Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
6 бабы
1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған, II сессия) "2004-2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды- инновациялық дамуының бағдарламасы туралы" N 166/2 шешiмiне (облыс әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 20 қаңтарда 2214 нөмiр арқылы тiркелген, "Сарыарқа Самалы" газетiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы 17 нөмiрiнде, "Звезда Приртышья" газетiнiң 2004 жылғы 7 ақпандағы 16 нөмiрiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2004-2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды- инновациялық дамуының бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"Инвестициялық қызметтi дамыту" 1 тарауы реттiк саны 15-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
1. |
Кластерлердi ұйымдастыру мүмкiндiктердi айқындау бойынша ұсыныстарды даярлау |
Облыс әкiмiне есеп беру |
Облыс экономика, индустрия мен сауда, ауыл шаруашылық департаменттерi |
2004 ж. IV тоқсан |
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров