Сноска. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007.06.08 N 151/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi аудан тұрғындарының өтiнiшiн қарау комиссиясы құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа енгiзiлсiн.
2. Зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi аудан тұрғындарының өтiнiшiн қарау комиссиясының Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi Т.Мүбәраков
Май ауданы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 14 мамырдағы
"Зейнетақы және атаулы
әлеуметтiк көмек жөнiндегi аудан
тұрғындарының өтiнiшiн қарау
комиссиясы туралы"
N 87/1 қаулысымен бекiтiлген
Зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi
аудан тұрғындарының өтiнiшiн қарау комиссиясының
Ережесi
Жалпы ережелер
1. Зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi аудан тұрғындарының өтiнiшiн қарау комиссиясы (бұдан әрi - комиссия) зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек алатын тұрғындардың сұрақтарына жазбаша түрде жауап беретiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия аудан әкiмдiгiнiң жанынан құрылады.
3. Кеңес қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Негiзгi мақсаты
4. Зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi аудан тұрғындарының өтiнiштерiн қарау, талқылау және жазбаша түрде жауап беру.
Комиссияның құқығы
5. Зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi сұрақтар бойынша тиiстi органдардан жауабын сұрау.
6. Комиссия мәжiлiстерiне тиiстi органдарды қатыстыру.
Комиссияның құрамы және жұмысы
7. Комиссияның құрамы:
1) комиссия төрағасы;
2) комиссия төрағасының орынбасары;
3) комиссия мүшелерi;
4) жұмыс жоспарын комиссия белгiлейдi;
5) комиссия мәжiлiсi түскен өтiнiштерге байланысты жиналады.
6) комиссия мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылған хаттама жазылады.
7) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зейнетақы және атаулы әлеуметтiк көмек алатын адамның өтiнiшiне комиссия жазбаша түрде есебi бар атаулы парақ бередi және комиссия мүшелерi қол қояды;
8) комиссияның жұмысшы органы аудандық тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi болып табылады.