Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 53-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылда 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3463. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 23 мамырдағы № 184 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.05.2024 № 184 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ішкі су көлігі кемелеріне атау беруді реттеу мақсатында және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кемеге атау беру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2005 жылғы 28 қаңтардағы
N 53-І бұйрығымен
бекітілген

Кемеге атау беру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемеге атау беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тіркелуге жататын ішкі су көлігі кемелеріне атау беру тәртібін белгілейді.

      3. Ережеде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      кемелерді және оларға құқықты мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.

      4. Кеменің атауы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады және екі сөзден артық болмауы тиіс.

      5. Атауды таңдағанда мыналарды ескеру ұсынылады:

      1) осы заманғы әдеби мемлекеттік тілдің сөз жасау, стилистикалық нормаларын;

      2) қоғамдық ізгілік пен адамгершілік талаптарын.

      6. Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде және аралас "өзен-теңізде" жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.

      7. Кеменің атауы:

      1) кеменің меншік иесінен Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелері қоса берілген өтініш келіп түскенде;

      2) кемеге меншік құқығы ауысқанда өзгертілуі мүмкін.

      8. Кеменің атауы:

      1) егер кемеге құқық шектеулер (ауыртпалықтар) тіркелген болса;

      2) егер қайта атау беруге кеменің меншік иесінің келісімі болмаса өзгертілмейді.

2. Кемеге атау беру тәртібі

      9. Кемеге атау бергісі келген кеменің меншік иесі уәкілетті органға өтініш береді.

      10. Ерікті нысандағы өтініш мынадай құжаттардың:

      кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың;

      осындай атауы бар кеменің жоқтығы туралы уәкілетті орган берген Мемлекеттік кеме тізілімінен немесе кеме кітабынан үзінді көшірменің;

      өтініш берушінің жеке басын және мекен-жайын куәландыратын құжат;

      есімі кемеге берілетін азаматтың немесе оның мұрагерлерінің келісімінің көшірмелері қоса берілген, кемеге атау берудің негіздемесін қамтуы тиіс.

      11. Ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті орган кемеге ұсынылған атауды келісу туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Кеме кітабында тиісті жазба жасалады.

      12. Ұсынылған құжаттар Ереженің талаптарына сай келмеген жағдайда уәкілетті орган келісуден бас тартуы мүмкін.

      13. Қабылданған шешім туралы кеменің меншік иесіне Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттардың келіп түскен күнінен бастап отыз күннің ішінде хабарланады.

      14. Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына тиісті жазба енгізілген күн кемеге атау берілген күн болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады