Екінші дәрежелі суда құтқару постын құру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 13 мамырдағы N 73/1 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 14 маусымда N 2588 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен.

       Ауданның су айдындарындағы төтенше жағдайларын болдырмау үшiн, облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 4 маусымдағы "Суда құтқару статусын өзгерту туралы" N 18 шешiмiн жүзеге асыру мақсатында, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудан аумағында Көктөбе селосында екiншi дәрежелi суда құтқару посты құрылсын.
      2. Екiншi дәрежелi суда құтқару постының Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Аудандық қаржы бөлiмi (Қ. Жанғазинов) екiншi дәрежелi суда құтқару постын құру үшiн қаражат қарастырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Әлжановқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 13 мамырдағы
"Екiншi дәрежелi судан
құтқару постын құру  
туралы" N 73/1 қаулысымен
бекiтiлген     

Екiншi дәрежелi суда құтқару постының
Ережесi

1.  Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 3 қыркүйектегi "Облыстық судан құтқару қызметi туралы" N 25 қаулысымен бекiтiлген Ережесi негiзiнде әзiрлендi.
      2. Екiншi дәрежелi судан құтқару посты аудан су қоймаларындағы төтенше жағдайлар кезiнде тұрғындардың өмiрiн сақтау және құтқаруды ұйымдастыруға арналған.
      3. Екiншi дәрежелi судан құтқару посты аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылады.
      4. Екiншi дәрежелi судан құтқару постын облыстық судан құтқару қызметiмен келiсiп, аудан әкiмi тағайындаған пост старшинасы басқарады.

2. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң мақсаттары

      5. Суда құтқару постының негiзгi мақсаттары:
      1) Суда апатқа ұшырағандарға шұғыл көмек көрсету, судағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iздеу - құтқару және эвакуациялық жұмыстар жүргiзу;
      2) Судағы төтенше жағдайларды алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) Тұрғындардың суда жүзуге, суда зардап шегушiлердi құтқару әдiсiне және көмек көрсетуге үйретуге қатысу;
      4) Су жағасындағы көпшiлiк демалатын орындарда тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға жұмылдыру;
      5) Құтқару постының апаттан құтқару жұмыстарын жүргiзуге тұрақты даярлығын қамтамасыз ету.

3. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң функциялары

      6. Екiншi дәрежелi суда құтқару посты өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:
      1) Судағы төтенше жағдайлар кезiнде iздеу - құтқару және эвакуациялық жұмыстарды жүзеге асырады;
      2) Бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс - әрекет жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн пайдалана отырып су қоймаларында қайғылы жағдайларды болдырмау жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзедi.

4. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң құқықтары.

      7. Екiншi дәрежелi суда құтқару постына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн аудан әкiмi келесiдей өкiлеттiктер бередi:
      1) Жергiлiктi атқару органдарына судағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және судан құтқару постының қызметiн жақсарту жөнiндегi ұсыныстар енгiзу;
      2) Су қоймаларында адамдар өмiрiн сақтау жөнiндегi барлық меншiк үлгiсiндегi ұйымдардың ведомстволық құтқару постыларының жұмыстарын тексеру;
      3) Су қоймаларындағы қорғаныс мәселелерi жөнiнде тағайындалған жайылма сулар комиссияларының, көпшiлiк қолданыстағы су объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиясының, сараптау комиссиялары мен топтарының жұмыстарына қатысу;
      4) Көпшiлiк демалатын су, объектiлерiне және су өткелдерiне техникалық тексеру жүргiзу, су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiн бұзған жағдайда азаматтарға, барлық меншiк үлгiлерiндегi ұйымдар мен кәсiпорындарға белгiленген тәртiпте әкiмшiлiк  ықпал ету шараларын қолдану;
      5) Азаматтардың көпшiлiк демалыс орындары мен су қоймаларында қоғамдық тәртiптi сақтауды және оларға медициналық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер және денсаулық сақтау органдарының күштерi мен құралдарын белгiленген тәртiпте пайдалану;
      6) Судағы техникалық қауiпсiздiк оқу-жаттығу жиындарын, семинарлар өткiзу;
      7) Белгiленген тәртiпте су қоймаларындағы төтенше жағдайларды болдырмау және жою мақсатында ведомстволық құрамына қарамастан көлiк құралдарын, оның iшiнде суда жүзу құралдарын жұмылдыру.

5. Судан құтқару посты қызметкерлерiнiң
жұмысын ұйымдастыру

      8. Судан құтқару посты қызметкерлерiнiң жұмыстарын ұйымдастыру осы Ереженi басшылыққа алады.
      9. Судан құтқару посты жыл бойы жұмыс iстейдi.
      10. Судан құтқару постының құрамына 2 адам кiредi: құтқарушы старшина (тұрақты) және құтқарушы матрос (жазғы уақытқа - жұмыссыз азаматтардың қатарынан тартылады).
      11. Пост старшинасының мiндеттерi:
      1) Кезекшiлiк (вахта) атқару және құтқару жұмыстарына қатысу;
      2) Қарамағындағы құтқарушы матрос пен құтқарушы жасақшылардың жұмысына басшылық ету;
      3) Вахта, мотор журналын және судағы болған адамдардың қайғылы жағдайлары туралы актiлер кiтабын жүргiзу;
      4) Пост жұмысының айлық жоспарын және келесi күнге тапсырмалар құру;
      5) "Посттың әрекет ауданы" су учаскесiн, су түбiнiң рельефiн, тереңдiгiн, иiрiм жерлердi, бұлақтарды, шұңқырларды, ағынның бағыты мен жылдамдығын, дауылды ауа-райында жүзу құралдарын жасыратын орындарды, сол сияқты посттың тексеру ауданына кiретiн су қоймаларының ерекшелiктерiн бiлу;
      6) Постқа қажеттi мүлiктер мен жабдықтарды уақытында толықтырып отыру;
      7) Посттық тексеру ауданында болған барлық қайғылы жағдайлар туралы облыстық судан құтқару қызметiнiң бастығына жедел баяндау;
      8) Облыстық судан құтқару қызметiне  бекiтiлген үлгi бойынша уақытында есеп беру;
      9) Құтқару постының старшинасына постының мүлiктерi үшiн материалдық жауапкершiлiк жүктеледi.
      12. Құтқарушы  матростың мiндеттерi:
      1) Бекiтiлген кестеге сәйкес кезекшiлiк (вахта) атқару;
      2) Кезекшiлiк уақытында вахта журналын жүргiзу;
      3) Суда апатқа ұшыраған адамдарға жедел көмек көрсету;
      4) Жүзу құралдары мен жабдықтарын үнемi даярлықта ұстау;
      5) Жүзудi, сүңгудi және барлық құтқару құралдарын пайдалануды, құтқару қайығын басқара бiлу, суға батып бара жатқан адамға жақындау және судан алып шығу тәсiлдерiн бiлу, қыспақтан босатып шығу, сүйрету және зардап шегушiге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету әдiстерiн бiлу;
      6) Құтқарушы жасақшыларды үйрету, құтқару постының шаруашылық, қауырт және тексеру жұмыстарына қатысу;
      7) Құтқару iсi бойынша үнемi өзiнiң бiлiмiн жетiлдiру, құтқарушының нормативтерiн орындау;
      8) Құтқарушы матросқа өзiне бекiтiлген мүлiктiң материалдық жауапкершiлiгi жүктеледi.
      13. Аудандық бюджет қаражатынан суда құтқару постының 2 адамына Қазақстан Республикасы бойынша белгiленген ең төмен жалақыдан артық емес мөлшерiнде жалақы төленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады