектептiң құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс бiлiм департаментi |
2006 жыл |
550,0 |
Респуб
|
15 |
Лебяжi ауданының Ямышев ауылындағы 220 орындық мектептiң құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс бiлiм департаментi |
2004 жыл |
208,0 |
Облыс
|
16 |
Павлодар ауданы Мичурин ауылындағы мектепке жапсаржай (спортзал) құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Павлодар ауданының әкiмi |
2004 жыл |
25,0 |
Павло
|
17 |
Лебяжi ауданының Жабағлы ауылындағы 80 орындық мектептiң құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс бiлiм департаментi |
2005 жыл |
50,0 |
Облыс
|
18 |
Шарбақты ауданының Шарбақты ауылындағы Абай атындағы орта мектепке жапсаржай (спортзал) құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Шарбақты ауданының әкiмi |
2006 жыл |
25,0 |
Шарбақты
|
19 |
Ертiс ауданының Ертiс ауылындағы 100 орындық балабақшаның құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Ертiс ауданының әкiмi |
2006 жыл |
100,0 |
Ертiс
|
20 |
Баянауыл ауданы Баянауыл ауылындағы 50 орындық балабақшаның құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Баянауыл ауданының әкiмi |
2006 жыл |
64,4 |
Баян-
|
21 |
Ертiс ауданының Қызылқақ ауылындағы мектепке жапсаржай құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Ертiс ауданының әкiмi |
2006 жыл |
20,0 |
Ертiс ауданының бюдже
|
22 |
Ақсу қаласының (ауылдық аймағы) қазалы ауылындағы 100 орындық мектепке жапсаржай құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Ақсу қаласының әкiмi |
2006 жыл |
50,0 |
Ақсу
|
23 |
Успен ауылының N 3 орта мектебiне жапсаржай (спорт және акт залдарының) құрылысын салу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Успен ауданының әкiмi |
2006 жыл |
40,0 |
Успен
|
3. Сумен жабдықтау |
||||||
24 |
Облыстың елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелген жүйесiн қайта құру және салу
Ақсу қаласы
|
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2004 жыл |
620,5
42,2 116,1 116,3 100,9 98,8 40,0 70,0 36,2 |
Респуб
|
25 |
Облыстың елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелген жүйесiн қайта құру және салу:
Ақсу қаласы
|
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2005 жыл |
1830,7
38,7
129,8
64,5
|
Респуб
|
26 |
Облыстың мына елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың жергiлiктi жүйесiн қайта құру және салу:
Ақсу қаласы
|
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2006 жыл |
876,3
80,0
84,0
|
Респуб
|
27 |
Сумен жабдықтау объектiлерiнiң жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2004 жыл |
33,5 |
Облыс
|
28 |
Облыстың мына елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелген жүйесiн қайта құру және салу:
Баянауыл ауданы
|
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру.
|
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2004 жыл |
85,7
27,3
|
Облыс
|
29 |
Сумен жабдықтау объектiлерiнiң жобалау-сметалық құжатнамасын әзiрлеу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2005 жыл |
35,1 |
Облыс
|
30 |
Облыстың мына елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелген жүйесiн қайта құру және салу:
Баянауыл ауданы
|
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2005 жыл |
89,9
43,1
|
Облыс
|
31 |
Сумен жабдықтау объектiлерiнiң жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу |
Облыс экономика департаментiне тоқсан сайын есеп тапсыру. Объектiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн жобаны iске асыру барысы туралы жылдық есеп тапсыру |
Облыс су шаруашылығы департаментi |
2006 жыл |
36,8 |
Облыс
|
32 |
Облыстың мына елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың оқшаулап шектелгенi жүйесiн қайта құру және салу:

81,2
25,0
11,9
|
Облыс
|