Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңакала аудандық мәслихаттың 2008.12.23 № 9-7 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаттың VІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже (1 қосымша) бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Сисенғалиға жүктелсін.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | А.Шүкірғалиева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р.Саматов |
Аудандық мәслихатының 2004 жылғы 1 маусымдағы № 6-1 шешімімен бекітілген 1 қосымша |
Табысы жағынан аз қамтылған
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықтың табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін, сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға берілетін, халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегін Республикада тұрғылықты тұратындарға, егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметкер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі, бірақ ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарымында шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін 15 пайыз, қалған санаттағы адамдарға 30 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.
3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңынан мөлшері тұрғын үйі заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жайы көлемінің бір адамға 18 шаршы метрлік орын құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар (зейнеткерлер, мүгедектер) үшін тұратын мекен жайдың көлеміне байланыссыз 30 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемінен аспайды.
4. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
5. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, (магистратура мен аспирантура оқуларын қоса алғанда) күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ, І-ІІ топтағы мүгедектерді егер оларда күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейінгі, сондай-ақ кіші баласы бірінші сыныпты (бірақ 9 жастан аспаған) бітіргенге дейінгі төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқы болмайды.
6. Ұсынылған жұмыстан, немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, белсенді түрде жұмыс істемеген және қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
7. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, жәрдемақының дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәлімет бергені үшін меншік иесі (жалдаушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
II. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
8. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар мемлекеттік тұрғын үй көмегін тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы мүшесі атынан көрсетіп, тұрғылықты жер бойынша уәкілетті орган белгілеген үлгіде өтініш жолдайды.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арызға мынандай құжаттар қоса тіркелді:
1) отбасы құрамы және жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
2) арыз берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер.
Жеке үйдің техникалық төлқұжаты немесе үйдің жекешелендіру келісім шарты, жалдап тұрғаны туралы келісім шарт.
Пайдаланған коммуналдық шығындар жөнінде анықтамалар (газ, жарық, су арна тарту желісі т.б.).
10. Мемлекеттік тұрғын үй көмегі тағайындауды, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген қаржы шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Ауыл (село) әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.
III. Тұрғын үй көмегін есептеу
12. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызды жергілікті уәкілетті орган не учаскелік комиссиямен бірге қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, уәкілетті органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.
13. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғын үйді ұстаумен коммуналдық қызметтер үшін төлемді меншік иесіне (жалдаушыға) аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек.
14. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарымды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
IV. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
15. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
16. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсету шығындарын Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Департаментінің бақылаумен жүргізіледі.
17. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі пәтерлер иелерінің және жолдаушылардың тізімдеріне сәйкес берілген жәрдемақының сомасын әр айдың 25-іне, сатылап аудару аудандық пошта басқармасы және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
18. Қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалынғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруге міндетті.
19. Құжаттардың дұрыс ресімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.