Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 20 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3478. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 ақпандағы N 4 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 ақпандағы N 4 қаулысымен.

----------------Қаулыдан үзінді------------------
 
      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 20 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3478 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
----------------------------------       

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті лицензиялары негізінде ломбардтар жүзеге асыратын банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
     3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
     4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны ломбардтарға жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2005 жылғы 3 ақпандағы    
N 20 қаулысымен бекітілген  

  Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың
бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық

1-бөлім. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", " Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2509 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324  қаулысына , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2765 тіркелген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ломбардтар ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43  қаулысына , сондай-ақ қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

     2. Осы Нұсқаулық ломбардтардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) лицензиялары негізінде жүзеге асыратын банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуін жан-жақты талдайды.

  2-бөлім. Ломбардтар берген заемдарды есепке алу

     3. Ломбард берген заемдар бухгалтерлік есепте "компания берген және саудаға арналмаған несиелер және дебиторлық берешек" санатында көрсетіледі және пайыздың тиімді ставка әдісі пайдаланыла отырып бағаланады. Ломбард берген заемдар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді. Заем берген кезде пайда болған жеңілдіктің немесе сыйақының заемға ие болу мерзімі ішіндегі немесе заемды өтеу күніне дейінгі сомасы пайыздың тиімді ставкасы (кірістіліктің ішкі нормасы) бойынша амортизацияға жатқызылады.

     4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес санаттар бойынша жіктелген (егер ломбардта бірнеше санаттар болса) берілген заемдарды бухгалтерлік есепте көрсету жөніндегі негізгі талаптар ломбардтың есеп саясатында көзделеді.

     5. Егер ломбардтың өзіне берілген заем жөніндегі құқықтарын басқа тұлғаға беруге ниеті болса, мұндай заем "саудаға арналған" деген санатта көрсетілуге және әділ құны бойынша бағалануға жатады.

  1-тарау. Берілген заемды бастапқы тану және
бағалау кезіндегі операцияларды есепке алу

     6. Ломбард бастапқы тану кезінде берілген заемды нақты жұмсалған шығындар бойынша, әділ құны бойынша бағалайды. Ломбардтың заем жөнінде мәмілелер жасау бойынша жұмсаған шығындары заемның бастапқы бағалау құнына кіреді.

     7. Ломбардтың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес банктік заем шарты жасалғаннан кейін және заем ресімдеу жөніндегі (оның ішінде заемның қайтарылуын қамтамасыз ету жөніндегі) барлық қажетті рәсімдер орындалғаннан кейін, тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі - Дт) мен кредиті (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) берілген заем сомасы өтелуге жататын заем сомасына тең болған жағдайда:
     нақты берілген ақша сомасына:

Дт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"
Кт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";

     заемшының заем алғаны үшін комиссия түрінде шеккен шығыстарының сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";
Кт  701  27  "Басқа комиссиялық кірістер";

     1) берілген заемның сомасы өтелуге жататын заемның сомасынан аз болған жағдайда:
     нақты берілген ақша сомасына:
Дт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"
Кт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";

     жеңілдік сомасына:
Дт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"
Кт  611      "Болашақ кезеңдердегі кірістер" (жеңілдікті есепке алу
            бойынша жеке субшот);

     3) заемшының заем алғаны үшін комиссия түрінде шеккен шығыстарының сомасына:
Дт  441      "Корреспонденттік, ағымдағы шоттардағы ұлттық
            валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  701  27  "Басқа комиссиялық кірістер".

     8. Кепіл затына арналған кепіл, кепілдік және құқықты белгілейтін құжаттар туралы банктік заем шарттарының түпнұсқалары ломбардтың кредиттік досьесіндегі құжаттардың толықтығын және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелетін ломбардтың жауапты адамында сақталады. Осы құжаттарды есепке алу баланстан тыс шотта жүргізіледі.

     9. Кепіл туралы шарт негізінде заемды қамтамасыз етуге қабылданған мүлік құнының сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Кіріс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге)
             қабылданған мүлік",
      1135  "Сақтаудағы қымбат металдар",
      1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар".

     10. Егер заемшының міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде кепілдік қабылданса, баланстан тыс шоттарда қабылданған кепілдіктің сомасын көрсету жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  1002  "Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар"
Кт  1052  "Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың ықтимал
         азаюы".

  2-тарау. Берілген заем бойынша есептелген
сыйақыны есепке алу және оның төленгенін көрсету

     11. Берілген заем бойынша сыйақы есептеу ломбардтың есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен жүргізіледі. Есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  332  25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер".

     12. Заемшы берілген заем бойынша есептелген сыйақыны төлеген кезде, алынған сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";
Кт  332  25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер",
   663  01  "Берілген заемдар және орналастырылған салымдар
            бойынша алдын ала сыйақы төлеу".

     13. Заемшы берілген заем бойынша сыйақы сомасын алдын ала төлеген жағдайда, мұндай сома есептеу әдісіне сәйкес ломбард кірістерінің шоттарында көрсетуге жатады.

  3-тарау. Берілген заем бойынша жеңілдіктің
амортизациясын есепке алу

     14. Жеңілдік - есептелген сыйақыны қоспағанда, банктік заем шартында көрсетілген заем бойынша негізгі борыш сомасы мен ломбардтың нақты берген заем сомасы арасында пайда болатын оң айырмашылық сомасы.

     15. Жеңілдік амортизациясы ломбардтың есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен жүзеге асырылады. Жеңілдік амортизациясының сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  611      "Болашақ кезеңдердегі кірістер" (жеңілдікті есепке алу
            бойынша жеке субшот)
Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер".

  4-тарау. Берілген заемның өтелуін есепке алу

     16. Заемшыдан берілген заем бойынша негізгі борыш сомасын өтеу шотына ақша түскен кезде, алынған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар".

     17. Берілген заем бойынша негізгі борыш және есептелген сыйақы сомалары толық өтелген кезде, шарттардың (банктік заем шартының, кепілдік шартының, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы шарттың) баланстан тыс шотынан кепіл затына құқық белгілейтін құжаттардың, оның техникалық құжаттамасының және заемшыға қайтарылуға жататын басқа да құжаттардың берілген кепіл құнын, қабылданған кепілдік сомасын есептен шығару жүзеге асырылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
     кепілге қабылданған мүліктің құнын есептен шығарғанда:
Шығыс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге)
            қабылданған мүлік",
      1135  "Сақтаудағы қымбат металдар",
      1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар";

     қабылданған кепілдіктің сомасын есептен шығарғанда:
Дт  1052  "Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың ықтимал
         азаюы"
Кт  1002  "Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар".

  5-тарау. Берілген заем бойынша мерзімі
өткен берешекті есепке алу

     18. Заемшы есептелген сыйақыны банктік заем шартындағы мерзімде төлемеген жағдайда есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы мерзімі өткен активтер шотына жатқызылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген
            заемдар бойынша жеке субшот)
Кт  332  25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер".

     19. Заемшы берілген заем бойынша негізгі борыштың сомасын банктік заем шартында көзделген мерзімде төлемеген жағдайда, берілген заем бойынша негізгі борыштың өтелмеген сомасы мерзімі өткен активтер шотына жатқызылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  403  24  "Клиенттердің берілген заем бойынша мерзімі өткен
            берешегі"
Кт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар".

     20. Егер банктік заем шартының талаптарында берілген заем бойынша мерзімі өткен берешек үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу көзделген болса, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  334      "Басқа да дебиторлық берешек" (тұрақсыздық айыбы
            (айыппұлдар, өсімпұлдар бойынша жеке субшот)"
Кт  727      "Негізгі емес қызметтен басқа да кірістер (тұрақсыздық
            айыбы (айыппұл, өсімпұл бойынша жеке субшот)".

     21. Берілген заем бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомасы бойынша мерзімі өткен берешекті, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеген кезде, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
     негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  403  24  "Клиенттердің берілген заемдар бойынша мерзімі өткен
            берешегі";

     сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген
            заемдар бойынша жеке субшот)";

     тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  334      "Басқа да дебиторлық берешек" (тұрақсыздық айыбы
            (айыппұлдар, өсімпұлдар бойынша жеке субшот)".

     22. Ломбард төленбеген мерзімі өткен сыйақы сомасын баланстан есептен шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда (ломбардтың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде), мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
     төленбеген мерзімі өткен сыйақы сомасына:
Дт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер"
Кт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген
             заемдар бойынша жеке субшот)";

     және сонымен қатар:
Кіріс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (есептен
            шығарылған мерзімі өткен сыйақы сомасына жеке субшот)".

     23. Заемшы баланстан шығарылған сыйақы сомасын өтеген жағдайда, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер"

     және сонымен қатар:
Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (есептен
            шығарылған сыйақы сомасына жеке субшот)".

  6-тарау. Берілген заем бойынша провизиялар
құру жөніндегі операцияларды есепке алу

     24. Берілген заем бойынша провизиялар құрған кезде, құрылған провизияның сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)
            қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың
            орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)".

     25. Заемдарды неғұрлым жоғары санатқа қайта жіктеген кезде, олардың қалыптастырылу мерзіміне қарамастан, берілген заем бойынша бұрын құрылған прозизиялардың сомасы жазылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың
            орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)".
Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)
            қалыптастыру бойынша шығыстар".

     26. Берілген заем бойынша баланста көрсетілетін негізгі борыш сомасын өтеген кезде ол бойынша бұрын қалыптастырылған провизиялар жазылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
     өтеу сомасына:
Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың
            орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)"
Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)
            қалыптастыру бойынша шығыстар".

  7-тарау. Берілген заемды есептен шығару
бойынша операцияларды есепке алу

     27. Ломбардтың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде үмітсіз ретінде жіктелген берілген заемның құрылған провизиялары есебінен баланстан есептен шығарған кезде, мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың
            орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)"
Кт  403  24  "Берілген заемдар бойынша клиенттердің мерзімі өткен
            берешегі";

     және сонымен қатар, шығынға жатқызылған берешектің сомасына:
Кіріс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (берілген заем
            бойынша негізгі борышты есепке алуға арналған жеке
            субшот)".

     28. Заемшы берілген заем бойынша баланстан есептен шығарылған негізгі борыш сомасы бойынша берешекті өтеген кезде, үмітсіз берешектің баланстан шығарылған күніне қарамастан, мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     өтеу сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)
            қалыптастыру бойынша шығыстар";
     сонымен қатар, берілген заем бойынша баланстан есептен шығарылған берешекті өтеу сомасына:
Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (берілген заем
            бойынша негізгі борышты есепке алуға арналған жеке
            субшот).

  8-тарау. Берілген заем бойынша кепіл затын есепке алу

     29. Кепіл затының бағалау құны өзгерген жағдайда, оның құны жаңа бағалау құны бойынша кіріске алынады және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) кепіл затының құнына:
Шығыс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге)
            қабылданған мүлік",
      1135  "Сақтаудағы қымбат металдар",
      1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар";

     2) кепіл затының бағалау құнына:
Кіріс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге)
            қабылданған мүлік",
      1135  "Сақтаудағы қымбат металдар",
      1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар".

     30. Кепіл заты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көпшілік сауда-саттықта сату арқылы өткізілген (сатылған) жағдайда, баланстан тыс есептен кепіл затының құнын есептен шығару жүргізіледі, ал кепіл затын өткізуден алынған ақша сомасы заемшының берешегін өтеуге жіберіледі. Егер кепіл затының өткізу құны берілген заемның және есептелген сыйақының сомасынан асатын болса, айырмасы заемшыға қайтарылады. Егер кепіл затының өткізу құны берілген заемның және есептелген сыйақының сомасынан кем болса, айырмасы ломбард шығындарының есебінен есептен шығарылады.

     31. Сауда-саттықтың өткізілмеді деп жариялануына байланысты кепіл заты ломбардтың меншігіне айналған кезде, кепіл затын кіріске алу ломбардтың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) кепіл затын кіріске алған кезде:
     егер кепіл заты алдағы уақытта сатылатын болса немесе ломбардтың негізгі қызметінде пайдалану мүмкін болмаса:
Дт  222      "Сатып алынған тауарлар"
Кт  687      "Басқалары";

     егер кепіл заты ломбардтың негізгі қызметінде пайдаланылатын болса:
Дт  12       "Негізгі құрал-жабдықтар"
Кт  687      "Басқалары";

     2) кепіл затының құнын есептен шығарған кезде:
Шығыс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге)
            қабылданған мүлік",
      1135  "Сақтаудағы қымбат металдар",
      1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар".

     32. Бұрын кепілге қабылданған мүлікті балансқа кіріске алғаннан кейін берілген заем бойынша берешекті толық немесе ішінара есептен шығару және осы операцияларға байланысты басқалары жүзеге асырылады және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасына:
Дт  687      "Басқалары"
Кт  334      "Басқа дебиторлық берешек" (тұрақсыздық айыбы
            (айыппұл, өсімпұл) бойынша жеке субшот)";
     2) берілген заем бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы сомасына:
     егер берілген заем бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы сомасы баланста есепте тұрған жағдайда:
Дт  687      "Басқалары"
Кт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген
            заемдар бойынша жеке субшот)";
     егер берілген заем бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы сомасы ағымдағы жылы немесе өткен есептік кезеңдерде баланстан есептен шығарылған жағдайда:
Дт  687      "Басқалары"
Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер";

     және, сонымен қатар, меморандум шотында есепте тұрған берілген заем бойынша берешек сомасына:
Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (есептен
            шығарылған мерзімі өткен сыйақы сомасына жеке субшот);

     3) негізгі борыш бойынша берешек сомасына:
     егер негізгі борыш бойынша берешек баланста есепте тұрған жағдайда:
Дт  687      "Басқалары"
Кт  403  24  "Клиенттердің берілген заемдар бойынша мерзімі өткен
            берешегі;

     және сонымен қатар, құрылған провизияларды өтелген негізгі борыш сомасына азайту жүргізіледі:
Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындарды
            жабуға арналған резервтер (провизиялар)"
Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)"
            қалыптастыру бойынша шығыстар";

     егер негізгі борыш бойынша берешектің сомасы есептен шығару күніне қарамастан, баланстан есептен шығарылған жағдайда:
Дт  687      "Басқалары"
Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)"
            қалыптастыру бойынша шығыстар";

     және сонымен қатар, меморандум шотында есепте тұрған берілген заем бойынша берешектің сомасына:
Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (берілген заем
            бойынша негізгі борышты есепке алуға жеке субшот);

  3-бөлім. Ломбард жүзеге асыратын
лизинг қызметін есепке алу

     33. Ломбард лизинг алушының лизинг затын берген кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  303  21  "Қаржылық жалдау"
Кт  12       "Негізгі құрал-жабдықтар",
   222      "Сатып алынған тауарлар".

     34. Берілген лизинг бойынша сыйақы есептеу ломбардтың есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен жүргізіледі және есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: 
Дт  332  26  "Клиенттерге берілген қаржылық жалдау бойынша сыйақы
            түрінде есептелген кірістер"
Кт  724  26  "Қаржылық жалдау бойынша сыйақы алуға байланысты
            кірістер".

     35. Ломбард лизинг төлемдерін алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
     берілген лизинг бойынша есептелген сыйақы сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  332  26  "Клиенттерге берілген қаржылық лизинг бойынша сыйақы
            түрінде есептелген кірістер";
     берілген лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  303  21  "Қаржылық жалдау".

     36. Берілген лизинг бойынша мерзімі өткен берешекті, құрылған провизиялар сомаларын, есептен шығарылған үмітсіз берешекті есепке алу лизингті есепке алуға арналған тиісті бухгалтерлік есеп шоттары пайдаланыла отырып, осы Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 5-7-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

  4-бөлім. Ломбард жүргізетін сейф
операцияларын есепке алу

     37. Ломбард сейф операцияларын жүргізген кезде, сейф операциялары бойынша қызмет көрсеткені үшін комиссия есептеу жүргізеді және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  332  33  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін
            есептелген комиссиялық кірістер"
Кт  701  24  Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін
            комиссиялық кірістер".

     38. Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссия алынған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  441  02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
   451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт  332  33  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін
            есептелген комиссиялық кірістер".

     39. Клиент сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссия төлеуді кешіктірген жағдайда, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт  332  37  "Мерзімі өткен комиссиялық кірістер"
Кт  332  33  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін
            есептелген комиссиялық кірістер".

     40. Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін мерзімі өткен комиссияны баланстан есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт  701  24  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін
            комиссиялық кірістер"
Кт  332  37  "Мерзімі өткен комиссиялық кірістер";

     және сонымен қатар:
Кіріс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (сейф
            операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссия
            бойынша жеке субшот)".

  5-бөлім. Қорытынды ережелер

     41. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады