Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 21 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3495. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 Қаулысымен.

      Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.03.29 № 16 (2011.02.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Төлем карточкалары нарығының дамуына талдау жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 24 тамыздағы  N 321 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1982 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2002 жылғы 4-17 қарашада жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 24 тамыздағы N 321 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы  N 426 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2659 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2004 жылғы 1-18 қаңтарда жарияланған).
      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2005 жылғы 3 ақпандағы    
N 21 қаулысымен бекітілген 

Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді
жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және төлем карточкаларының эмитенттері немесе эквайерлері болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) төлем карточкалары нарығының дамуына мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасауына және ұсынуына қойылатын талаптарды белгілейді.
 

      2. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1260 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331  қаулысында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қос прокат - төлем карточкасы пайдаланылып жүзеге асырылған бір транзакция бойынша бірнеше чектер ресімдеу;
      2) қосымша төлем карточкасы - клиенттің сенім білдірген адамының атына шығарылған төлем карточкасы;
      3) импринтер - төлем карточкасының бет жақ бедерін жапсыру арқылы жапсырмаларды ресімдеуге арналған механикалық құрылғы;
      4) алаяқтық транзакциялар - төлем карточкасын, оның деректемелерін, қолдан жасалған төлем карточкасын және/немесе өзге де заңсыз тәсілді пайдаланып, төлем карточкасының заңды ұстаушысы немесе үшінші адам жасаған заңсыз қолма-қол жасалмайтын төлемдер немесе қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;
      5) негізгі төлем карточкасы - ұстаушысы клиент болып табылатын төлем карточкасы;
      6) қолдан жасалған төлем карточкасы - алаяқтық транзакцияларды жүзеге асыру мақсатында заңсыз жолмен дайындалған, ішінара немесе толық қолдан жасалған төлем карточкасы;
      7) банктің қызмет көрсету желісі - банктің иелігіндегі электрондық-механикалық құрылғыдан тұратын, сол арқылы төлем карточкалары пайдаланылып, транзакциялар жүзеге асырылатын желі;
      8) басқа банктің қызмет көрсету желісі - барлық банктердің иелігіндегі электрондық-механикалық құрылғыдан тұратын, сол арқылы төлем карточкалары пайдаланылып, транзакциялар жүзеге асырылатын желі;
      9) сауда орны - төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтың орналасқан жері;
      10) сауда терминалы - төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауарлар немесе қызмет көрсеткені үшін сол арқылы ақы төленетін электрондық-механикалық құрылғы;
      11) транзакция - төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған қолма-қол жасалмайтын төлемдер және/немесе қолма-қол ақша беру бойынша операциялар.
 

      3. Төлем карточкалары жөніндегі мәліметтерге мыналар кіреді:
      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтың саны және карт-шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер;
      3) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аймақтар шеңберінде айналыста жүрген төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер;
      4) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған транзакциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;
      5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде пайдалану арқылы жасалған транзакциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;
      6) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық транзакциялардың көлемі туралы мәліметтер.
 

      4. Банктердің тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкке беретін төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық транзакциялардың көлемі туралы мәліметтерін қоспағанда, банктер төлем карточкалары жөніндегі мәліметтерді ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) береді.
 

      5. Төлем карточкаларының эмитенттері төлем карточкалары және оларды пайдалану арқылы жасалған транзакциялар жөніндегі мәліметтерді, оның ішінде осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының басқа да банктері тарататын төлем карточкалары жөніндегі мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынады.
 

      6. Төлем карточкаларының эмитенттері болып табылмайтын эквайерлер осы Нұсқаулықтың 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген төлем карточкалары жөніндегі мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынады.
 

      7. Басқа банктерден сауда терминалдарын және/немесе импринтерлерді пайдалауға алған және кәсіпкерлермен төлем карточкаларына қызмет көрсетуге шарттар жасаған банк осы құрал-жабдықтың саны туралы және оны пайдалану арқылы жасалған осы Нұсқаулықтың 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген транзакциялар туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынады.
 

      8. Басқа банктерден пайдалануға банкоматтар алған банк банкоматтардың саны туралы және оны пайдалану арқылы жасалған осы Нұсқаулықтың 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген транзакциялар туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынады.
 

      9. Эмитенттер - Қазақстан Республикасының резиденті еместер шығарған төлем карточкаларын тарататын Қазақстан Республикасының банктері осы Нұсқаулықтың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлем карточкалары жөніндегі мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынады.
 

      10. Егер операция шетел валютасымен жасалған жағдайда, ол жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, операция жасалған кездегі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
 

      11. Төлем карточкалары жөніндегі мәліметтер электрондық тәсілмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ақпарат беру форматтарында ұсынылады.
 

      12. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

                                        Төлем карточкалары бойынша
                                         мәліметтерді жасау және
                                        ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа
                                                  1-қосымша

        Төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған
         құрал-жабдықтардың саны және карт-шоттардағы
                  қалдықтар туралы мәліметтер

_______________________
    Банктің атауы

200__жылғы "__" ____________
             күні айы

 Облыстың
(қаланың)
атауы

 Сауда терминал-
дарының саны
(бірлігі)

Импринтерлердің
саны (бірлігі)

Банкомат-
тардың
саны

банк-
терде

кәсіп-
керлерде

банк-
терде

кәсіп-
керлерде

(бірлігі)

1

2

3

4

5

6

Ақмола






Ақтөбе






Алматы






Атырау






Шығыс
Қазақстан






Жамбыл






Батыс
Қазақстан






Қарағанды






Қостанай






Қызылорда






Маңғыстау 






Павлодар






Солтүстік
Қазақстан






Оңтүстік
Қазақстан






Алматы қаласы






Астана қаласы






Жиынтығы:






кестенің жалғасы

 Облыстың
(қаланың)
атауы

Сауда орында-
рының саны

Кәсіпкер-
лердің саны

Карт-шоттардағы
орташа айлық
қалдықтар

(бірлігі)

(бірлігі)

 (мың теңге)

1

7

8

9

Ақмола




Ақтөбе




Алматы




Атырау




Шығыс
Қазақстан




Жамбыл




Батыс
Қазақстан




Қарағанды




Қостанай




Қызылорда




Маңғыстау 




Павлодар




Солтүстік
Қазақстан




Оңтүстік
Қазақстан




Алматы қаласы




Астана қаласы




Жиынтығы:




Басшы ________________________________________
                      (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________________________________
                        (аты-жөні)

Орындаушы _______________________          ______________________
                (аты-жөні)                         телефоны

200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі

      1. Осы мәліметтердің 2-6 бағандарында көзделген төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған банк құрал-жабдығының саны туралы мәліметтер құрал-жабдықтың тұрған жері бойынша көрсетіледі.
      2. 2 және 3-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі сауда терминалдарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      3. 4 және 5-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі импринтерлердің есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      4. 6-бағанда банк банкоматтарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      5. 7-бағанда осы сауда орындарында төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін орнатылған құрал-жабдықтың тұрған жері бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдық орнатылған сауда орындарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      6. 8-бағанда кәсіпкердің тұрған жері бойынша эквайермен төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған шарт жасаған кәсіпкерлердің есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      7. 9-бағанда банк бойынша карт-шоттардағы есептік айдағы орташа айлық қалдықтар көрсетіледі. 9-баған тек қана "Жиынтығы" деген жолда аймақтарға бөлмей толтырылады. Банк бойынша тек жұмыс күндері ғана есепте тұрған карт-шоттардағы есептік айдағы орташа айлық қалдықтар есептік айдың тек қана жұмыс күндеріндегі (мереке және демалыс күндерін есептемегенде) карт-шоттардағы күнделікті қалдықтарды қосу және алынған мәнді есептік айдағы жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы есептеледі. Карт-шоттардағы шетел валютасындағы қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып теңгемен күн сайын қайта есептеледі.
      8. "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

                                        Төлем карточкалары бойынша
                                         мәліметтерді жасау және
                                        ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа
                                                  2-қосымша

             Айналыстағы төлем карточкаларының
                   саны туралы мәліметтер

_____________________________
        Банктің атауы

200___ жылғы "___" ___________
                 күні айы

Төлем
карточкасы
жүйесінің
атауы

Айналыстағы төлем
карточкаларының
саны (бірлігі)

Пайдаланылған
төлем карточ-
каларының
саны (бірлігі)

Төлем кар-
точкаларын
ұстаушылардың
саны (адам)

1

2

3

4

Басшы ________________________________________
                      (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________________________________
                        (аты-жөні)

Орындаушы _______________________          ______________________
                (аты-жөні)                         телефоны

200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі

      1. 1-бағанда мәліметтер берілетін төлем карточкаларының атауы көрсетіледі.
      2. 2-бағанда негізгі және қосымша төлем карточкаларын есептегенде, айналыстағы төлем карточкаларының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      3. 3-бағанда негізгі және қосымша төлем карточкаларды есептегенде, есептік айда солар арқылы транзакциялар жасалған айналыстағы төлем карточкаларының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      4. 4-бағанда негізгі және қосымша төлем карточкаларын есептегенде, төлем карточкаларын ұстаушылардың есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.

                                        Төлем карточкалары бойынша
                                         мәліметтерді жасау және
                                        ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа
                                                  3-қосымша

          Аймақтар шеңберінде айналыста жүрген төлем
            карточкаларының саны туралы мәліметтер

_____________________________
      Банктің атауы

200___ жылғы "___" __________
              күні айы

 Облыстың
(қаланың)
атауы

Айналыста
жүрген төлем
карточкаларының
саны (бірлігі)

Пайдаланылған
төлем карточ-
каларының
саны (бірлігі)

Төлем кар-
точкаларын
ұстаушылардың
саны (адам)

1

2

3

4

Ақмола




Ақтөбе




Алматы




Атырау




Шығыс
Қазақстан




Жамбыл




Батыс
Қазақстан




Қарағанды




Қостанай




Қызылорда




Маңғыстау 




Павлодар




Солтүстік
Қазақстан




Оңтүстік
Қазақстан




Алматы қаласы




Астана қаласы




Жиынтығы:




Басшы ________________________________________
                      (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________________________________
                        (аты-жөні)

Орындаушы _______________________          ______________________
                (аты-жөні)                         телефоны

200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі

      1. 2-бағанда мәліметтер беретін банктің базасындағы карт-шоттың ағымдағы жүргізілу орны бойынша, негізгі және қосымша төлем карточкаларын есептегенде, төлем карточкаларының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      2. 3-бағанда мәліметтер беретін банктің базасындағы карт-шоттың транзакциялар жүргізілу орнына қарамастан, негізгі және қосымша төлем карточкаларын есептегенде, есептік айда солар арқылы транзакциялар жүргізілген айналыстағы төлем карточкаларының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      3. 4-бағанда есеп беретін банктің базасындағы карт-шоттың ағымдағы жүргізілу орны бойынша, негізгі және қосымша төлем карточкаларын есептегенде, төлем карточкаларын ұстаушылардың есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      4. "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

                                        Төлем карточкалары бойынша
                                         мәліметтерді жасау және
                                        ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа
                                                  4-қосымша

       Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған
     транзакциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

_____________________________
         Банктің атауы

200___ жылғы "___" __________
               күні айы

Төлем
карточкасы
жүйесінің
атауы

Транзакциялар
(карт-шоттан
есептен шығару
кезінде)

Қолма-қол жасалмайтын
төлемдер

Саны
(бірлік)

Сомасы
(мың теңге)

1

2

3

4

кестенің жалғасы

Қолма-қол ақша беру
бойынша операциялар,
барлығы

Банкоматтарды пайдалану
арқылы қолма-қол ақша беру
бойынша операциялар

Саны
(бірлік)

Сомасы
(мың теңге)

Саны
(бірлік)

Сомасы
(мың теңге)

5

6

7

8

Басшы ________________________________________
                    (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________________________________
                        (аты-жөні)

Орындаушы _______________________       _____________________
                (аты-жөні)                     телефоны

200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі

      1. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы транзакциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер банк бойынша тұтастай беріледі.
      2. 1-бағанда ол бойынша мәліметтер ұсынылатын төлем карточкалары жүйесінің атауы көрсетіледі.
      3. 2-бағанда ол бойынша мәліметтер ұсынылатын тиісті транзакциялардың нөмірі көрсетіледі:
      І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған транзакциялар;
      ІІ - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсететін желісінде жасалған транзакциялар;
      ІІІ - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған транзакциялар;
      IV - банктің төлем карточкаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған транзакциялар;
      V - эмитенттер - Қазақстан Республикасының резиденті еместер шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері тарататын транзакциялар.
      4. 3 және 4-бағандарда операция тиісті транзакциялар нөміріне сәйкес төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауар немесе қызмет көрсеткені үшін жүргізілген қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.
      5. 5 және 6-бағандарда операция тиісті транзакциялар нөміріне сәйкес төлем карточкасы арқылы, оның ішінде банкоматтарды пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.
      6. 7 және 8-бағандарда операция тиісті транзакциялар нөміріне сәйкес банкоматтарды пайдалана отырып төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.

                                        Төлем карточкалары бойынша
                                         мәліметтерді жасау және
                                        ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа
                                                  5-қосымша

            Төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде
          пайдалану арқылы жасалған транзакциялардың
               саны және көлемі туралы мәліметтер

_______________________
     Банктің атауы

200__жылғы ____________
               айы

 Облыстың
(қаланың)
атауы

Қолма-қол ақшамен
жасалмайтын төлемдер

Қолма-қол ақша беру
бойынша операциялар,
барлығы

Саны
(бірлігі)

Сомасы
(мың теңге)

Саны
(бірлігі)

Сомасы
(мың теңге)

1

2

3

4

5

Ақмола





Ақтөбе





Алматы





Атырау





Шығыс
Қазақстан





Жамбыл





Батыс
Қазақстан





Қарағанды





Қостанай





Қызылорда





Маңғыстау 





Павлодар





Солтүстік
Қазақстан





Оңтүстік
Қазақстан





Алматы қаласы





Астана қаласы





Жиынтығы:





кестенің жалғасы

 Облыстың
(қаланың)
атауы

Банкоматтарды пайдалану
арқылы қолма-қол ақша беру
бойынша операциялар

Саны
(бірлігі)

Сомасы
(мың теңге)

1

6

7

Ақмола



Ақтөбе



Алматы



Атырау



Шығыс
Қазақстан



Жамбыл



Батыс
Қазақстан



Қарағанды



Қостанай



Қызылорда



Маңғыстау 



Павлодар



Солтүстік
Қазақстан



Оңтүстік
Қазақстан



Алматы қаласы



Астана қаласы



Жиынтығы:



Басшы ________________________________________
                     (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________________________________
                         (аты-жөні)

Орындаушы _______________________     ______________________
               (аты-жөні)                    телефоны

200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі

      1. Төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде пайдалану арқылы жасалған транзакциялардың саны және көлемі туралы мәліметтерде есептік кезеңде банктің қызмет көрсету желісінде жасалған транзакциялар көрсетіледі.
      2. Мәліметтер төлем карточкаларының көмегімен транзакция жасалған құрал-жабдықтың тұрған жері бойынша көрсетіледі.
      3. Осы мәліметтердің 2-7-бағандарында көзделген транзакциялардың саны мен сомасы мынадай нөмірлерге сәйкес келетін транзакциялардың саны мен сомасын жинақтау арқылы есептеледі (карт-шоттан есептен шығарған кезде):
      І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы банктің қызмет көрсету желісінде жасалған транзакциялар;
      IV - банктің төлем карточкаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған транзакциялар;
      V - эмитенттер - Қазақстан Республикасының резиденті еместер шығарған төлем карточкаларын пайдалану арқылы банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері тарататын транзакциялар.
      4. 2 және 3-бағандарда төлем карточкаларын пайдалана отырып тауар немесе қызмет көрсеткені үшін жүргізілген қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.
      5. 4 және 5-бағандарда төлем карточкалары арқылы, оның ішінде банкоматтарды пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.
      6. 6 және 7-бағандарда банкоматты пайдалана отырып төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.
      7. "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк бойынша мәліметтер көрсетіледі.

                                        Төлем карточкалары бойынша
                                         мәліметтерді жасау және
                                        ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа
                                                  6-қосымша

        Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген
       алаяқтық транзакциялардың көлемі туралы мәліметтер

_______________________
     Банктің атауы

200__жылғы ____________
               айы

Төлем
карточ-
касы
жүйе-
сінің
атауы

Тран-
закция
жүргі-
зілген
күн

Ала-
яқтық
тә-
сілі

Тран-
закция-
ның
түрі

Тран-
закция
жүргі-
зілген
орта

Тран-
закция
(карт-
шоттан
ақшаны
есептен
шығару
кезінде)

Жүргі-
зілген
тран-
закция
сомасы
(тең-
ге)

1

2

3

4

5

6

7

Басшы ________________________________________
                      (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________________________________
                        (аты-жөні)

Орындаушы _______________________      ______________________
                (аты-жөні)                     телефоны

200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі

      1. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген алаяқтық транзакциялардың көлемі туралы мәліметтерде тоқтатылған алаяқтық транзакцияларды қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық транзакциялардың көлемі көрсетіледі. Әрбір транзакция бойынша мәліметтер жеке көрсетіледі және эмитент банк транзакцияны алаяқтық деп белгілеген есептік кезең уақытына жатқызылады.
      2. 1-бағанда ол бойынша мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.
      3. 2-бағанда транзакция жүргізілген уақыт көрсетіледі.
      4. 3-бағанда алаяқтық тәсілі көрсетіледі:
      1 - жоғалған, ұрланған төлем карточкалары;
      2 - шығарылғанда және жіберілгенде ұстаушы алмаған төлем карточкалары;
      3 - қолдан жасалған төлем карточкалары;
      4 - қос прокат;
      5 - почта, телефон, интернет бойынша тапсырыс;
      6 - басқалары (төлем карточкасын ұстаушының шотын теріс мақсатқа пайдалану; алдағы уақытта алаяқтық транзакциялар жасау мақсатында төлем карточкасын әдейі жасату (жалған құжаттар бойынша); төлем карточкаларын ұстаушылардың төлем карточкаларының ұрлануы немесе жоғалуы туралы жалған өтініш беруі және басқалар).
      5. 4-бағанда транзакцияның үш түрі көрсетіледі:
      А - қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
      В - қолма-қол ақша беру бойынша операциялар.
      6. 5-бағанда транзакция жүргізілген орта көрсетіледі:
      А - банкомат;
      В - pos-терминал;
      С - импринтер;
      Д - интернет.
      7. 6-бағанда ол бойынша мәліметтер берілетін тиісті транзакцияның нөмірі көрсетіледі:
      І - банк шығарған немесе нөмірлері банктің бірегейлендірілген нөміріне сәйкес келетін төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған транзакциялар;
      ІІ - банк шығарған немесе нөмірлері төлем карточкаларын шығару үшін қолданылатын банктің бірегейлендірілген нөміріне сәйкес келетін төлем карточкаларын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған транзакциялар;
      ІІІ - банк шығарған немесе нөмірлері төлем карточкаларын шығару үшін қолданылатын банктің бірегейлендірілген нөміріне сәйкес келетін төлем карточкаларын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасынан шет жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жасалған транзакциялар.
      8. 7-бағанда жүргізілген алаяқтық транзакциялардың сомасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады