Облыс әкімиятының 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 226 "Атырау облысында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жақсарту жөніндегі шаралары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы N 70 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 1 сәуірде N 1911 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
      Жалпыға бірдей құқықтық білім беру жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесінің жекелеген мүшелерінің қызмет түрінің өзгеруіне байланысты және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа алып облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 226 "Атырау облысында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жақсарту жөніндегі шаралары туралы" қаулысына (Атырау облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 7 қазанда N 1142 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Жалпыға бірдей құқықтық білім беру жөніндегі Үйлестіру-әдістемелік Кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
      Нұғманов Рахметолла Таңатұлы - Атырау облысы Әділет департаментінің бастығы (келісім бойынша);
      Қуанышқали Қабиболла Жұмабекұлы - Қазақстан Республикасы ақпарат министрлігінің Атырау облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы (келісім бойынша);
      Қабылов Нұрлан - Атырау облыстық газетінің бас редакторы;
      Шигаев Виктор Михайлович - "Прикаспийская коммуна" облыстық газетінің бас редакторы;
      Әміров Мұқаран Серікұлы - Атырау облысы ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша);
      Рысқалиев Сағидолла - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы (келісім бойынша)";
      "Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, төрайымның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, төрайымның орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Ғайни Берекеұлы Есжанов, Тауфик Акрамович Каримов, Қилыбай Шахатұлы Қуанышбаев, Любовь Михайловна Монастырская, Текеғалиев Нұрболат Бакуұлы және Халмұрат Хайдар Саламатұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.К. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады