Әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы-Зырян қалалық маслихатының 2004 жылғы 25 қарашадағы N 15/10-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда N 2079 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2009.04.02 № 02-05-104 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2009.04.02 № 02-05-104 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Зырян ауданы-Зырян қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі 2004 жылға арналған біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.
       2. Ұсынылып отырған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
       3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешім 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Зырян ауданы-Зырян
      қаласының мәслихат хатшысы

Зырян ауданы-Зырян қаласы
мәслихатының 2004 жылғы
25 қарашадағы N 15/10-ІІІ
шешімімен бекітілген

Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын
ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық
сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және
спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына
отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңын орындауға әзірленді.
      2. Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына (бұдан әрі әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем) отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлем жылда бір рет тағайындалып төленеді.
      3. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемнің заңсыз төленген сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтірілуіне жатады.

2. Тағайындау тәртібі

      4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдер тапсырылатын құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;
      2) тұрғылықты жерді растау туралы анықтама.
      5. Осы Ережелердің іс-әрекеті таратылатын екі және одан да көп адамдар бірге тұрғанда біржолғы ақшалай төлемдер әлеуметтік саладағы мамандардың әрбіреуіне беріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      6. Селолық жерде тұрып жұмыс істейтін әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдерді қаржыландыру тиісті жылы осы мақсаттарға қаралған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.

4. Есепке алуды, бақылауды және есеп
беруді жүргізу тәртібі

      7. Біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу жөніндегі есепке алуды, бақылауды және есеп беруді жүргізу тиісті бөлімдердің бас бухгалтерлеріне жүктелсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады