Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың 2011.07.27 N 33-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Совет Социалистік Республикасының "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы басымдықтар туралы" Заңының 44-бабына сәйкес Ақжар аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШТІ:
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (ереже қосымша берілген).
Сессия төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы
"Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт
мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек
көрсету ережесі туралы" 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 7-1
аудандық мәслихат сессиясының шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Совет Социалистік Республикасының "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы басымдықтар туралы" Заңын орындау мақсатында жасалынған.
2. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлем (ары қарай - әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем), жылына бір рет тағайындалады және төленеді.
3. Әлеуметтік сала мамандарына заңсыз төленген ақшалай төлем сомасы кінәлі деп танылған тұлға есебінен, қолданыстағы бекітілген заңнамаларға сәйкес қайтаруға жатады.
2. Тағайындау тәртібі
1. Әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына тапсырылған құжаттар негізінде тағайындалады.
1) бір жолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;
2) ақшалай төлемді алушының банкте міндетті түрде ашатын салымы бойынша есепшотының номері;
3) мекемесінен атқаратын лауазымы жөніндегі анықтама;
4) тұрғылықты мекен жайын растайтын анықтама.
2. Осы Ереженің негізінде төлем алуға лайық екі немесе одан да көп тұлғалар бірге тұрған жағдайда, әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем әрқайсысына беріледі.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
1. Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыстайтын әлеуметтік сала мамандарын ақшалай төлеммен қаржыландыру осы мақсатқа сол жылы қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Есеп беру, бақылау және есеп жүргізу тәртібі
1. Біржолғы ақшалай төлемге бақылау жасау, есеп беру және есеп жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.
2. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы тоқсан сайын әр тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін екінші деңгейлі банкпен сәйкестендіру актісін жасап, төленген бір жолғы ақшалай төлем сомасын жасап отырады.