Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.01.2013 № 6 бұйрығымен.
Ескерту: Бұйрыққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005.02.08 N 36 бұйрығымен.
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 ережесiнiң 14-тармағына сәйкес, Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
1. Қоса берiлiп отырған Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет Вице-Министріне жүктелсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2002 жылғы 3 сәуірдегі
N 48 бұйрығымен бекiтiлген
Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi
шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды
реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша
тексерулердi жүргiзу жөнiндегi
нұсқаулық
Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағының, Қазақстан Республикасы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" кодексiнiң, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120, Нормативтiк құқықтық кесімдерді мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулыларының негiзiнде және оларға сәйкес әзiрлендi.
Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36, 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 256,2010.04.13 N 113 бұйрықтарымен.
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқаулық әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды нақтыландырады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн (бұдан әрi - орталық және мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi) ресми жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.
3. Заңнамаға сәйкес жарияланбаған орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi қолданылмайды.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
5. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
6. <*>
Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
7. Тексерулердi жүргiзген кезде Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алуға мiндеттi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
8. Тексерулердiң мiндеттерi:
1) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу мен ресми жариялау саласындағы қолданыстағы заңнаманың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы фактiлерiн анықтау және жол бермеу;
3) күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған, ресми жарияланбаған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз қолдануы фактiлерiн анықтау және жол бермеу;
4) лауазымды адамдармен жалпыға міндетті маңызы бар, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бұзуын анықтау;
5) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн шығару, мемлекеттiк тiркеу және ресми жариялау мәселелері бойынша әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
2. Тексеру жүргiзудi ұйымдастыру
9. Орталық мемлекеттiк органдарда тексерудi жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiру Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне (бұдан әрi - Департамент), жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын тексеру - аумақтық әдiлет органдарының (бұдан әрi - аумақтық әдiлет органдары) басшыларына жүктеледi.
Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005.02.08 N 36, 2005.12.08 N 325, 2010.04.13 N 113 бұйрықтарымен.
10. Орталық мемлекеттiк органдарды тексерудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деңгейде, республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын тексерудi облыстардың, Алматы және Астана қалалық Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтер деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тексеруді аудандар (қалалар) әділет бөлімшелері жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда, тексерулер өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36 бұйрығымен, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325 бұйрығымен.
11. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
Сондай-ақ, облыстық, Алматы және Астана қалалық Әділет департаменті аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005.02.08 N 36, 2010.04.13 N 113 бұйрықтарымен.
12. Тексеру жоспарларын әділет органының бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға), тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес бекітеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011.01.29 N 33 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Тексерулерді жүргізу үшін:
1) Департамент қызметкерлерінен құрылатын топтар;
2) аумақтық әдiлет органдары қызметкерлерінен құрылатын топтар құрылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
14. Тексерулердi жүргiзу алдында тексеруге жататын мiндеттер мен мәселелер тiзбесi кiретiн тексеру бағдарламасы әзiрленедi және тексерулердi жүргiзу үшiн топтардың құрамы белгiленедi.
15. Тексерушiлер тобы тексерiлетiн мәселелердiң мәнiсiн талқылай алатын және қызметтi ұйымдастыруда, сондай-ақ анықталған кемшiлiктердi жоюда консультациялық-әдiстемелiк көмек көрсете алатын неғұрлым тәжiрибелi қызметкерлер санынан жинақталады.
3. Тексерулердi жүргiзу
16. Тексеру жүргізу үшін шығарылған нөмірі мен күнін, тексерілетін органның атауын, тексеру тобының қатысушыларын, тексеру нысанын, тексеру кезеңін, тексеруді бастау және аяқтау күнін қамтитын әділет органдары бірінші басшысымен (немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен) бұйрық шығарылады.
Тексеру басталғанға дейiн бұйрық және оның көшірмесі толтырылған ақпараттық есепке алу карточкасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті аумақтық органдарында (бұдан әрі – уәкілетті орган) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тіркеледі.
Тексеру әділет органдарымен тексеру жүргізу туралы бұйрық уәкілетті органда тіркелгеннен кейін жүргізеді.
Тексеруді бастау күні болып тексеру жүргізу туралы бұйрықта көрсетілген күн есептеледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
17. Алдағы жұмыстардың көлемi, тексерушi топқа қойылған мiндеттер мен оның құрамы ескерiле отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын тексеру мерзiмi белгiленедi.
Тексеруді тоқтату, тоқтата тұру, жаңғырту, мерзiмiн ұзарту әділет органдарының бірінші басшысымен (немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен) жүзеге асырылады.
Тексеріс мерзімі ұзартылған, не ол тоқтатылған, тоқтата тұрылған, жаңғыртылған, сондай-ақ есептен шығарылған жағдайда (өткізілмеген тексеріс ретінде) тиісті есепке алу карточкасы толтырылады және уәкілетті органға ұсынылады.
Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.04.04 N 105, 2010.04.13 N 113 бұйрықтарымен.
18. Тексеру бастаудың алдында тексерушiлер тобы тексерiлетiн органның бірінші басшысына (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) тексерудi тағайындау туралы бұйрықты ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
19. Тексерудi жүргiзген кезде тексерудi жүргiзу туралы бұйрықта көрсетiлген кезеңде шығарылған барлық актiлер, соның iшiнде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтер мен құпиялы Сипаттағы мәлiметтердi қамтитын актiлер тексеруге жатады.
20. Топтардың қызметкерлерi:
1) тiркелiмдердi, iс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi компьютерлiк бағдарламаларды (олар болмаған жағдайда - актiлер кiтаптарын), тексерілетін мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерін, кіріс, шығыс хат-хабар, нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу, нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау журналдарын, "құпия" грифi бар құжаттарды тексерудi жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi таңдауды жүзеге асырады;
3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау бөлiгiнде қолданылып жүрген заңнама талаптарының орындалуын тексередi;
4) сол немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселелердi шешедi;
5) әкiмшiлiк өндiрiстi қозғау және материалдарды сотқа тапсыру туралы шешiмдер қабылдайды;
6) тексерiлетiн мемлекеттiк органның жұмысының жағдайы және анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi көрсетiлетiн тексерудi жүргiзу туралы акт жасайды;
7) тексерулердi тиiмдi жүргiзудi қамтамасыз ету бойынша қолданылып жүрген заңнамада көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындайды.
Тексерушi топтардың мiндеттерi мен функцияларын толықтыруды және нақтыландыруды әділет органдарының бірінші басшысымен (немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен) жүзеге асырылады.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005.02.08 N 36, 2010.04.13 N 113 бұйрықтарымен.
21. Тексерулердi жүргiзген кезде тексерушiлер:
1) тексерулердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан қажеттi материалдар мен ақпаратты сұрауға;
2) мемлекеттiк органдарға заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзуге;
3) әділет органдары бірінші басшысының (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) атына әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып отырған тұлғадан түсiніктеме сұрауға құқылы.
Ескерту: Тексеру барысында үштен артық мемлекеттік тіркеуге, ресми жариялауға жататын нормативтік құқықтық акті анықталған кезде, онда мұндай бұзушылықтар тексерудің әр мәні бойынша жеке-жеке, тексеру қорытындысы бойынша актіге жеке қосымшамен (қосымшалармен) ресімделеді. Бұл ретте, актіде қосымшаға (қосымшаларға) тиісті сілтеме келтіріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
22. Тексерудi жүргiзген кезде тексерушiлер:
1) алынып тасталды;
2) тексерiлетiн субъектiлерге қатысты объективсiздiкке және ағат пiкiрге жол бермейді;
3) тексеру барысында алынған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер, немесе құпиялы сипаттағы мәліметтерді қамтитын ақпаратты жариялауға жол бермейді.
Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
23. Тексерудi жүргiзуге кедергi жасау және (немесе) тексерушiлердiң жұмысына қажеттi жағдайларды қамтамасыз етпеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерінде көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
24. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын актiлердi тексеру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңмен белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
4. Тексеру қорытындыларын ресiмдеу тәртiбi
25. Тексеру қорытындысы бойынша ол аяқталған сәттен бастап үш күннен кешіктірмей анықталған кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту бойынша нақты нұсқаулары бар екі данада акт жасалады. Жасалған актілер тексерілген органның бірінші басшысына (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) танысу және қол қою үшін ұсынылады. Қол қойылғаннан кейін актінің екінші данасы әділет органдарына қайтарылады.
Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
26. Актiде анықталған кемшiлiктер дәйектi және объективтi жазылады, олар дәлелдi және көшiрмелерi (құжаттың күнi мен нөмiрi, нормативтiк құқықтық актiнiң атауы, оның мазмұны және басқа да мәлiметтер) қоса берiлiп, құжаттамалы расталуға тиiс.
Актiнiң мәтiнiнде әр түрлi кестелер мен анықтамалық деректер қамтылмайды, бұл мәлiметтер бөлек қосымшамен ресiмделедi.
Актіге тексеруші топ қол қояды және тексерілген органның бірінші басшысына (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) танысу үшін ұсынылады.
Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
27. Тексерiлген органның бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) тарапынан актiге қарсылықтар немесе ескертулер болған жағдайда, өзiнiң қолының алдында ескертпе жасайды және оған негiзделген жазбаша түсiндiрмелер мен ескертулер қоса берiледi.
Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
28. Тексерiлген органның бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюдан бас тартқан жағдайда актiде тиiстi жазба жүргiзiледi.
Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
29. Жазбаша қарсылықтарда жазылған фактiлердiң растығы тексерiлуге тиiс және топ жетекшiсi олар бойынша жазбаша қорытынды бередi.
Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
30. Сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда тексеру актiсiне тексеру барысында анықталған кемшiлiктерге кiнәлi не оларға қатысы бар адамдардың түсiндiрмелерi қоса берiледi.
31. Тексеріс қорытынды бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, Әділет министрлігімен және оның аумақтық органдарымен заңнама актілерімен қарастырылған ықпал ету шаралары қабылданады (заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіледі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылады).
Ескерту: 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
32. <*>
Ескерту: 32-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
5. Қорытынды ережелер
33. Тексеру барысында олар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген кемшiлiктер анықталған жағдайда, тексерушiлер дереу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.
34. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау және сотқа жiберу «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексiнде және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 87 «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердің өндiрiсi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1882 болып тіркелген) бұйрығында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.04.13 N 113 бұйрығымен.