Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық әкімиятының 31.10.2008 № 162 қаулысымен.
Салық алаңын кеңейту тетігін әрі қарай жетілдіру, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті есептеуді тәртіпке келтіру, салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту, аудан бюджетінің салық салынатын базасының көбеюіне бақылауды күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы" қаулысын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты қаулы етеді:
1. Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылсын (1 қосымша).
2. Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
3. Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (3 қосымша).
4. Қоса берілген Комиссия құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
5. Комиссия өткен мерзімдегі салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмыс қорытындысын әр айдың 20-шы жұлдызында қарасын.
6. Ауданның поселкелік әкімдері, аудан әкімі аппараты бөлімдері және комитеттер (тізім бойынша) аудандық қаржы бөліміне салық салынатын базаны кеңейту және өзгерту бойынша жасалған жұмыстар туралы ақпаратты әр айдың 25-ші жұлдызында тапсырсын.
7. Аудан бойынша салық салынатын базаны кеңейту қызметін үйлестіру аудандық қаржы бөліміне жүктелсін.
8. 4 қосымшаға сәйкес Мақат ауданы әкімиятының кейбір қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Ғұмаровқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімиятының
2004 жылғы 9 наурыз N 19
қаулысына 1 қосымша
Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді
қамтамасыз ету жөніндегі Комиссияның құрамы
Ғұмаров Нұрлыбек Мерекеұлы - Аудан әкімінің орынбасары,
комиссияның төрағасы;
Мәжікеев Иса Мүсірұлы - Аудандық қаржы бөлімінің бастығы,
Комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Нұғманова Кулжан - Мақат ауданының сәулет бөлімінің
меңгерушісі
Елеусінов Серік Абилжанұлы - Аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;
Сарсенбаева Аслима Алғазықызы - Аудандық еңбек жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің
меңгерушісі;
Байниязова Айнагүл - Аудандық салық комитеті төрағасының
Амангелдіқызы міндетін атқарушы келісім бойынша);
Олжабаев Ерболат Ғұсманұлы - Мақат ауданының қаржы полиция
бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Мырзағалиева Алимаш - Аудандық "Жылжымайтын мүлік орталығы"
Қойшыбекқызы филиалының бастығы (келісім
бойынша);
Ермекбаев Шынжырғали Қиықұлы - Жер ресурстарын басқару жөніндегі
аудандық комитетінің төрағасы
(келісім бойынша);
Кенжебаев Рашид Сенбайұлы - Аудан ішкі істер бөлімінің бастығы
(келісім бойынша);
Нұрғалиева Жамал Зулфаирқызы - қоршаған ортаны қорғау инспекторы
(келісім бойынша)
Есқалиева Мәншүк Сабирқызы - Мақат аудандық Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиялық қадағалау
басқармасының бастығы (келісім
бойынша);
Қайыржанов Орынбек - Еңбек және халықты әлеуметтік
Ермекбайұлы қорғау департаментінің Мақат ауданы
бойынша мемлекеттік инспекторы
(келісім бойынша);
Ермеков Болат Аманкелдіұлы - өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы
(келісім бойынша);
Нұрғалиева Алтынай Рақымқызы - Мақат аудандық аумақтық
басқармасының бастығы (келісім
бойынша).
Аудан әкімиятының
2004 жылғы 9 наурыздағы N 19
қаулысына 2 қосымша
Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді
қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (одан әрі - Комиссия) жергілікті атқарушы органдарға аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға жәрдемдесетін және тәжірибелік көмек көрсететін аудан әкімі жанындағы кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссия аудан әкімиятының қаулысымен құрылады, қайта құралады және таратылады, Комиссияның жеке құрамы аудан әкімінің ұсынысы бойынша Мақат аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі.
4. Комиссияның төрағасы болып аудан әкімінің бірінші орынбасары белгіленеді.
5. Комиссияның мәжілістері әр айдың 20 жұлдызында өткізіледі, хаттамамен рәсімделеді.
6. Комиссия мәжілістерінде аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындау барысы туралы Мақат аудандық басқармалар, комитеттер басшыларын тыңдауға құқылы.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
7. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) салық алаңын кеңейту тетігін әрі қарай жетілдіру, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті есепке алуды тәртіпке келтіру, салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту; аудан бюджетінің салық салынатын базасының көбеюіне бақылауды күшейтуді жүзеге асыруға
жәрдемдесу;
2) аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
3) аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) аудан әкімдердің жанындағы салық салынатын базаны кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялардың қызметін үйлестіру;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың директивті тапсырмаларының орындалуын бақылау.
3. Комиссияның функциялары
8. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіпте төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
1) өзінің құзыреті шеңберінде аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтумен байланысты мәселелерді қарап шешеді;
2) белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдар мен аудан бөлімдері, комитеттерден қажетті ақпараттық, талдама, анықтама- статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
4. Комиссияның құқықтары
9. Комиссия құқылы:
1) жергілікті атқарушы органдардан, бөлімдер, кәсіпорындар мен мекемелерден аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;
2) туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстарды зерттеу және әзірлеу жөніндегі жұмысшы тобын құруға;
3) қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер туралы ұсыныстар енгізу жөнінде шешімдер әзірлеуге.
5. Комиссияның жұмыс тәртібі
10. Комиссияның үйлестіруші органы болып Мақат аудандық қаржы бөлімі белгіленеді.
11. Комиссияның мәжілістері әр айдың 20 жұлдызында өткізіледі. Комиссия мүшелерінің мәжілістерге қатысуы міндетті.
12. Комиссия мәжілістерін Төраға немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасары жүргізеді. Мәжіліс Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі болған жағдайда құқылы болып саналады.
13. Комиссияның мәжілісіне жұмысшы тобы құрамына кірмейтін жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
14. Комиссияның үйлестіруші органы:
1) комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады;
2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
15. Комиссия мәжілістерінде қаралатын мәселелер тізбесі қажеттілікке қарай жасалады және төрағамен бекітіледі.
16. Бекітілген тізбе комиссия мүшелеріне тізім бойынша таратылады.
17. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделіп, Комиссия төрағасымен бекітіледі.
18. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Аудан әкімиятының
2004 жылғы 9 наурыздағы
19 қаулысына 3 қосымша
Аудан бюджетінің салық салынатын базасын
кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары
Салық салынатын базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Жұмысты орындау мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Мүлік салығының салық салынатын базасын ұлғайту бойынша |
||||
1 |
Аудан аймағындағы иесіз мүліктің тізілімін құру және заңды және жеке тұлғалардың барлық жылжымайтын мүлігін толықтай түгендеу жүргізу |
ай сайын |
Мақат аудандық көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлім, Мақат ауданы бойынша "Жылжымайтын мүлік орталығы" филиалы |
2004 жылдың 20 қарашасына дейін |
2 |
Салық органдарымен бірге тұрғын үй қоры бойынша дерек қорын толықтай салыстырып, үй маңындағы, аймақ тағы, гараж және саяжай ұжымдарының құрылысын толық есепке алу жөнінде шаралар алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат ауданы бойынша "Жылжымайтын мүлік орталығы" филиалы |
2004 жылдың 1 мамырға дейін |
3 |
Аудандық сәулетшімен өзара іс-әрекет жасап заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлігінің жаңадан іске қосылған нысандарын аудан кадастры қызметінің дерек қорына енгізумен меншік құқығын және тиісті құқығын белгілейтін актілердің тіркелуін қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат ауданы бойынша "Жылжымайтын мүлік орталығы" филиалы, аудандық |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4 |
Мәліметтерді ай сайын салық комитетіне берумен жеке тұрғын-үй құрылысын есепке алу мен тұрғын үйді пайдалануға берілуін уақытылы ресімделуінің тиісті тәртібін қамтамасыз ету жөнінде шаралар алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық сәулетші, Поселке әкімдері |
Әр айдың 25 жұлдызына |
5 |
Мемлекеттік және ведомстволық тұрғын үйге түгендеу жүргізіп, тұрғындармен оларды жекешелендіру жөнінде шаралар алу. Мәліметті ай сайын салық комитетіне тапсыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық сәулетші, Мақат ауданы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» филиалы, Мақат ауданын көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, Поселке әкімдері |
Әр айдың 25 жұлдызына |
6 |
Салық комитетімен бірлесіп тұрғын-үй қорын кәсіпкерлік қызмет нысандарына қайта жоспарлауға берілген рұқсаттамасы бойынша дерек қорын салыстыру, мәліметтерді ай сайын салық комитетіне беру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат ауданы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» филиалы, Поселке әкімдері |
Әр айдың 25 жұлдызына |
7 |
Мүлік иелері мен салық төлеушілерді жедел есепке алу үшін салық комитетіне сату-сатып алу мәмілелер және жылжымайтын мүлікті кепілдікке беру туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат ауданы бойынша |
Әр айдың 25 жұлдызына |
8 |
Жылжымайтын мүлік деректер қорының электрондық базасын, кезеңділікпен жаңарту |
ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат ауданы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» филиалы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
9 |
Бұқаралық ақпарат құралдарында жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу және онымен жасаған мәмілелердің заңнамалық аспекті- лері туралы кеңінен түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат ауданы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» филиалы |
әр айдың 25 жұлдызына |
10 |
Салық салынатын нысандарды толық есепке алу, тұрғын үйді мақсатты пайдалану және салық төлемдерін уақытылы жинау мақсатында пәтер иелері кооператив терімен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Аудандық сәулетші, Ішкі істер бөлімі, аудандық салық комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
11 |
Аукцион сауда-саттық және сатулардың |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Мақат ауданын |
әр айдың 25 жұлдызына |
12 |
Барлық меншік нысандағы объектілерді жаңғырту мен жаңартылуын есепке алуды және ағымдағы толық бақылауды қамтамасыз ету, мәліметті ай сайын салық комитетіне беру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық сәулетші |
әр айдың 25 жұлдызына |
13 |
Жер ресурстары комитетіне жер учаскесіне жеке меншік құқығын белгілейтін актілерді алғаннан кейін меншік иелерін меншік құқығын міндетті тіркеу туралы жазбаша түрде хабарландыру беру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті, Аудандық сәулетші |
Әр айдың 25 жұлдызына |
2. Жер салығының салық салынатын базасын ұлғайту бойынша |
||||
1 |
Заңсыз пайдаланылған |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
2 |
Аудан және қажет болған жағдайда ауданның өзге елді мекенді жерлерін аймақтандыруды жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
3 |
Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер төлемдерін түгендеу жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық сәулетші Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті |
Үнемі |
4 |
Құрылысқа бөлінген және мұнай, газ құбырлары мен өзге де инженерлік желілері орналасқан жер төлемдеріне қорғау (санитарлық) аймақтарды белгілеумен жер төлемдерін түгендеу жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті |
2004 жылғы шілдеге дейін |
5 |
Базарлар, автомойка стансалар мен автомобиль тұрақтарына бөлінген жердің мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті, |
әр айдың 25 жұлдызына |
6 |
Саяжай-бақша ұжымдарының жеке иелері мен жеке меншік гараждары бойынша жер телімдеріне түгендеу жүргізіп, есепке алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті, Аудандық сәулетші |
әр айдың 25 жұлдызына |
7 |
Салық комитетіне ай сайын: |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті, Аудандық сәулетші |
әр айдың 25 жұлдызына |
8 |
Жер төлемдерін жалдау немесе сатып алу берешегінің құралуын болдырмау жөнінде шаралар алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық салық комитеті, |
Әр айдың 25 жұлдызына |
9 |
Жер ресурстарын пайдалану және қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын жүйелі тексеруді қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
10 |
Бос жер алаңдарын ауылшаруашылық өндірісін, бау-бақшаны дамытуға және өзге кәсіпкерлік мақсаттар үшін игеру жөніндегі жұмыстық жандануын қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
11 |
Жер заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті, |
Әр айдың 25 жұлдызына |
3. Көлік құралдары салығының салық салынатын базасын ұлғайту бойынша ай сайын комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
||||
1 |
Салық комитетімен өзара іс-әрекеттесу негізінде тиісті салықтардың төленбеуі |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы, аудандық салық Комитеті |
Тұрақты |
2 |
Пай есебіне алынған көлік құралдардың түгенделуін, ресімделуін және есепке алынуын жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы |
2004 жылғы 1 шілдеге дейін |
3 |
Аудан аумағында ұзақ мерзім пайдаланылатын көлік құралдарын уақытша есепке қойылуын қамтамасыз ету |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
|
4 |
Есепте жоқ көлік құралдарды, көлік құралдарына салық төлеуден бас тартқан тұлғаларды анықтау жөнінде тұрақты рейд тік тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы, аудандық салық Комитеті |
Тұрақты |
5 |
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, ұшқыш аппараттарды, өзен, теңіз және шағын көлемді кемелерді тіркеу үшін тиісті алымдар алумен есепке алып, толық түгендеу жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы |
Тұрақты |
6 |
Қоршаған ортаны қорғау органдарымен ластау көлік көздерін толық есепке алу және оларды бюджетке тиісті төлемдер төлеуге тарту жөніндегі өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы, қоршаған ортаны қорғау |
Әр айдың 25 жұлдызына |
7 |
Жыл сайын көлік құралдарының техникалық байқауын өткізу орындарында салықтың толық төленуіне және қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың нормалары мен стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдар қызметкер- лерінің жұмысын ұйымдастыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы, қоршаған ортаны қорғау инспекторы, аудандық салық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4. Қоршаған ортаны ластау, су және жануарлар әлемін пайдалану үшін төлемінің салық салынатын базасын ұлғайту бойынша |
||||
1 |
Ластау объектілер (көздері) толық деректер қорын құруды аяқтау және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
2 |
Барлық табиғат пайдаланушыларды түгендеп, толық есепке алынуын және жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін бюджетке төлемнің уақытылы төленуін бақылауды қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
3 |
Ластаушы объектілер мен көздеріне тұрақты тексерулер жүргізуді және қоршаған ортаның ластану көлемдерін дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4 |
Су ресурстар тұтынушыларын толық түгендеу мен құжаттамалық ресімдеуді және кейіннен салық комитетімен салыстыруды аяқтау |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы |
Тоқсан сай- ын есептік әр айдын айдың 25 жұлдызына |
5 |
Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғатты пайдалану көлемдері мен сапасы жөніндегі келісім шарттарын сақтауды, мониторинг және тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
6 |
Экологиялық нормалар мен табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу және әкімшілік ықпал етуді тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы |
Әр айдың 25 жұлдызына |
7 |
Бюджетке төлемдердің уақытылы түсуін бақылау бойынша уәкілетті органдарының салық комитетімен тығыз өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Қоршаған ортаны қорғау инспекторы, аудандық салық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
5. Әкімшілік тәжірибені қолдануды және кінәрат талаптық жұмысты бақылау |
||||
1 |
Дәрменсіз борышқор- ларды іріктеу және оларға сауықтыру, санкция және банкроттық шараларды тиімді қолдану жұмысын жандандыру, дәрменсіз борышқор- лармен жұмыс жөнін- дегі комитетімен хабарласып мәлімет тапсыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық салық Комитеті |
Үнемі |
2 |
Жаңа өндірістерді құру және олардың тиімді жұмыс істеуі мақсатында конкурс тық өндіріс пен сауықтыру тәртібін жүргізу барысына бақылауды күшейту, дәрменсіз борышқор- лармен жұмыс жөнін- дегі комитетімен хабарласып мәлімет тапсыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық салық Комитеті |
Үнемі |
3 |
Тәркіленген және иесіз мүлікті мемлекет ісіне толық және уақытылы тапсыруға қатысты бөлігінде балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресуге бақылауды күшейту шараларын алу, дәрменсіз борышқорлармен жұмыс жөніндегі комитетімен хабарласып мәлімет тапсыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық салық Комитеті, Аудандық қаржы полициясы бөлімі, Аудандық ішкі істер бөлімі |
үнемі |
4 |
Иесіз автомотокөлікті |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат аудандық көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, Аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық салық Комитеті |
Үнемі |
6. Жергілікті бюджетке түсетін акцизделген өнімнің сапасын және айналымын жақсарту бойынша |
||||
1 |
Жанар-жаңар май және алкоголь өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысатын барлық меншік нысандағы шаруашылық объектілер қызметіне бақылауды күшейту, көрсетілген акцизделген тауарларды контрабандалық жолмен әкелу фактілерін анықтап, шаралар қабылдау |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық қаржы полициясы бөлімі, |
Үнемі |
2 |
Акциз бекеттер жұмысын жандандырып, қажетті нәтижеге қол жеткізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық қаржы полициясы бөлімі, аудандық салық Комитеті |
Тұрақты |
3 |
Тіркелмеген шаруа субъектілері мен жасырын айналым көлемін анықтауда мұнай өнімдері мен алкоголь өнімдері рыногі субъектілерін кезеңділікпен тексеруді қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық қаржы полициясы бөлімі, Аудандық ішкі істер бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4 |
Акцизделген өнімді өндіру және сату бойынша лицензиялық шарттардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты күшейту |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық қаржы полициясы бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
7. Еңбек қатынастарын, еңбекақы төлеу қорын және кәсіпкерлік қызметті жария ету |
||||
1 |
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңды бұзу фактілерін анықтау жөнінде жұмыс жүргізу, сол мақсатта: |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, Аудандық қаржы бөлімі, Аудандық қаржы полициясы бөлімі, аудандық салық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
2 |
Тіркелмеген кәсіпкерлік қызметі субъектілерін тиімді анықтау шараларын қабылдау |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық қаржы бөлімі, Аудандық қаржы полициясы бөлімі, аудандық салық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
3 |
Жасырын еңбек ресурстарын, сондай-ақ еңбек рыногындағы бейрезиденттерді пайдалану фактілерінің жолын кесу жұмыстарын жүргізу. Бейрезиденттерді кәсіпкер ретінде есепке қойылуын қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, Аудандық қаржы полициясы бөлімі, аудандық салық Комитеті, Аудандық ішкі істер бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4 |
Салық комитеті деректер қорының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа көздер мәліметтерін пайдалана отырып, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалгерлікке беретін тұлғаларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселкелік әкімдері, Аудандық қаржы полициясы бөлімі, аудандық салық Комитеті, аудандық ішкі істер бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
5 |
Тіркелмеген шаруа субъектілерді және есепке алынбаған сыртқы экономикалық қызметі шегінде аударылатын табыстарды анықтау мақсатында кеден бөлімшесі және қаржы полициясымен ақпарат алмастыруды жүргізу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық салық комитеті Аудандық қаржы полициясы бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
6 |
Маусымды дала жұмыс тары кезінде жұмыс істеушілердің нақты санын толық есепке алуда ауыл шаруашылы- |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселкелік әкімдері, Аудандық салық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
8. Бюджетке басқа міндетті төлемдердің салық салынатын |
||||
1 |
Лицензияланған қызмет түрлерінің деректері қоры бойынша салық комитетімен салыстыру жүргізіп, тиісті лицензиясы жоқ шаруа субъекті- лерін анықтау және есепке алу жөнінде біріккен шаралар алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық салық Комитеті, Лицензия беру жөніндегі барлық уәкілетті органдар |
|
2 |
Барлық объектілерді сыртқы (визуальдық) жарнаманы орналастыруға рұқсаттаманың баршылығына түгендеу жүргізуді жалғастыру. Қорытындысын тоқсан сайын салық комитетіне тапсыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Аудандық сәулетші |
Тоқсан сайын есептік айдың келесі айының 25 жұлдызына |
3 |
Тиісті заңнама актілерінің талаптарын сақтаумен жарнамалық істің кеңінен дамуын қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Аудандық сәулетші, Мақат аудандық көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4 |
Орын-жайды жалгерлікке беру мүмкіндігін кеңейту мақсатында қызмет бабындағы орын жайларды, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалгерлікке беру үшін бос тұрған, тиімсіз пайдаланыла- тын коммуналдық меншік объектілері нің артығын пайдалану жөнінде шаралар алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Мақат аудандық көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
5 |
Салық комитетіне коммуналдық меншік объектілерімен орын-жайды жалға алу бойынша жасалған келісімдер саны туралы мәліметті ай сайын беру, түгендеу жүргізіп, коммуналдық меншік объектілерін тиісті келісімдерді ресімдеусіз жалгерлікке беру фактілеріне жол берілмеуін қамтамасыз ету |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Мақат аудандық көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
6 |
Коммуналдық кәсіпорындар қызметіне қажетті бақылауды қамтамасыз ету және олардың залалдылығын болдырмау жөнінде пәрменді шаралар алу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселкелік әкімдері, Мақат аудандық көркейту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
9. Шағын, орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау |
||||
1 |
Селолар мен ауылдарда шағын бизнесті дамыту, ауылшаруашылығы өнімін өндіру және нарықты а/ш тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылмайтын жерді анықтау үшін жағдай туғызу |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
2 |
Қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласы, халыққа көліктік қызмет көрсету мен басқа басымды және қажетті кәсіпкерлік түрлер желісін кеңейту |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері |
Әр айдың 25 жұлдызына |
3 |
Бизнес-инкубаторлар, шағын бизнес инфрақұрылымының басқа субъектілерін құрып, қызметін ұйымдастыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Экономика бөлімі |
Әр айдың 25 жұлдызына |
4 |
Жұмыс істемейтін шаруа қожалықтарын анықтау жөніндегі жұмысты күшейту және жер телімдерін кейіннен басқа кәсіпкерлік субъектілеріне берумен оларды тарату бойынша шаралар қабылдау |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық Комитеті, аудандық салық Комитеті |
Әр айдың 25 жұлдызына |
5 |
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атқарылған жұмыс қорытындысын жариялауды ұйымдастыру |
Ай сайын Комиссия төрағасына орындау туралы есеп беру |
Поселке әкімдері, Аудандық бөлімдерінің басшылары |
Әр айдың 25 жұлдызына |
Аудан әкімиятының
2004 жылғы 9 наурыздағы
19 қаулысына 4 қосымша
Мақат ауданы әкімиятының күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1. Мақат ауданы әкімиятының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 06 "Аудандық бюджеттің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ететін жұмысшы тобын құру туралы" қаулысы (Атырау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 22 мамырда N 1504 тіркелген. Мақат тынысы 2003 жыл 06 маусым N 23-24,92-93).
2. Мақат ауданы әкімиятының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 36 "Аудан әкімиятының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 06 "Аудандық бюджеттің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ететін жұмысшы тобын құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 12 тамызда N 1579 тіркелген. Мақат тынысы 2003 жыл 22 тамыз N 37-38).