Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 02 сәуірдегі N 164 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3434. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 202 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.29 N 202 Бұйрығымен.

      Ауыл шаруашылық жануарларының бідейлендіру үшін қолданылатын сырғалардың көлемін ұлғайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

     1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 02 сәуірдегі N 164 "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы" (2003 жылы 25 сәуірде N 2247 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы желтоқсан айындағы N 12 ақпарат - талдау бюллетенінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесіне:

     17 тармақ келесі мәтінде жазылсын:
     "17. Бірдейлендіру нөмірінің жеке тасымалдаушының бірінші жолында, ауыл шаруашылығы жануарының туған жері (халықаралық стандартизациялау жөніндегі ұйымның-ISO коды) елдің аталуы қысқартылған екі әріп қойылады және облыстың коды, екінші жолда ауданның (қаланың), ауылдық (поселкалық) округі, ал үшінші жолға жануардың бірдейлендіру нөмірі.";

     көрсетілген Ереженің қосымшасында:
     Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін 1-ші тармақтағы сырғалардың, таңбалардың және татуировкалардың үлгілері келесі мәтінде жазылсын:
     "1. Ірі қара малдарды, бұғыларды, қойларды, ешкілерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін сопақша сырғамен.
     Көлемі: ұзындығы - 35 миллиметр (әрі қарай - (мм), ені - 25 мм, қалыңдығы - 2 мм; сырға мен бекіту тұтқасының аралығы - 11 мм; бекіту тұтқаның қалыңдығы - 5 мм; тұтқаны бекітетін сақинаның ені - 20 мм; бірінші және екінші жолдардағы шрифтердің көлемі - 5 мм, ал үшінші жолдағы сандардың - 7 мм, сырғалар жұмсақ әрі берік түрлі-түсті фонды материалда, сандар әр-түрлі түсті және ойылып жазылады, жазу екі қатар орналасады: бірінші қатарда елдің аталуы қысқаша екі әріп, облыстың коды, екінші қатарда аудан (қала), ауылдық (поселкалық) округтің коды, ал үшінші қатарда жануарлардың бірдейлендіру нөмірі.".

     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады