Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2009.04.09 № 959 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып және құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестендіруге және реттеуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы", (2004 жылғы 30 қарашадағы тіркеу № 2807, 2004 жылғы 16 желтоқсандағы № 51 "Жайық үні", 2004 жылғы 16 желтоқсандағы № 51 "Пульс города" газеттерінде жарияланған) қаулысымен бекітілген "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері" № 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1 бөлігіндегі 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және "Бюджеттік кодекс" Кодексі табылады".
6 бөлігіндегі 17 тармақ жойылсын.
2. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 579 "Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Р. Мұқаевқа жүктелсін.
Қала әкімі