"Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 53-I бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 23 мамырдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34410 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 53-I бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3463 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады