Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 46-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3465. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министріне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
     4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2005 жылғы 25 қаңтардағы  
N 46-І бұйрығымен    
бекітілді         

Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу
объектілерін тіркеп сүйреу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 63-бабына сәйкес әзірленді және кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.

     2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу кезінде барлық кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне олардың тиесілігіне қарамастан таралады.

     3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     тіркеп сүйреу - бірге қосылған және арнайы өздігінен жүретін кеменің көмегімен жылжытуға арналған бір немесе бірнеше жүзу объектілерінің қозғалу процесі;
     тіркеп сүйретілетін объект - тіркеп сүйреуге берілген кеме, сал және өзге де жүзу объектісі;
     тіркеп сүйретілетін құрам - тіркеп сүйреумен немесе итерумен айналысатын кемені (кемелерді) қоса алғанда, арқанмен тіркеп сүйретілетін немесе итерілетін (немесе қандай да бір басқа тәсілмен) өзара қосылған бір немесе бірнеше кемелер, салдар және жүзу объектілері;
     тіркеп сүйреуші - кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу бойынша қызметтер ұсынатын кемеге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде ие тұлға;
     жөнелтуші - тіркеп сүйретілетін объектіге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде ие тұлға;
     сал -  өзара қосылған бөренелерден, құбырлардан және басқа да заттардан тұратын, оларды су арқылы тасымалдауға арналған және тұрақты оң жүзгіштігі бар жүзбелі құрал;
     көліктік жүкқұжат - тіркеп сүйреу кезінде ресімделетін тасымалдау құжаты;
     осы Ережеде қолданылатын өзге де ұғымдар ішкі су көлігі саласындағы заңнамалық кесімдерде көзделген.

2-тарау. Тіркеп сүйреуді ұйымдастыру

     4. Объектілерді тіркеп сүйреу тіркеп сүйреу шартына сәйкес жүзеге асырылады. Шарт жазбаша немесе ауызша нысанда жасалуы мүмкін.
     Шартты ауызша нысанда жасау кезінде тіркеп сүйреуді басқару жөніндегі міндеттерді тіркеп сүйрейтін кеменің капитанына жүктеу туралы келісім жазбаша түрде расталады.

     5. Тіркеп сүйретілетін объектінің жөнелтушісі тіркеп сүйреуге уақтылы және сапалы дайындықты, оның техникалық жай-күйін, экипажбен жабдықталуын (қажет болған кезде) қамтамасыз етеді.

     6. Тіркеп сүйретілетін объектінің жөнелтушісі объектінің жүзуге жарамдығы туралы куәлігін Тіркеп сүйреушіге ұсынады.

     7. Тіркеп сүйреуші білікті экипажбен жабдықталған, тіркеп сүйреуге техникалық жағынан дайын және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын қанғаттандыратын тіркеп сүйреу кемесін тіркеп сүйретілетін объекті капитанының қарауына береді.

     8. Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, тіркеп сүйреу жабдығын тіркеп сүйретілетін объектінің Жөнелтушісі береді.

     9. Тіркеп сүйрететін кеме жүзіп өту маршруты бойынша түзетілген карталар жинақталымымен қамтамасыз етіледі.
     Бүкіл кемелерде, соның ішінде тіркеп сүйретілетін кемеде, егер онда ілесіп жүретіндер болса, екі жақты радио-телефондық байланысты УҚТ-радиостанция болуы қажет.

     10. Алыс тіркеп сүйреулер кезінде Тіркеп сүйреушіде негізгі арқанға ұзындығы мен жарылу беріктігі бойынша тең қосалқы тіркеп сүйреу арқаны болуы қажет.

     11. Тіркеп сүйреу процесінде тіркеп сүйреуші ішкі су көлігіндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін басшылыққа ала отырып жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

     12. Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, тіркеп сүйреуші объектіні тіркеп сүйреу тәсілін дербес таңдайды - жол жағдайына байланысты итеру немесе тіркеп сүйреу әдісімен.

     13. Егер тіркеп сүйреу кезінде кемелер (объектілер) дауылға кез болса (немесе өзге де кездейсоқ жағдайларға), тіркеп сүйреуші және тіркеп сүйретілетін объектінің барлық алдын ала сақтандыру және сақталушылық шараларын қолдануы тиіс.

     14. Кездейсоқ жағдайлар кезінде тіркеп сүйретілетін объектіні қалдырып кеткен  жағдайда тіркеп сүйреуші ол қалдырып кеткен объектінің осы учаскеде  кеме қатынасына, осы аудандағы басқа кемелерге қауіп және экологиялық ластану қауіпін төндірмеуіне барлық ықтимал шараларды қолданады.

     15. Тіркеп сүйретілетін объектімен көлік оқиғасы болған жағдайда, тіркеп сүйреуші жөнелтушімен бірлесіп осындай оқиғадан келген зиянды азайту және оның салдарын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

     16. Тіркеп сүйретілетін объектіні экипажбен немесе жолсеріктермен қамтамасыз ету тәртібі тіркеп сүйреу шартында белгіленеді, бұл ретте кеме жүзуге шығатын күні оның экипажының саны кеменің ең аз құрамы туралы белгіленген талаптардан кем құрамайды.

     17. Тіркеп сүйретілетін объектінің мүшелері кеме қатынасы қауіпсіздігін, тіркеп сүйретілетін объектінің сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде тіркеп сүйрейтін кеме капитанының өкімін орындайды және тіркеп сүйретілетін объектімен болатын көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде шаралар қолданады.

3-тарау. Салдарды жөнелтушілерге
қойылатын талаптар

     18. Салдарды жөнелтуші:
     1) салдарды қалыптастыруды;
     2) тіркеп сүйреуді ұйымдастыру туралы шарттың талаптарына сәйкес келетін және Жөнелтуші мен Тіркеп сүйреушінің арасындағы келісілген көрсетілген мерзімдерде оларды тіркеп сүйреу үшін  Тіркеп сүйреушімен алдын ала келісілген ұсыну орындарына шығаруды;
     3) жөнелту пункттерінде және салдарды қайта қалыптастыру және олардың тұрақ пункттерінде айлақтық құрылғыларды жабдықтауды;
     4) салдарды жолда олардың көпір астынан, шлюздер және басқа да  ішкі су жолдарының кеме қатынасы үшін қиын учаскелері арқылы өтуі үшін қайта қалыптастыруды;
     5) қиын учаскелер арқылы қосалқы кемелермен салдарды алып өту;
     6) жолда алдын алу және авариялық жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады.

     19. Ішкі су жолдарының қиын учаскелері арқылы салдарды алып өту үшін қосалқы кемелерді Тіркеп сүйреуші ұсынған жағдайда салдарды жөнелтушілерден тіркеп сүйреу шартында белгіленген мөлшерде төлем алынады.

4-тарау. Тіркеп сүйретілетін
объектіні қабылдау

     20. Тіркеп сүйретілетін объектіні Жөнелтуші тартымды тексеру мен беру үшін қажетті уақытты есепке ала отырып, тіркеп сүйреу шартында көрсетілген мерзімге дейін Тіркеп сүйреушіге тексеру үшін ұсынады. Тіркеп сүйретілетін объектіні тексеру үшін ұсыну уақыты тіркеп сүйреу шартында жергілікті жағдайлар негізге алына отырып белгіленеді.

     21. Тіркеп сүйреуші тіркеп сүйретілетін объектіні қабылдағанға дейін оны тексеруді жүргізеді, тіркеп сүйреу үшін қажетті құжаттарды, жарақты (такелажды) және тіркеп сүйретілетін объектінің жабдығын, тіркеп сүйретілетін объектінің габаритін, тіркеп сүйретілетін объектінің жүзу ережесіне сәйкестігін тексереді, ал салдарға қатысты салдардың қалыптасуының және жарақтарының техникалық шарттарына сәйкестігін.

     22. Тіркеп сүйреуге кедергі жасайтын ақаулар мен кемшіліктерді тапқан жағдайда оларды жою мерзімін көрсетіп,  ақаулар мен кемшіліктердің тізбесі бар коммерциялық акті жасалады.

     23. Тіркеп сүйреуге кедергі жасайтын ақаулар мен кемшіліктер болмаған немесе жойылған кезде тараптар тіркеп сүйретілетін объектінің тіркеп сүйреуге дайындығы туралы акті жасайды, оның негізінде қосымшаға сәйкес көліктік жүкқұжат ресімделеді.

     24. Тіркеп сүйреу шарттары бойынша жолда тіркеп сүйретілетін объектіні басқару талап етілмеген жағдайда, ал экипаждың тіркеп сүйретілетін объектіде болуы қиын және қауіпті болып табылғанда, шартта тіркеп сүйретілетін объекті экипажын тіркеп сүйрейтін объектіде орналастыру көзделуі мүмкін.

5-тарау. Тіркеп сүйретілетін объектіні
жеткізу пунктінде беру

     25. Тіркеп сүйреуші тіркеп сүйретілетін объектінің жеткізу пунктіне келу уақыты туралы алушыны 24 сағаттан кешіктірмей, сондай-ақ тіркеп сүйретілетін объектінің келуіне дейін 6 сағат бұрын қайталап хабардар етеді.

     26. Тіркеп сүйретілетін объектіні алушы тіркеп сүйрейтін объектінің капитанына тіркеп сүйретілетін объектіні қоятын орынды және оны қабылдау орнын көрсетеді, сондай-ақ тіркеп сүйретілетін объектінің қауіпсіз қойылуын қамтамасыз етеді.

     27. Тіркеп сүйретілетін объектінің жеткізу пунктіне келуі бойынша Тіркеп сүйреуші Алушымен бірлесіп оны тексеруді жүзеге асырады.

     28. Тіркеп сүйретілетін объект жеткізу пунктіне зақымдану белгілерімен жеткізілген жағдайда Тіркеп сүйреуші тіркеп сүйретілетін объектінің Алушысымен бірлесіп зақымдануларды тексеру мен бағалауды жүргізеді.

     29. Салдарға қатысты да жасалған коммерциялық актіде бөренелерді қайта есептеусіз маманданымдар негізінде көрсетілген бірліктегі ағаш санын көрсетумен және зақымдалған салдар бірлігіндегі ағаштың шамаланған санын көрсетумен жарамды жай-күйде келген салдардың бірліктерін есептеу жүргізіледі.

     30. Салдардың зақымдалған бірліктерінен ағаштарды ақырғы тапсыру және қабылдау бөренелерді судан жағалауға сүйретіп шығарған кезде немесе қос тараптың өкілдері оларды суда қайта санау жолымен жүзеге асырылады.

     31. Осы Ереженің 27, 28, 29, 30-тармақтарында көзделген іс-қимылдар тіркеп сүйреу аяқталған уақыттан бастап шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырылады.

6-тарау. Көліктік жүкқұжатты ресімдеу
тәртібі

     32. Көліктік жүкқұжат негізгі тасымалдау құжаты болып табылады.

     33. Жөнелтуші тіркеп сүйретілетін объектіні тіркеп сүйреуге  ұсынумен бір уақытта толтырылған жүкқұжатты ұсынады.

     34. Жүкқұжатты Жөнелтуші бір алушыға және бір жеткізу пунктіне жіберілетін әрбір ұсынылған тіркеп сүйретілетін объектіге толтырады.

     35. Көліктік жүкқұжатқа енгізілген мәліметтердің өзгерістері мен толықтырулары жөнелтушінің және тіркеп сүйреушінің қолымен расталады.

                                  Кемелерді, салдарды және өзге де
                                      жүзу объектілеріне қосымша

                  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                        ІШКІ СУ КӨЛІГІ

                       ___________ N_ шартқа
                       N____ көліктік жүкқұжаты

Жөнелту пунктті ____________
Жөнелтуші_________________
         (толық атауы)

Жөнелту пунктті ___________
Алушы ___________________
        (толық атауы)

Почта мекен-жайы және
жөнелтушінің банктік
деректемелері
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________

Почта мекен-жайы және
алушының банктік
деректемелері
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________

Тіркеп
сүйре-
тілетін
объекті-
нің
нөмірі
(атауы)

Жөнелтушінің
белгілеуі бойынша
деректер

Тарифтік белгілер

Габарит-
тер (м)

Көлем
(текше
м.)

Сал-
мақ
(т)

Тіркеп
сүйреу
қашық-
тығы
(км)

Жол
габариттері

Тіркеп
сүйреу-
шінің
белгісі


Ұзындығы
_____
Ені
____
Шөгуі
____




Тереңдігі__
Ені___
Айналым
R___


  Салдың көлемі және кеменің суысырғыштығы
______________________________________________________________
           (жазбаша жазу)

Жинақталған салдағы және құрамдағы жүкқұжатының NN


1. Объектіні дайындауға
(салды, кемені және
басқа объктілерді)
және оның қауіпсіз жүзу
мен тіреп сүйреуге
жарамдығына
_______________________
   (ұймның атауы)
жауап береді
2. Тіркеп сүйретілетін
объектідегі қауіпсіз-
дікті қамтамасыз етуге
жауапты
______________________
(Т.А.Ә.а., лауазымы)
3. Қоса берілген
құжаттар:
А) ____________________
Б) ____________________
В) ____________________
Г) ____________________

Жөнелтуші:_____________            (қолы, мөрі)

     ТӨЛЕМДЕР:
1.________ N_ шартқа сәйкес
____________ сомада жөнелту
(жазбаша жазу)
пунктінде алынған
Тіркеп сүйреу процесіндегі
қосымша төлемдер__________
Төлемдер барлығы:
Алынған: _________________
         (жазбаша жазу)

Қолы

м.о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады