2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" облыстық бағдарламасы туралы.

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 21 қазандағы N 66/8 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 7 қарашада N 2787 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" облыстық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама).
      2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Облыс мәдениет департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени дамуы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
      4. Осы шешiмнiң орындауын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы А.Гуськов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Гафуров

2004-2006 жылдарға арналған   
облыстық "Мәдени мұра" бағдарламасы
жөнiндегi Павлодар облыстық   
мәслихатының 2004 жылғы     
21 қазандағы N 66/8 шешiмiне   
қосымша             

2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра"
облыстық бағдарламасы

1. Паспорт

Атауы

2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра"
облыстық бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiз

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.
Назарбаевтың 2003 жылғы 4 сәуiрдегi "2004
жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың
негiзгi бағыттары" атты Қазақстан халқына
Жолдауы, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылы 13 қаңтардағы
"2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра"
мемлекеттiк  бағдарламасы туралы" N
1277 Жарлығы, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы
"2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра"
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" N
171 қаулысы, облыстық Мәслихаттың (III
сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26
желтоқсандағы "Облыстың "Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға
арналған Бағдарламасын" iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары  туралы" N
165/2 шешiмi

Негiзгi әзiрлеушiлер

Павлодар облысы мәдениет; iшкi саясат;
мұрағаттар, денсаулық сақтау; ауыл
шаруашылығы; туризм және спорт; бiлiм
департаменттерi, С. Торайғыров атындағы
Павлодар  мемлекеттiк университетi
(келiсiм бойынша), Павлодар университетi
(келiсiм бойынша), Павлодар мемлекеттiк
педагогика институты (келiсiм бойынша)

Мақсаты

Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, сақтау
және қалпына келтiру жөнiнде шаралар
әзiрлеу және оларды рухани және
санаткерлiк бiлiм салаларын байыту
мақсатында тиiмдi пайдалану қоғам дамуының
әлеуметтiк-мәдени негiзiн одан әрi
қалыптастыру үшiн мәдени мұра -
тарихи-мәдени ескерткiштердi, оның iшiнде
археологиялық, этнографиялық, фольклорлық,
сәулет ескерткiштерiн сақтау мен зерттеудi
қамтамасыз етудiң тұтас жүйесiн құру

Мiндеттерi

Маңызды тарихи-мәдени және сәулет
ескерткiштерiн қайта жаңғырту, мәдени
мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы
ұлттық мәдениеттi, фольклор, дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтас жүйесiн
құру, ұлттық әдебиет пен жазудың ғасырлық
тәжiрибесiн қорыту (жергiлiктi материал
бойынша), мемлекеттiк тiлде  гуманитарлық
бiлiм қорын құру (басылым жобалары
негiзiнде), тарихи энциклопедиялық
әдебиеттер қорын құру, қол жеткен ғылыми
бiлiмдi әйгiлеу, мемлекеттiк тiлде ұлттық
әдебиет пен жазудың, ғылыми ойлардың,
мәдениет пен  әдебиеттiң ең үздiк
үлгiлерiн дайындау және басып шығару

Қаржыландыру көлем-
дерi мен көздерi

Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
қаражаты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де қаржы көздерi
Қаржыландырудың жалпы көлемi 268,5 млн.
теңге құрайды, соның iшiнде облыс
бюджетiнен 218,0 млн. теңге, заңнамамен
тыйым салынбаған қаржы көздерiнен, -
30,7 млн.  теңге, республикалық бюджеттен
- 19,8 млн. теңге
2004 жылға болжанған шығынының жалпы
көлемi 16,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен
- 1,0 млн. теңге, оның iшiнде аудандық
бюджеттен 1,0 млн. теңге, Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған қаржы көздерiнен - 3,6 млн.
теңге, республикалық бюджеттен - 11,8
млн. теңге
2005 жылға болжанған шығынының жалпы
көлемi - 196,7 млн. теңге, облыс
бюджетiнен - 167,5 млн. теңге, соның
iшiнде облыстық бюджеттен - 91,5 млн.
теңге, қалалық бюджеттен - 67,6 млн.
теңге, аудандық бюджеттен - 8,4 млн.
теңге, Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы
көздерiнен - 26,3 млн. теңге,
республикалық бюджеттен 3,0 млн. теңге
2006 жылға болжанған шығынының жалпы
көлемi - 55,3 млн. теңге, облыс бюджетiнен
- 49,5 млн. теңге, соның iшiнде облыстық
бюджеттен - 35,6 млн. теңге қалалық
бюджеттен - 12,7 млн. теңге, аудандық
бюджеттен - 1,2 млн. теңге, Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған қаржы көздерiнен - 0,8 млн.
теңге, республикалық бюджеттен - 5,0 млн.
теңге

Күтiлетiн нәтижелер

10 сәулет ескерткiштерi-ғимараттарындағы
жөндеу-қайта қалпына келтiру жұмыстарын
ұйымдастыру, археологиялық қазбалар мен
iзденістi - зерттеу жұмыстары кезiнде
табылған барлық заттар мұражайын жасау,
археологиялық мұрағат және этномәдени
зерттеулерiн  жинақтау, ғылыми еңбектер
мен оқу құралдарын, монографиялар жасау,
оларды дайындау және басып  шығару (жеке
жоспар бойынша), этномәдениет, қолданбалы
ғылыми зерттеулердi, экспедицияларды
ұйымдастыру, құнды тарихи-мәдени
ақпараттар ала отырып, Қазақстан мен
Ресей мұрағаттарында  iздеу жұмыстарын
ұйымдастыру (облыс аудандары мен одан
тысқары жерлерге барлығы 33 рет шығу),
тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту
тақырыбы бойынша әлеуметтiк жарнамалар
мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы
ақпараттық қолдауды ұйымдастыру

Iске асыру мерзiмi

2004-2006 жылдар

2. Кiрiспе

      2004-2006 жылдарға арналған облыстық "Мәдени мұра" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 сәуiрдегi "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылғы негiзгi бағыттары" Қазақстан халқына Жолдауына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң  2004 жылғы 13 қаңтардағы "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 1277 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" N 171 қаулысына , сонымен қатар, облыстық Мәслихатының   (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Облыстың "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын" iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары  туралы"  шешiмiне сәйкес әзiрлендi. Осы Бағдарламаны әзiрлеу қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау және ұтымды пайдалану  жөнiндегi қызметтi жоспарлы қаржыландыру жолымен  мәдени мұра саласында қалыптасқан ұйымдастырушылық жағдайға белсене, сындарлы араласудың қажеттiгiнен туындады. Бұл аудандық және қалалық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Ертiстiң Павлодар өңiрiнiң қазiргi кездегi тарихи-мәдени мұрасының жай-күйi дәстүрлердi сақтау және одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн қолдан келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттiң жаңа ескерткiштерiн ашумен, концервациялау жұмыстарын жандандыру, қадым заман, антикалық, орта ғасырлық ескерткiштердi, жаңа және жаңаша тарихты жаңғырту, олардың базасы негiзiнде мемориалдық-қорықтық және туристiк кешендi жөнiндегi қомақты шаралар кешенiн қамтамасыз етумен сипатталады.
      Соңғы алты жыл iшiнде, 1998 жылдан 2003 жылға дейiн инфрақұрылымды жақсару бағытында елеулi шаралар қолданылды. Мәдениет саласын қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламалары жасалып енгiзiлдi; мәдениет мекемелерi мен бұқаралық iс-шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң ұтымды жүйесi тұрақтандырылып, дамуда; Қазақстан халықтарының Кiшi ассамблеясымен тығыз қарым-қатынас қалыптасты.
      Меншiктiң барлық түрiндегi 641 кiтапхана мен 145 клубтың бос уақыт мекемесi, иеліктiң барлық түрiндегi 190 мұражай, 14 мұрағат толық қанағаттанарлық жұмыс атқаруда.
      Мәдениет мекемелерiнiң  жүйесi кеңейтiлдi - 31 кiтапхана мен 24 клуб, 2 жаңа мұражай ашылды; облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметi облыстық орталығы "Шаңырақ" облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметi орталығы болып қайта құрылды, камералық хор мен симфониялық оркестр кәсiби негiзде құрылып жұмыс жасауда. 2004 жылдың басында мемлекеттiк  мәдени мекемелер жүйесiнде 192 кiтапхана, 130 клуб пен Мәдениет үйi, 11 мұражай, 2 театр, 1 камералық хор, 1 симфониялық оркестр болды.
      Мұрағаттар, кiтапханалар мен мұражайларда бағалы отандық және әлемдiк рухани мәдени құндылықтар болып саналатын сирек кездесетiн құжаттар, басылымдар, экспонаттар, суретшiлер шығармалары сақталуда.
      Қазiргi кезде облыста  тарихи, археологиялық, сәулет және монументальды өнердiң 805 жылжымайтын ескерткiштерi бар, соның iшiнде: 316-ы мемлекет қорғайтын объектiлер тiзiмiне енгiзiлген. Олардың iшiнде алғашқы қауым тұрған  жерлер, Өлеңтi және Ақбидай мекенiндегi тасқа салынған суреттi жалпақ тас, Жасыбай көлiнiң қасындағы Драверт үңгiрi және әулиетастың дiни үңгiрi ең ежелгiлерi болып саналады. Бiрегей объектiлер (Павлодардағы көпес А. Деровтың сауда үйi, Баянауылдағы ақын Ж.М. Байжанов пен Ақтоғай ауданындағы ақын Е. Беркiмбаевтың зираттары) республикалық деңгейдегi ескерткiштер тiзiмiне енгiзiлдi.
      Тарихи-мәдени объектiлердi ашуға, зерттеуге, сақтауға және пайдалануға көп көңiл бөлiнедi. Бұл жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзуде бағалы тәжiрибе түзiлуде, зерттелуде және жинақталуда, ол Қазақстан Республикасы  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуда.
      Сонымен бiрге мәдениет саласында қалыптасқан үздiксiз прогрессивтi даму жағдайы мен үрдiсi дамыған елдердегi дамудың айырмашылығын бiлдiретiн қазiргi заманғы жетiстiктердi жеделдету үшiн осы бағыттағы қызметтi одан әрi жетiлдiру және жандандыру жөнiндегi шаралар кешенiн қолдануды талап етедi.
      Облыс өмiрiнде түпкiлiктi өзгерiстер болуда. Осыған байланысты көптеген мәдениеттану қызметiнiң түрлерi мен әдiстерi, сондай-ақ тарихи-мәдени объектiлердiң бiр бөлiгi өзiнiң  қажеттiлiгiн жоғалтып алды, басқа мәдени мұралардың түрлерi неғұрлым қазiргi жағдайға сәйкес енгiзуге, ұстауға, жаңғыртуды ұйымдастыруға, мәдени мұралардың барлық түрлерiн пайдалану мен зерделеуге деген қаражат пен шығындарды қажет етедi.
      Павлодар облысы аймағының тарихында мемлекеттiк нысандардың қалыптасуын көрсететiн ежелгi және ортағасырлық ескерткiштерге де көңiл бөлiнуi керек. Тiптi және қазiргi уақыттағы объектiлер урбанизацияның, индустриализацияның, техногендiк процестердiң нәтижесi және экологиялық жағдайдың төмендеуiнiң салдарынан болатын қирау мен жойылудан берiк  қорғалмаған.
      Тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану, зерттеу түрлерiнiң толық дамымағаны объектiлердiң жағдайына әсер етуде. Халықтық тәжiрибе мен шығармашылығынан пайда болған материалдық емес, рухани-санаткерлiк құндылықтар сапалы игерудi (салт-дәстүр, фольклор және мифология, көркем және шаруашылық кәсiп, халық кәсiбiнiң түрлерi мен мұраты және бейнесi, медицина, спорт және педагогика) талап етедi.
      Негiзгi мiндеттер мұражайлар мен мұрағаттарға жүктеледi, бұл қорларда көп уақыт сақталуды қажет ететiн өткеннiң куәгерлерi  ретiндегi құжаттар көп. Бұл мақсаттар үшiн кино-, фото-, фонографиялық және  электромагниттiк тасуда сақталған регенерация және ең бағалы деректердiң ақпараттарын көшiруге қаражат керек.  Оған кескiндеме кенептерi, графикалық және мүсiн жұмыстары көшiрмелерiн сақтау мәселесi де қосылады.
      Қазiргi заман және Қазақстан тарихының ажыратылмайтын бөлiгi болып табылатын аймақтың тарихи-мәдени құндылықтарын сақтап, қайта түлету және зерттеу мәселелерiн кешендi шешу Бағдарлама аясында Қазақстан халқының мәдени мұрасының барлық жүйесiн насихаттауға және қорғауға, одан әрi зерттеуге, қорғау мен жария етуге көмектесетiн болады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Мыналар:
      тарихи-мәдени мұраны зерделеу, сақтау және жаңғырту мен оны рухани және санаткерлiк-бiлiм беру саласын байыту мақсатында  тиiмдi пайдалану жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу; мәдени мұра - тарихи-мәдени, соның iшiнде қоғамды дамытудың әлеуметтiк-мәдени негiзiн одан әрi қалыптастыру үшiн археологиялық, этнографиялық, фольклорлық, сәулет ескерткiштерiн сақтау мен зерделеудi қамтамасыз етудiң тұтас жүйесiн құру Бағдарламаның мақсаты болып табылады.
      Мыналар:
      елiмiздiң және облысымыздың қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
      мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi таңдағы ұлттық мәдениеттi, фольклор, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн жасау;
      ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн (жергiлiктi материалдар негiзiнде) қорыту;
      гуманитарлық бiлiм берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын (баспа жобасының негiзiнде) жасау;
      тарихи энциклопедиялық әдебиет қорын жасау, ғылыми бiлiмдердi кеңiнен жария ету;
      мемлекеттiк тiлде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгiлерiн, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениеттiң жетiстiктерiн дайындау және шығару Бағдарламаның мiндеттерi болып табылады.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi

      Бағдарламаны iске асыру жұмысы бiрнеше бағытта ұйғарылып, нақты тәжiрибелi шараларды жасауды және бұнда кең шеңбердегi ынталылық бiлдiрген заңды және жеке тұлғалардың қатысуын, оларды Бағдарлама шараларына салынған құжаттарды игеруге қатыстыруды қарастырады.
      Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi төменде баяндалған бөлiмдерде көрсетiлген.
      Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулеттiк және археологиялық ескерткiштерiн  қайта жаңғырту.
      Бұл бағыттар ескерткiштер, ежелгi - ескi заман бұйымдарын қорғау мен пайдалану жөнiндегi жүйелi зерделеу жұмысын көздейдi. Бұл салада жұмыс жасайтын мекемелер мен тұлғалар тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау туралы заңнамалық актiлерге сүйенедi.
      Облыс аумағында тарихи-мәдени құндылығы орасан зор 805 жылжымайтын объектiлер бар. Бағдарламаларда 10 сәулет ескерткiштерi ғимараты мен 1 тарихи ескерткiштi (Д. Багаевтың моласын) жөндеу және қалпына келтiру, 10 археология объектiсiн зерттеу, облыс қалалары мен аудандарындағы бiрқатар тарихи және мәдени ескерткiштердi жөндеу және көрiктендiру қарастырылған. 2 жаңа мүсiндiк ескерткiш пен 1 ескерткiш стела орнату жоспарлануда. Ерекше  құнды және көне заттарды қайталау; жеке адамдардың қолындағы  сирек басылымдарды, антикварлық заттарды, жалпы және арнаулы коллекцияларды iздеп табу ойластырылуда.
      Бөлiмде барлау жұмыстары, қазу және табылған заттарды  зерделеу жұмысы жалғастырылып жатқан, басталған және жоспарланған археология объектiлерi көрсетiлген. Бұрын тарихнамада болған ұстанымдар мен көзқарастарды қайта қарауға мүмкiндiк беретiн неғұрлым тартымды ғылыми материалдар алуға болатын жерлер iрiктелiп алынды.
      Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру.
      Бұл бөлiмде экспедициялар, мұрағаттық-кiтапханалық және  мұрағаттық-музейлiк зерттеулер өткiзу, баспалық нысандарды басуға дайындау, бiрiккен ғылыми-практикалық жобаларды жүзеге асыру, салалық музейлер құру жоспарланып отыр.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында басылымдар, бейнефильмдер, жарияланымдар әзiрлеу және шығару, көрнекi жарнама.
      Бастапқы екi бағыт бойынша барлық көпқырлы жұмыс буклеттер,  кiтапшалар мен кiтаптар, бейнекинофильмдер шығару және сатып алу,  бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастық жасау, көрнекi жарнама құралдарын қолдану жолымен қолайлы және ақпараттық орта жасау арқылы  қатар жүрiп отырады.
      Ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет дестелерiн әзiрлеу.
      Бұл бағытта тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану мәселелерiн пысықтау үшiн негiз боларлық маңызы бар нақты арнауы  тарихи кескiндемелi пәндер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарлануда. Iс-шараларда көздердi iрiктеу, жаңа ғылыми деректердi теориялық жинақтау және iргелi ғылым көтерген мәселелер бойынша монографиялар мен публицистикалар топтамаларын жарыққа шығару қарастырылады.

  6. Қажеттi ресурстар және қаржыландырулардың негiзгi көздерi

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
      Қаржыландырудың жалпы көлемi 268,5 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде облыс бюджетiнен - 218,0 млн. теңге, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы көздерiнен - 30,7 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 19,8 млн. теңге.
      2004 жылға болжанған шығындардың жалпы көлемi - 16,4 млн. теңгенi құрады, облыс бюджетiнен - 1,0 млн. теңге, соның iшiнде  аудандық бюджеттен - 1,0 млн. теңге, қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы көздерiнен - 3,6 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 11,8 млн. теңге.
      2005 жылға болжанып отырған шығындардың жалпы көлемi - 196,7 млн. теңгенi құрады, облыс бюджетiнен - 167,5 млн. теңге, соның iшiнде облыстық бюджеттен - 91,5 млн. теңге, қалалық бюджеттен - 67,6 млн. теңге, аудандық  бюджеттен - 8,4 млн. теңге, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы көздерiнен - 26,3 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 3,0 млн. теңге.
      2006 жылға болжанып отырған шығындардың жалпы көлемi - 55,3  млн.теңгенi құрайды, облыс бюджетiнен - 49,5 млн. теңге, соның iшiнде облыстық бюджеттен - 35,6 млн. теңге, қалалық  бюджеттен - 12,7 млн. теңге, аудандық бюджеттен - 1,2 млн. теңге, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы көздерiнен -   0,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 5,0 млн. теңге.

  7. Күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру облыс тұрғындарының рухани-бiлiм беру және азияттық-мәдени деңгейiнiң  көтерiлуiне, өскелең ұрпақты  әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрi топтастыруға ықпал етедi.
      Мыналар:
      10 сәулет ескерткiштерi ғимараттарының жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын ұйымдастыру;
      археологиялық қазба және iздеу-барлау жұмыстары барысында жиналған барлық олжалардың мұражайын жасау;
      археологиялық, мұрағаттық және этномәдени зерттеулердi  қорытындылау;
      монографиялар, ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын жасау;  басылымдарды дайындап жарыққа шығару (жеке жоспар бойынша);
      этномәдени экспедицияларды, қолданбалы ғылыми зерттеулердi, құнды тарихи-мәдени ақпарат алу үшiн Қазақстан мен Ресей мұрағаттарында iздеудi ұйымдастыру (облыс аудандары мен одан тысқары жерлерге барлығы 33 рет шығу);
      тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтiк жарнамада ұдайы ақпараттық қолдауды ұйымдастыру күтiлетiн нәтижелер есебiнде болжанып отыр.

2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" облыстық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шаралар

Аяқталу
нысаны

Орындалуы-
на
жауаптылар

Орын-
далу
мерзi-
мi

Болжа-
нып
отырған
шығыс-
тар
(млн.
теңге)

Қаржы-
ландыру
көздерi

1

2

3

4

5

6

7

Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткiштерiн қайта жаңғырту

1

Тарихи және мәдениет ескерткiштерiн өңiрлер бойынша қалпына келтiру және сақтау
Павлодар қаласы (Сәулет ескерткiштерiн жөндеу)

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат





Сауда қатарлары
("Колос" кинотеатры, (Ленин көшесi, 156)


Павлодар қаласының әкiмi

2005

23,2

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi (инвесторлар)

КСРО мемлекеттiк банкiнiң филиалы (академик Сәтбаев көшесi,158)


Облыстық қазынашылық басқармасы (келiсiм бойынша)

2004

11,8

Республикалық бюджет

Көпес Зайцевтiң үйi (академик Ә. Марғұлан көшесi, 89, Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы)


Павлодар қаласының әкiмi

2005

19,1

Павлодар қаласының бюджетi

Көпес Чередовтың үйi ( Советтер көшесi, 95-97)


Облыс туризм және спорт департаментi

2005

5,5

Облыстық бюджет

Д.П. Багаевтың қабiрi (Пахомов зираты)


Павлодар қаласының әкiмi

2005

0,6

Павлодар қаласының бюджетi

Эвакогоспиталь-
да жарадан қайтыс болған ұлы Отан соғысы жауынгерлерiнiң обелискiсi (Пахомов зираты)


Павлодар қаласының әкiмi

2006

0,5

Павлодар қаласының бюджетi

Өзен вокзалы (академик Ш. Шөкин көшесi)


"Өзен вокзалы" ЖШС (келiсiм бойынша)

2004

1,7

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi

Уездiк емхана (Абай көшесi, 115)


О.Г. Меликянц ЖК (келiсiм бойынша)

2004

1,0

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi

Жазушы А. Некрасовтың үйi (Луначарский көшесi, 5)


"Жиек" КСК (келiсiм бойынша)

2004

0,06

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi

Орыс-қырғыз училищесi (29 қараша көшесi, 2)


"ЭКО" ЖШС (келiсiм бойынша)

2006

0,8

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi

Көпес Рамазанов-
тың үйi (Ленин көшесi, 137)


"Прогресс" ААҚ (келiсiм бойынша)

2005

1,4

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi

Сауда қатарлары "Октябрь" ЖШС (Ленин көшесi, 160)


"Октябрь" ЖШС (келiсiм бойынша)

2004

2005

0,9

1,8

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған  қаржы көздерi

Ақын Павел Васильевтiң мұражай - үйiнiң экспозициялық залына қосымша құрылыс тұрғызу


Павлодар қаласының әкiмi

2005

25,0

Павлодар қаласының бюджетi


Жиыны



2004- 2005

93,3



Ақсу қаласы ауылдық аймағы
(ескерткiштер-
дi, обелис-
кiлердi,
монументтердi
жөндеу және
көрiктендiру)
Кеңес Одағының Батыры Қ. Қамзиннiң бюстi (Ақсу қаласы)
Социалистiк Еңбек Ерi М. Қабылбековтiң бюстi (Жолқұдық ауылы)


Ақсу қаласының әкiмi

   2005

2005

   0,06

0,06

Ақсу қаласының бюджетi


Жиыны



2005- 2006

0,1



Ақтоғай ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру)






Кеңес Одағының Батыры С. Мүткеновтiң бюстi (Мүткенов ауылы)


Ақтоғай ауданының ауданы

2005

0,3

Ақтоғай ауданының бюджетi

Е. Беркiмбаевтың зиратын қалпына келтiру (Естай ауылы)



2006

0,4

Ақтоғай ауданының бюджетi


Жиыны



2005- 2006

0,7



Баянауыл ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру)






Шебер Қамар Қасымовтың бюстi (Баянауыл ауылы)


Баянауыл ауданының әкiмi

2005

1,0

Баянауыл ауданының бюджетi

Жаяу Мұса Байжановтың зиратын қалпына келтiру



2005

3,0


Аға сұлтан Мұса Шормановтың  зиратына мазар тұрғызу



2005

2,0


"Бұғы тастар" ескерткiшiн зерттеу (тастағы суреттер, Торайғыр ауылы)


Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы мемлекеттiк университет (келiсiм бойынша)

2006

0,5

Облыстық бюджет


Жиыны



2004- 2006

6,5



Железин ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру)






Кеңес Одағының Батыры И. Бабинның бюстi (Железин ауылы)


Железин ауданының әкiмi

2005

0,01

Железин ауданының бюджетi


Жиыны



2005

0,01



Ертiс ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру) И. Байзаков ескерткiшi (Ертiс ауылы) Түгел батырдың зираты (Қызылағаш ауылы)



    Ертiс ауданының әкiмi


    2005
 

2005


    0,03
 

0,04


    Ертiс ауданының бюджетi


Жиыны



2005

0,1



Качиры ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру)






Кеңес Одағының Батыры А. Н. Елгинның бюстi (Қашыр ауылы)


Качиры ауданының әкiмi

2005

0,03

Качиры ауданының бюджетi

Кеңес Одағының Батыры М. Катаевтың бюстi
(Осьмерыжск
ауылы)


Качиры ауданының әкiмi

2005

0,11

Качиры ауданының бюджетi


Жиыны



2005

0,14



Май ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру)






Қ. Сәтбаевтың  ескерткiшi (Көктөбе ауылы)


Май ауданының әкiмi

2005

0,02

Май ауданының әкiмi


Жиыны



2005

0,02



Успен ауданы (ескерткiштердi, обелискiлердi, монументтердi жөндеу және көрiктендiру)


Успен ауданының әкiмi



Успен ауданының бюджетi

Өлкетану мұражайын қалпына келтiру (Константиновка ауылы)



2005

0,4


Кеңес Одағының Батыры К.А. Семенченконың обелискiсi (Успен ауылы)



2005

0,03



Жиыны



2005- 2006

0,4


2

Археологиялық зерттеулер жүргiзу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С.Торайғыров атындағы мемлекеттiк университет (келiсiм бойынша)




"Көп қатпарлы III Шiдертi тұрағы" объектiсiндегi жұмыстарды ұйымдастыру (республикалық зерттеу)


Облыс мәдениет департаментi, С.Торайғыров атындағы мемлекеттiк университет (келiсiм бойынша)

2005

2006

3,0

5,0

Республикалық бюджет

Зерттеулер жүргiзу (барлау және қазбалар)
Лебяжi-1, Торайғыр, Шәуке, қаратұмсық, Жолқұдық


Облыс мәдениет департаментi, С.Торайғыров атындағы мемлекеттiк университет (келiсiм бойынша)

2005

2006

5,7

4,7

Облыстық бюджет

Май ауданындағы қалабалғасын және Кимек қаласы  орнындағы Қазақстан Республикасы археология институты және қыпшақтану  институтының  экспедицияларын одан әрi  жалғастыру



2005

2006

1,0

1,0

Облыстық бюджет

Ақбидайық және өлеңтi шатқалындағы тастағы  суреттердi зерттеу, Ескi Екiбастұз кешенiндегi ескерткiштердi зерттеу

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Екiбастұз қаласының әкiмi

2005- 2006

2,0

2,5

Екiбастұз қаласының бюджетi

Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи - өлкетану мұражайы қорындағы археологиялық  коллекциялар каталогын жасау


Облыс мәдениет департаментi

2005

2006

0,6

0,6

Облыстық бюджет

Қ. Сәтбаевтың ескерткiшi


Павлодар каласының әкiмi,

2005

15,0

Павлодар қаласының бюджеті

Ш. Аймановтың бюстi


Баянауыл ауданының әкiмi

2004

1,0

Баянауыл ауданының бюджетi

Аудан орталығындағы Баянауыл округiнiң алғашқы аға сұлтаны Шоң бидiң бюстi


Баянауыл ауданының әкiмi

2005

1,0

Баянауыл ауданының бюджетi

Халық жасақтары батыр-қолбасшыларының бедерлi портреттерi бар ескерткiш стела және қалмаққырған шатқалында өлгендер есiмiнiң тiзiмдерi


Май ауданының әкiмi

2006

0,5

Май ауданының бюджетi

Әдеби ескерткiштер мен сирек кездесетiн кiтаптарды сатып алу


Облыс мәдениет департаментi

2006

0,3

Облыстық бюджет

Мұражай экспонаттарын, қолжазбалар мен фотоқұжаттарды жаңғырту және  қайта қалпына келтiру


Облыс мәдениет департаментi

2006

0,5

Облыстық бюджет


Жиыны



2004- 2006

44,4



Барлығы



2004- 2006

145,7


2. Қазақ халқының мәдени мұраларын зерттеудiң толық  жүйесiн құру

3

Этнографиялық зерттеулер, мұражайлар құру, мұрағаттармен  жұмыс

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат





Ертiстiң Павлодар өңiрi (Г. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайының базасында)  аймағындағы 17-19 ғасырлардағы күмiс өнерiнiң коллекциясын құру үшiн экспонаттар сатып алу және жасау


Облыс мәдениет департаментi

2006

8,0

Облыстық бюджет

"Көшпендiлер өркениетiнiң көне обсерваториясы" қорық-мұражайын құру (Тасмола мәдениетi "Мұртты қорғандар"  базасында)


Екiбастұз қаласының әкiмi

2005- 2006

0,5

1,0

Екiбастұз қаласының бюджетi

"Құс жолы" палеонтологиялық табиғи ескерткiш базасында "Ашық аспан аясындағы мұражай"  жобасының iске асуы


Павлодар каласының әкiмi, Павлодар мемлекеттiк педагогика институты (келiсiм бойынша)

2006

5,5

Павлодар қаласының бюджетi

Лебяжi ауданындағы Ямышев орта мектебiнiң базасында мектеп мұражайын құру


Облыс бiлiм департаментi, Лебяжi ауданының әкiмi

2005

2006

0,4

0,3

Лебяжi ауданының бюджетi

Мұражайлардың Қазақстан және Ресей  мұрағаттарындағы жұмысы


Облыс мәдениет департаментi

2005 2006

0,5

0,5

Облыстық бюджет

Белгiлi жерлестердiң мұрасын зерттеу, тарихи-мәдени құнды мұрағат құжаттарын алу


Облыс мұрағаттар департаментi

2005 2006

0,5

0,5

Облыстық бюджет

Музыкалық және сахналық шығармаларды заман табалына сай магниттік аудио жазуларға көшiру

Қазақстан Республикасының мәдениет Министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мұрағаттар департаментi

2005 2006

0,3

0,2

Облыстық бюджет

Н. Шафердiң филофоникалық
коллекциясын компакт - дискiге аудару


Павлодар қаласының әкiмi

2005  2006

0,8

0,7

Павлодар қаласының бюджетi

4

Облыс тарихы мен мәдениет ескерткiштерiнiң Жиынын дайындау және жарыққа шығару


Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университет (келiсiм бойынша)

2005

2006

8,0

8,0

Облыстық бюджет

5

Этномәдени зерттеулерiн өткiзу "Орта Ертiс өңiрiнiң тарихы мен мәдениетi" жобасы аясында этнографиялық экспедициялар ұйымдастыру (облыс аудандары бойынша) қолжазбалар мен сирек кездесетiн этнографиялық заттарды жинау, дәстүрлi фольклор  жанрының орындаушыларының аудио және бейне жазуларын жасау,  облыс мәдени дәстүрлерi туралы бейне фильмдер сериясын жасау

Қазақстан Республикасының мәдениет Министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005

1,0

Облыстық бюджет

XVI ғасырдан XXI ғасырға дейiнгi Ертiстiң Павлодар өңiрiндегi музыка тарихын толық зерттеу және қалпына келтiру
"Ертiстiң Павлодар өңiрiнiң музыка өнерiнiң тарихы" екi томдығын басылымға дайындалу және сатып алу


Облыс мәдениет департаментi

   С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005
 

    2006

1,4
 
 
 

     0,7

Облыстық бюджет


Жиыны



2004- 2005

38,8


3. Бейне фильмдердi, басылымдарды әзiрлеу және шығару, бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығару, көрнекi жарнама, бұқаралық iс-шаралар

6

Бейнекиномате-
риалдарды
дайындау

Павлодардың ескi бөлiгi туралы деректi фильм шығару

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

   Облыс мәдениет департаментi

   2005

   0,1

   Облыстық бюджет

"Ертiстiң Павлодар өңiрiнiң табиғаты" бейнефильмiн шығару



2005

0,5


7

Баспа жұмыстары







Облыс қалалары мен аудандары жөнiнде Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арналған кiтап, деректi жинақтарды баспадан шығаруға дайындау және сатып алу
Мұражай iстерi мен сирек кездесетiн заттарды сақтау жөнiндегi каталогтар, фотоальбомдар, кiтапшалар, анықтамалық құралдарды басып шығаруға дайындау және сатып алу


Облыс мұрағаттар департаментi
 

   Облыс мәдениет департаментi

2005

2006

   2005
 
2006

1,0

1,0

   9,5

2,7

Облыстық бюджет
 

    Облыстық бюджет

"МТС тарихы бойынша қысқаша анықтаманы" облыстың аумақтық әкiмшiлiк бөлiнiсi жөнiндегi анықтаманы дайындау және шығару

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мұрағаттар департаментi

2005

0,7

Облыстық бюджет

Ертiстiң Павлодар өңiрiнiң мәдениет шежiрелерiн" баспадан шығаруға дайындау және сатып алу


Облыс  мәдениет; мұрағаттар департаменттерi

2005

2006

2,0

2,0

Облыстық бюджет

"Рухнама" сериясынан "Кереку-Баян кiтапханасы" кiтаптарын дайындау және басып шығару (60 том)


Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005

15,0

Облыстық бюджет

"Мәдени мұра" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ақпараттық- әдiстемелiк материалдарды дайындау


Облыс iшкi саясат; мәдениет департаменттерi

2005  2005

0,05
0,05

Облыстық бюджет

М. Жыланбаев, Л. Прокашева, Ю. Никитина, А. Мейрамғалиева, басқа да белгiлi спортшылар туралы кiтап шығару


Облыс туризм және спорт департаментi

2005

0,5

Облыстық бюджет

Белгiлi дәрiгер жерлестерiмiз туралы бұқаралық ақпарат құралдары жариялау


Облыс денсаулық сақтау департаментi

2004

2005

2006


Қаржыландыруды қажет етпейдi

8

Атақты спортшылар құрметiне жарыстар мен турнирлер өткiзу


Облыс туризм және спорт департаментi

2005
 
2006

1,0

1,0

Облыстық бюджет

9

Павлодар облысы аумағы бойынша туристiк маршруттар әзiрлеу: тарихи ескерткiштер
табиғи ескерткiштер


Облыс мәдениет, туризм және спорт департаменттерi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005
 
2006

0,5

0,2

Облыстық бюджет

10

Бейнелеу өнерi

Павлодарлық суретшiлердiң шығармаларымен мұражай қорын толықтыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, Павлодар қаласының әкiмi

  2005
 
2006

  1,0

1,0

  Павлодар қаласының бюджетi

Павлодарлық суретшiлер жөніндегi каталогтар (ғалым Қаржасов, Александр Гулин, Қажыбек Баймолдин, Михаил Колмогоров, Василий Мартынцев, Валерий Приходько, Павел Лысенко,  Иван Лагутин, Панко Величко, Өсербай Шуранов, Виктор Поликарпов, Бота Машрапов, Нағымбек Нұрмұхамедов) сатып алу


Облыс мәдениет департаментi, Павлодар  қаласының әкiмi

2005
 
2006

3,5

1,5

Павлодар қаласының бюджетi


Жиыны



2005 2006

44,8


4. Ұлттық және әлемдiк ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет серияларын әзiрлеу

11

Облыстағы археологиялық ескерткiштердi зерттеу мәселелерi жөнiндегi ғылыми мақалалар жинағын басып шығару

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005

0,3

Облыстық бюджет

12

Қазақ халқының көп ғасырлық  ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлерiн көрсететiн "Асыл мұра" энциклопедиялық басылымын шығару

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005

6,0

Облыстық бюджет

13

"Қаныш Сәтбаев" энциклопедиясын баспаға шығаруға дайындау және сатып алу


Облыс мәдениет департаментi, Павлодар университетi, Қ.И. Сәтбаев  атындағы "Тарихи-географиялық қоғамдық қоры" (келiсiм бойынша)

2005

2006

0,5

2,0

Облыстық бюджет

14

Мәшhүр Жүсiп Көпеев шығармаларының жинағын басып шығару (4-8 томдары)

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005

2006

1,0

1,0

Облыстық бюджет

15

Көркем әдебиет қазақ халқының  мәдени мұрасын насихаттайтын шетелдiк көркем әдебиет материалдарын қазақ тiлiнде әзiрлеу және баспадан шығару, "Нибелунги" (ежелгi герман эпосы), Б. Брехт "Тары"  (Ш. Берсиев туралы) басылымдарын сатып алу

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

  2005

  2,1

  Облыстық бюджет

16

"Ертiстiң Павлодар өңiрiнiң  белгiлi  әйелдерi" энциклопедиясын жасау және жарыққа шығару

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, Павлодар  университетi (келiсiм бойынша)

2005

1,3

Облыстық бюджет

17

Мәшhүр Жүсiп Көпеев кесенесiн салу

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi (келiсiм бойынша)

2005

25,0

Облыстық бюджет

18

2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасының орындалу қорытындылары бойынша ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiзу

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, облыс әкiмiне ақпарат

Облыс мәдениет департаментi

2006


Қаржыландыруды қажет етпейдi


Жиыны



2005-2006

39,2



Барлығы



2004- 2006

268,5


       Ескерту: Болжанған шығын сомалары тиiстi жылға бюджеттi бекiту кезiнде қайта түзетiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады