Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009.05.19 N 18/116 Шешімімен
2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және 2001 жылдың 30 қаңтарындағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Есiл ауданында үй иттерi мен мысықтарының санитарлық тазалық жағдайын тәртiпке келтiру мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. Есiл ауданы бойынша үй иттерi мен мысықтарды ұстау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм облыстық әдiлет департаментінде тiркелгеннен кейiн күшке енедi.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы, сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың шешiмiне
2004 жылдың 20 ақпандағы
Есiл ауданы бойынша үй
иттерi мен мысықтарды ұстау
ережесiн бекiту туралы
шешіміне қосымша
Есiл ауданы бойынша үй иттерi мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ереже
1. Осы ереже меншіктің нысанынан байланыссыз кәсіпорындармен ұйымдарды қоса, Есіл ауданында барлық yй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.
2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын жындануға және басқа ауруларға қарсы вакциналар жасатып, үй жануарларын мал дәрігерлік мекемелерінде тіркеуге міндетті. Вакцинадан өткендігі туралы анықтама тіркеуден өткендігін куәландыратын құжат болып табылады.
3. Мысық пен иттерді ұстағанда мал дәрігерлік-санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережені міндетті түрде сақтау.
4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек мал-дәрігерлік қызметінің рұқсатымен ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек байлап қана ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.
5. Итті ақпараттық таңбамен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерде қалдыруға рұқсат етіледі.
6. Сатуға және сатып алуға қолда мал-дәрігерлік куәлік немесе анықтама болған жағдайда рұқсат етіледі.
7. Адамдарды ит, мысық және басқа да yй жануарлары тістеп алған жағдайда, иесі медициналық және мал-дәрігерлік мекемелеріне тез хабарлауға міндетті.
8. Қоғамдық жерлерде иесіз жүрген, сондай-ақ дүкеннің,алдын ала емдеу мекемесінің және ауданның басқа да ұйымдарының алдында байлаулы қалдырған иттер мен мысықтар жатады.
2. Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері
9. Жануар иесі оны биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстауға, жануарға қамқорлықпен қарауға, ауырып қалған жағдайда қараусыз қалдырмауға, уақытында мал-дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.
10. Ит пен мысық иелері мемлекеттік мал-дәрігерлік инспекторлардың талабы бойынша жануарларды қарауға, диагностикалық зерттеуге, екпе және алдынала емдеу процедураларына әкелуге міндетті.
11. Ит пен мысық иелері, адамдар мен жануарларды тістеген өз асырандыларын, карантин кезеңі ішінде оларды қарау yшін мал- дәрігерлік мекемесіне тез жеткізуге міндетті.
12. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде ит ұстаған жағдайда, тыныштықты сақтау шараларын қабылдау.
13. Итті қыдыртуға иттің аты, иесінің мекен-жайы мен телефоны туралы мәліметі бар тізгінде шығаруы керек. Ит тұмылдырықта болуы тиіс.
14. Пайдалануында жер учаскесі бар ит иелері оларды бос ұстауларына болады, тек жақсы қоршалған аулада немесе байлаулы болса. Учаскіге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескертетін жазуы болуы тиіс.
15. Көше арқылы және магистраль жанынан өткенде ит иесі, жол- көлік апатын және иттің жолда өлуін болдырмау мақсатында, оны тізгінге алуға міндетті.
16. Одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жануар басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды жүзеге асыратын арнайы кәсіпорынға тапсырылуы тиіс.
17. Жануар өлген жағдайда, оның денесі мал-дәрігерлік мекемелерінің маманымен қаралады және иесімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мал жерлейтін жерлерінде жерленеді, Өлген жануарды ауыл аумағында лақтырып тастауға тыйым салынады.
18. Жануар иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты заңмен қорғалады.
19. Жануарлар иесінен сот шешімі бойынша, сондай-ақ заңмен қарастырылған жағдайда алынуы мүмкін.
20. Иесі итін шектеулі уақытқа дүкеннің немесе басқа мекеменің жанында қысқа тізгінге байлаулы қалдыруға (ірі итті тұмылдырықта) құқылы.