Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментімен 2004 жылғы 30 қарашада № 2807 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 cәуірдегі № 959 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.04.09 № 959 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа алып, аса мұқтаж отбасыларына төлем төлеуді ұйымдастыру тәртібін реттеу мақсатында Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері бекітілсін (№ 1 қосымша).

      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына төлем төлеу 2004 жылғы 1 қаңтарынан бастап жүргізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Н. Церковниковке жүктелсін.

      Қала әкімі В.Мұқатаев

  № 1 қосымша
Орал қаласы әкiмдiгiнің
2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1486 қаулысымен бекiтiлдi

Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік төлем төлеудi жүзеге асырудың
Ережелерi
1. Жалпы ереже

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеудi жүзеге асырудың осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) материалдық көмек көрсетудің тәртібiн реттейдi.

      2. Ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және "Бюджеттік кодекс" Кодекс табылады.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2006.06.15 № 1068 Қаулысымен.

      3. Ережелер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңымен реттелетiн қарым-қатынастарда қолданылмайды.

2. Төлем алу құқығы

      4. Табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен немесе өмiрдегi белгiлi ауыр жағдайларға байланысты әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұрмысы төмен отбасылары (азаматтар), сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары әлеуметтік төлем алуға құқылы:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер Жеңiс күнiне орай;

      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандардың жесiрлерi Жеңiс күнiне орай;

      3) Қоршаудағы Ленинград тұрғындары Жеңiс күнiне орай;

      Өмiрдегi ауыр жағдайлар болып мыналар табылады: отбасы мүшелерiнің бiреуiнің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруларына шалдыққандардың ұзақ уақыт емделуi, операция жасау қажеттiлiгi, Қазақстан Республикасының аумағындағы медициналық мекемелерде емделуге барудың жолақысы және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегi комиссиясының 07.08.2003 жылғы № 732 "Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегi қалалық комиссия құру туралы" (05.09.2003 жылғы тiрк. № 2273) шешiмiмен белгiленген әкiмдiк қаулысымен бекiтiлген басқа да ерекше жағдайлар.

      Ерекше жағдайларға мыналар жатады: өрт, денсаулық жағдайының мүшкiлдiгi, апаттар және басқа да тосын жағдайлар.

      5. Әлеуметтiк төлем ай сайын азаматтардың жекелеген санаттарына төленедi:

      1) облыс әкімдiгiнің 13.11.2001 жылғы № 48 "Бұрын жергiлiктi маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" қаулысы негiзiнде жергiлiктi дәрежедегi дербес зейнеткерлерге (22.11.2001 жылғы тiрк. № 1143);

      2) облыс әкімдiгiнің 13.11.2001 жылғы № 49 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" (22.11.2001 жылғы тiрк. № 1144) қаулысы негiзiнде әскерге соңғы шақырылған тұлғаларға;

      3) бейбiтшiлiк уақытта қаза тапқан әскери қызметшiлердің отбасыларына.

      6. Сондай-ақ әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем жөніндегi комиссиясының шешiмiмен өтiнiш негiзiнде келесi жағдайларда тағайындалады:

      1) азаматтарға зейнеткер жасына жетпеген немесе мүгедек емес қайтыс болған адамды жерлеуге;

      дүниеге келген сәби үшiн азаматтарға (2000, 2001, 2002 жылдары дүниеге келген балалар).

      3) тұрмысы төмен отбасыларына және азаматтардың жекелеген санаттарына (ОСҚ, ОСМ, дербес зейнеткерлер, ақталғандар, мүгедектер, ОСҚ және ОСМ жесiрлерi) стационарда емделуге және медицина мекемелерiнде тексерiлуге;

      табыстары адам басына шаққанда күнкөрiс деңгейiнен төмен азаматтарға тұрғын үйдi газдандыруға.

3. Төлем төлеу жұмыстарын ұйымдастыру

      7. Қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, бiлiм, iшкi iстер басқармалары, қаланың қоғамдық ұйымдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерiнен төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында комиссия құрылады. Комиссия мүшелерiнің саны және жеке құрамы қалалық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.

      Әлеуметтiк төлем жөніндегi комиссиясының мәжiлiсi аптасына бiр рет қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында өткiзiледi.

      8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып мыналар табылады:

      1) азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегi өтiнiштерiн қарау;

      2) көмек сұраған отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және қамтамасыз етiлу деңгейiн тексеру.

      Әлеуметтiк төлемдi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдау.

4. Көмек көрсетудің тәртібi мен мөлшерi

      9. Әлеуметтiк төлем жылына бiр рет отбасы мүшесiнің бiреуiне (азаматқа) ақшалай берiледi.

      10. Әлеуметтiк төлем алуға үмiткер тұлға қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтiнiш тапсырады. Өтiнiшке келесi құжаттар тiркеледi:

      1) Жеке куәлiк (көшірме)

      2) Үй кiтабы (көшірме)

      3) Өткен тоқсандағы табысы туралы анықтама

      4) СТН (көшірме)

      5) Халық банкiндегi немесе Қазпоштадағы есепшотының нөмiрi (көшірме)

      6) Өтiнiш берудің себебiн дәлелдейтiн құжаттар:

      емделуге - емханадан ДКК қорытындысы (№ 9 нысан);

      тұрғын жайда өрт болған жағдайда - өрт туралы акт;

      қайтыс болғанды жерлеуге - жәрдемақы алуға АХАЖ анықтамасы және қайтыс болу туралы куәлiк;

      сәбидің дүниеге келуiне - жәрдемақы алу үшiн АХАЖ анықтамасы және туу туралы куәлiк;

      тұрғын жайды газдандыруға - газ өткiзуге шот-фактура.

      Басқарма маманы өтiнiштi қабылдағанда ұсынылған құжаттарды түпнұсқамен салыстырып тексередi.

      11. Төлем төлеу қаржыны арыз берушiнің есепшотына аудару арқылы жүзеге асырылады:

      1) Ақырет қызметақысын төлеу үшiн - 10 АЕК көлемiнде;

      2) Сәбидің дүниеге келуiне (2000, 2001, 2002 жылдары туған балаларға) - 3 АЕК көлемiнде;

      3) Мына жағдайларда: онкологиялық және туберкулез ауруларын емдеуге, операция өткiзуге, тұрғын жайды газдандыруға көмек көрсеткен жағдайда төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлем жөніндегi комиссияның шешiмiмен белгiленедi.

      4) а) жергiлiктi дәрежедегi дербес зейнеткерлерге - 1 АЕК;

      б) әскерге соңғы шақырылған тұлғаларға - 2,9 АЕК;

      в) бейбiтшiлiк уақытта қаза тапқан әскери қызметшiлердің отбасыларына - 1 АЕК;

      12. 4-тармақта көрсетiлген тұлғаларға Жеңiс күнiне байланысты әлеуметтік төлемдер арыз бермей-ақ, әлеуметтік төлем жөніндегi комиссия белгiлейтiн көлемдегi қаражатты жеке есепшоттарға аудару арқылы жүзеге асырылады.

      13. Төлем мөлшерiн әрбiр нақты жағдайда комиссия белгiлейдi. Көмектiң ең жоғарғы көлемi 10 АЕК-тен аспайды. Ережелердің 4-тармағында қарастырылған жағдайларда төлемнің ең жоғарғы көлемi әлеуметтік төлем комиссиясының шешiмi бойынша көбейтiлуi мүмкiн.

      14. Әлеуметтiк төлем шығындары қалалық бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегiнде қаржыландырылады.

5. Төлем төлеудi жүзеге асыру тәртібi

      15. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы қалалық бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде әлеуметтік көмек төлеу үшiн азаматтардың тiзiмiн жасап ұсынады және тiзiмнің дұрыстығына жауап бередi.

      16. Азаматтардың жекелеген санаттарына төленетiн әлеуметтік төлем мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысына есептеледi.

6. Төлем төлеудi жүзеге асыруды бақылау

      17. тармақ алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2006.06.15 № 1068 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады