"Әділет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36 Бұйрығы. Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінде 2005 жылда 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3432. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.01.2013  № 6 бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Әділет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N 1813 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 19, 608-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     кіріспеде:
     "13" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;
     "1999 жылғы 11 наурыздағы N 223" деген күн мен нөмір "2004 жылғы 28 қазандағы N 1120" деген күнмен және нөмірмен ауыстырылсын;

     3-тармақта "Әділет Вице-Министрі Р.Ш. Шамсутдиновке" деген сөздер "жетекшілік ететін  Әділет Вице-Министріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әділет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
     кіріспеде:
     "1999 жылғы 11 наурыздағы N 223" деген күнмен нөмірін "2004 жылғы 28 қазандағы N 1120" деген күнмен және нөмірмен ауыстырылсын;

     9-тармақта "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментіне" деген сөздер "Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

     10-тармақта:
     екінші абзацта:
     "Жергілікті" деген сөздің алдынан "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деңгейде" деген сөздермен толықтырылсын;
     "Әділет министрлігінің аумақтық органдары" деген сөздер "Облыстардың, Алматы және Астана қалалық Әділет департаменттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тексеруді аудандар (қалалар) әділет бөлімшелері жүзеге асырады.";

     11-тармақ мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Сондай-ақ, қажет болған жағдайда облыстық, Алматы және Астана қалалық Әділет департаменті аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік,  ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.";

     13-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
     "13. Мемлекеттік органдарда тексерулерді жүргізу үшін:
     1) Департамент қызметкерлерінен құрылатын топтар;
     2) тіркеу бөлімдері қызметкерлерінен құрылатын топтар;
     3) аудандық (қалалық)  әділет  бөлімшелері  қызметкерлерінен құрылатын топтар құрылады.
     Департамент топтарының құрамына аумақтық әділет органдарының қызметкерлері қосылуы мүмкін.
     Тіркеу бөлімдері топтарының құрамына аудандық (қалалық)  әділет  бөлімшелерінің  қызметкерлері қосылуы мүмкін.
     Қажет болған жағдайда, консультациялар алу және көмек көрсету мақсатында өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.".

     20-тармақтың 3) тармақшасында "құралдарында" деген сөзден кейін "ресми" деген сөзбен толықтырылсын.

     2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады