Елді мекендерді санитарлық тазалау, көріктендіру, ауыз сумен қамту және канализация объектілерінің 2004 жылғы жазғы маусымына дайындығын байқау жөніндегі екі айлықты өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 наурыздағы N 66 шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 31 наурызда N 1898 тіркелді

      Облыс елді мекендерінің санитарлық жағдайын жақсарту, халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсанындағы N№361 "Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының  8, 9 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару" туралы Заңының  27-бабына сәйкес, облыстық әкімият қаулы етеді:
      1. 2004 жылғы 15 наурыздан 15 мамырға дейін санитарлық тазалау, көріктендіру, ауыз сумен қамту және канализация объектілерінің 2004 жылғы жазғы маусымына дайындығын байқау жөніндегі көктемгі екі айлығы өткізілсін.

      2. Екі айлықты дайындау және өткізу кезінде құрамы қосымшаға сәйкес Атырау қаласы және аудан әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне басшылық ету және үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құрылсын.

      3. Атырау қаласы мен аудан әкімдері бөлінген бюджеттік қаражат шегінде:

      1) сәйкесетін штабтар құрып, кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелердің қатысуымен, Атырау қаласы мен облыс елді мекендерінде санитарлық тазалау мен көріктендіру жөнінде нақты шаралар әзірлеп, жүзеге асырсын;
      2) меншік түріне қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп беру ұсынылсын;
      3) тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйінділері түрлерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекендер аумағынан шығаруды және де бұзылған ғимараттардың орнын тазартуды қамтамасыз етсін;
      4) қоқыс жинайтын контейнерлер сатып алып, қосымша контейнерлік алаңдарды жабдықтасын, бұрынғыларға жөндеу жүргізсін;
      5) аулалардың, үйлердің қоршауын, тұрғын үйлердің және әлеуметтік мәдени ғимараттардың дәліздері мен қасбеттерін тәртіпке келтірсін;
      6) көп қабатты үйлердің төлелерін тазалау және кептіру, инженерлік жүйелердегі апаттарды жою шаралары қабылдансын;
      7) бұралқы иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырсын;
      8) барлық елді мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық билбордтарды тексеріп, жөндеу жүргізсін;
      9) жасыл желек егу және оларды үнемі күту жұмыстарын қамтамасыз етсін.
      4. Сумен қамту және канализация объектілерінің басшыларына су құбыры және канализация жүйелерін, байқау құдықтарын, су тарату қондырғыларын тексеріп, оларды дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтірсін, 3 айға жетерліктей реагенттер қорымен қамтамасыз ету
ұсынылсын.

      5. Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), елді мекендердегі санитарлық тазалау және көріктендіру жұмыстарына үнемі бақылау жүргізсін.

      6. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Қазақстан»Республикалық телерадиокорпорация" жабық акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалы (келісім бойынша), санитарлық тазалау және көріктендіру жөніндегі екі айлықтың барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялап отырсын.

      7. Атырау қаласы және аудан әкімдері, Атырау облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы облыстық штабқа
жұмыстың жүру барысы мен қорытындылары жөнінде әр онкүндікте ақпараттар беріп отырсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Байғожинге жүктелсін.

      Облыс әкімі                              

облыс әкімиятының   
2004 жылғы 11 наурыздағы 66
қаулысына қосымша 

Екі айлықты дайындау және өткізу кезінде Атырау қаласы және аудан әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне басшылық ету және үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы

Байғожин Марат Имашұлы        - облыс әкімінің орынбасары, штаб
                                төрағасы;
Әбдірахманов Марат Ғинаятұлы  - облыстық қоршаған ортаны қорғау
                                басқармасының бастығы
                                (келісім бойынша);
Дошаев Ерген Николайұлы       - "Атырау-Ақпарат" мемлекеттік
                                коммуналдық кәсіпорынының
                                төрағасы;
Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - облыс әкімі аппараты басшысының
                                құқықтық қамтамасыз ету
                                жөніндегі орынбасары;
Ильясов Еламан Қауанұлы       - Атырау облысының тұрғын
                                үй-коммуналдық шаруашылығы
                                басқармасының директоры;
Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы   - Атырау облыстық мемлекеттік
                                санитарлық-эпидемиологиялық
                                қадағалау басқармасының бастығы;
Нұрғалиев Айтқали             - Қазақстан Республикалық
Құмарғалиұлы                    телерадиокорпорация»жабық
                                акционерлік қоғамы Атырау облыстық
                                филиалының төрағасы
                                (келісім бойынша);
Нұриденов Кеңес Сәлімұлы      - Атырау облыстық ішкі істер
                                басқармасы бастығының орынбасары
                                (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады