Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы

Күшін жойған

Атырау облысының Мақат ауданы әкімиятының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 16 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 20 наурызда N 1887 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімиятының 2008.01.08 N 2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімияты қаулы етеді:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі (1 қосымша);
      2) ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері мен еңбекақы мөлшері (2 қосымша).
      2. Аудандық қаржы бөлімі (И.М. Мәжікеев) жұмыспен қамту бағдарламасын жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (А.А. Сарсенбаева) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа араластыруды ұйымдастырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Ғұмаровқа жүктелсін.
 

Аудан әкімі



Аудан әкімиятының 2004 жылғы 17 ақпандағы 16 қаулысына N 1 қосымшасы

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі

      Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындауда әзірленді.
 

1. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдерді қолданылады.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
 

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды.
      Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджеттер қаржыларынан және жұмыс берушілер қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушілерімен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім-шарт жасасады. Кейбір жағдайларда, жұмыссыздық әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 1 жылға дейін ұзартуға болады.
      6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
      1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады, жұмыс орнының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдаланылуға болмайды;
      2) толық емес жұмыс күні жағдайында икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі (толық емес күні, мекеменің жағдайына қарай жұмыс беруші жұмыссыздық жалақысына үстеме еңбек ақы төлеген кезде);
      3) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
      4) арнаулы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
      7. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен, өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға өтінім береді.
 

3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу

      8. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбекақының 1,0-1,5 еселенген мөлшерінде, орындалатын жұмыстың санына, сапасына,
      күрделілігіне қарай белгіленеді.
      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады және қамту уәкілетті органдарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздың жеке дербес шотына аударылады.
      10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
 

4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу

      11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
      12. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
      13. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
      14. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
 

5. Қаржыландыру, есепке алу, есептілік және
бақылау тәртібі

      15. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджетке осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
      16. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 25-күніне дейін өткен ай үшін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінің табелі, атқарылған жұмыстардың актілері).
      17. Жергілікті уәкілетті органдар ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар есептерін тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемін анықтап, аудандық қаржы бөліміне әр айдың 10-на дейін тапсырыс жолдайды.
      18. Жергілікті қаржы бөлімі еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен түскен тапсырыс негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыру ашады.
      19. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлім ағымдағы шотқа қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде жұмыссыздық дербес шотына аударады.
      20. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі әр ай сайын өткен айда жұмсалған қаржы туралы есепті заңнамаға сәйкес (қазпошта бөлімшесіне жасалған салыстыру актілері) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына және аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
      21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібіне еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, қаржы органдары және қаржыны бақылау органдары бақылауды жүзеге асырады.
      22. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
      1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
      2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
      3) белгіленген мерзімді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.
 


Аудан әкімиятының 2004 жылғы 17 ақпандағы 16 қаулысына N 2 қосымшасы

Ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері мен еңбекақы мөлшері

N
 

Жұмыс түрлерінің атауы
 

Ең төмен жалақы есебімен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы
 

Адамдардың саны
 

1
 

Құрылыс және жол жөндеу, су, газ құбырларына жөндеуге қатысу
 

1,5
 

15
 

2
 

Құрылысқа қатысу және тұрғын үй, әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысуы
 

1,5
 

15
 

3
 

Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)
 

1,3
 

30
 

4
 

Тұрғын үй шаруашылықтарына қаланы, елді мекендерді, өндірістік мекемелерді жинап, тазалық жұмыстарына көмектесу
 

1,3
 

263
 

5
 

Суғару жұмыстары
 

1,3
 

20
 

6
 

Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және қорықтарды қалпына келтіру
 

1,0
 

5
 

7
 

Мәдени шараларды өткізуге көмектесу (спорттық жарыстар)
 

1,0
 

5
 

8
 

Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу
 

1,0
 

18
 

9
 

Тағы басқа жұмыстар түрлері, соның ішінде мәдени қызметкерлер
 

1,0
 

7
 

Электр жүйесінің агенттері
 

1,0
 

15
 

Шабармандық жұмыстар
 

1,0
 

50
 

Электронды есептегіш машинасының операторы
 

1,0
 

30
 

Еден жуушылар
 

1,3
 

40
 

Іс жүргізуші
 

1,0
 

30
 

Газет таратушылар
 

1,0
 

20
 

Әскери комитетінде санақ жүргізу жұмыстары
 

1,0
 

15
 

10
 

Арнайы педагогикалық білімі бар жұмыссыздарға арналған: мектепте оқушы балаларға арналған қолөнер, би, ән, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру
 

1,0
 

5
 

Кітапханада ескі кітаптарға өңдеу жүргізу, оқушы балаларға кітапханада жұмыс жасауға үйрету
 

1,0
 

5
 

Гардеробта киім күту
 

1,0
 

10
 

Сабағы нашар балалармен жұмыс
 

1,0
 

3
 

Мектеп жанынан ұзартылған топ ұйымдастыру
 

1,0
 

4
 

Бала бақшасына тәрбиешіге көмектесу
 

1,0
 

20
 

11
 

Медициналық білімі бар жұмыссыздарға арналған: денсаулығына байланысты есепте тұрған азаматтарға, әсіресе жалғызбасты қарт адамдарға денсаулығына қадағалау жүргізу
 

1,0
 

10
 

Емхана жанынан учаскелік мейірбикеге көмек көрсету, маусымдық инфекциялық аурулардың өршіген кезінде (тұмау, іш ауру, сүзек т.б) үй-үйді аралап, медициналық көмектер көрсету, аурудан сақтанудың профилактикалық ақпараттық жұмыстарын жүргізу
 

1,0
 

10
 

Ауруханаларда санитарлық жұмыстарға қатысу
 

1,3
 

15
 

Ауданнан алыста тұратын елді мекендерге медициналық бөлім жанынан, үйден егу, дәрі беру
 

1,0
 

10
 

12
 

Поселкелердегі жүргізілетін жұмыс түрлері: санақ жұмыстары, мал санағын жүргізу, профилактикалық инфекциялық мал ауруларына қарсы егу жұмыстары
 

1,0
 

15
 

Жалғызбасты қарттарға отын түсіру, мал азығын дайындауға көмектесу, шөп шабу
 

1,3
 

5
 

учаскелік комиссиялардың мүшелеріне қосымша адамдар қосып, жұмысын жандандыру
 

1,0
 

12
 

Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу
 

1,0
 

10
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады