Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6217 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 (01.04.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 213 (01.04.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

       "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       1. Қоса беріліп отырған Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамына жіберсін.

      5. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 29 наурыздағы
№ 16 қаулысымен
бекітілді

Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ
электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша
төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну
ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       1. Осы Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесі (бұдан әрі – осы Ереже) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының, "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайды..

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       2. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы, "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы № 106, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулыларында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банктік киоск – банктің ақпарат жүйесіне қосылу арқылы немесе ақпараттық-банктік қызмет көрсетудің интернет-ресурсына кіру арқылы өзіне өзі қызмет көрсету режимінде қолма-қол ақша беру (қабылдау), ақша төлемі мен аударымы, валюталар айырбастау бойынша операцияларды және банк операцияларының өзге түрлерін жүргізуді, оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізуді қоса алғанда, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған компьютерлік клавиатурасы бар электрондық-механикалық құрылғы;

      2) банктің қызмет көрсету желісі – банктің иелігіндегі, электрондық банк қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;

      3) басқа банктің қызмет көрсету желісі – кез келген басқа банктің иелігіндегі, электрондық банк қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;

      4) импринтер – төлем карточкасының бет жағына слиптегі таңба түсіруді орындау арқылы слиптерді ресімдеуге арналған механикалық құрылғы;

      5) қашықтан кіру жүйесі – төлем және өзге хабарларды өткізу үшін банкпен байланыс жасалатын арна;

      6) қолдан жасалған төлем карточкасы – заңсыз жолмен жасалған, ішінара немесе толық қолдан жасалған төлем карточкасы;

      7) қосарланған прокат – төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған бір операция бойынша бірнеше чекті ресімдеу;

      8) қосымша төлем карточкасы – клиенттің сенім білдірілген тұлғасының атына эмиссияланған төлем карточкасы;

      9) кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкасы – төлем карточкасын беру және қызмет көрсету шартына сәйкес не ұстаушының келесі өтінімі бойынша эмитент берген заем сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі берілетін дебеттік төлем карточкасы;

      10) бір сәттік төлем терминалы – банк шотына қолма-қол ақша салу арқылы төлемдер жүргізуге және ақша есептеуге, өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде ақпараттық-банктік қызметті алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған сенсорлық құрылғы;

      11) негізгі төлем карточкасы – ұстаушысы клиент болып табылатын төлем карточкасы;

      12) POS-терминал – төлем карточкасын пайдалану және банктің банктік ақпарат жүйесімен қосылу арқылы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде POS-терминал орнатылған банкке ақы төлеу, сондай-ақ қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы;

      13) процессинг орталығы – төлем карточкаларымен операциялар бойынша процессингті және төлем карточкаларының қатысушыларымен шарттарда көзделген өзге функцияларды жүзеге асыратын оператор;

      14) сауда нүктесі – тауарлар және қызмет көрсету үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға арналған POS-терминалдың орналасқан жері;

      15) төлем карточкаларын пайдалана отырып алаяқтық операциялар – төлем карточкасын, оның деректемелерін, қолдан жасалған төлем карточкасын немесе өзге заңсыз тәсілді пайдалана отырып, төлем карточкасының ұстаушысы немесе үшін тұлға жасаған заңсыз қолма-қол емес төлемдер, ақша аударымдары және/немесе қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;

      16) төлем карточкасының сәйкестендіру нөмірі – төлем карточкасындағы, эмитент осы төлем карточкасын сәйкестендіру мақсатында қолданатын цифрлардың комбинациясы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       3. Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерге:

      1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер;

      2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер;

      3) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;

      4) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес № 4 нысан бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;

      5) Ереженің 5-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;

      6) Ереженің 6-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер;

      7) Ереженің 7-қосымшасына сәйкес № 7 нысан бойынша электрондық ақша эмитенті агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер;

      8) Ереженің 8-қосымшасына сәйкес № 8 нысан бойынша электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;

      9) Ереженің 9-қосымшасына сәйкес № 9 нысан бойынша айналыстағы электрондық ақшаның саны және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;

      10) Ереженің 10-қосымшасына сәйкес № 10 нысан бойынша электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;

      11) Ереженің 11-қосымшасына сәйкес № 11 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар бойынша банк шоттарындағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер;

      12) Ереженің 12-қосымшасына сәйкес № 12 нысан бойынша процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер кіреді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       4. Банктер Ұлттық Банкке:

      1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей - Ереженің 3-тармағының 1) - 5) және 11) тармақшаларында көзделген;

      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей - Ереженің 3-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көзделген;

      3) Ереженің 12-қосымшасына сәйкес № 12 нысанның бір талабы өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде - Ереженің 3-тармағының 12) тармақшасында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       5. Төлем карточкаларының эмитенттері Ұлттық Банкке Ереженің 3-тармағының 1) - 6) және 11) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       5-1. Электрондық ақша эмитенттері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. Ережені 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       6. Төлем карточкаларының эмитенттері болып табылмайтын эквайерлер Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      7. Басқа банктерден POS-терминалдарды және/немесе импринтерлерді пайдалану үшін алған және кәсіпкерлермен төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін шарт жасаған банк Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.

      8. Басқа банктерден банкоматтарды және банктік киоскілерді пайдалану үшін алған банк Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.

      9. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған төлем карточкаларын тарататын Қазақстан Республикасының банктері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      10. Төлем карточкаларының эмитенттері және/немесе эквайерлері болып табылмайтын, электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы клиенттерге электрондық банк қызметін көрсететін банктер Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      11. Есепті кезеңде қызмет көрсету желісінде басқа банктердің төлем карточкаларын ұстаушыларына қызмет көрсетілген банктер, оның ішінде процессингті жүзеге асыратын банктер төлем карточкаларының эмитенттері банктерге осы Ереженің 3-тармағының 3-6) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      11-1. Ереженің 5 және 6 - 9-тармақтарында көрсетілген банктер Ұлттық Банкке Ереженің 3-тармағының 12) тармақшасында көзделген мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       12. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операция жүргізу сәтіндегі валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша тенгеде қайта есептеліп ұсынылады.

      13. Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтер Ұлттық Банкке Ұлттық Банк белгілеген ақпарат беру форматтарында электрондық тәсілмен ұсынылады.

      14. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
1-қосымша

      № 1 нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер

      _________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы "_____" ________________

      күні айы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

POS-терминалдар саны (бірлік)

Импринтерлер саны (бірлік)

Банкоматтар саны (бірлік)

Банктік киоскілердің саны (бірлік)


Сауда нүктелері-нің саны (бірлік)

Кәсіпкерлердің саны (бірлік)

Жедел төлем терминалдарының саны (бірлік)


банктердегі

кәсіпкерлердегі

банктердегі

кәсіпкерлердегі

қолма-қол ақша беру функциясымен

қолма-қол ақша беру және қабылдау

функциясымен

төлем карточкаларын пайдалану мүмкіндігінсіз

төлем карточкаларын пайдалану мүмкіндігімен

төлем карточкаларын пайдалану мүмкіндігімен және қолма-қол ақша қабылдау (беру) функциясымен










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Ақмола





































Ақтөбе





































Алматы





































Атырау





































Шығыс Қазақстан





































Жамбыл





































Батыс Қазақстан





































Қарағанды





































Қостанай





































Қызылорда





































Маңғыстау





































Павлодар





































Солтүстік Қазақстан





































Оңтүстік Қазақстан





































Алматы қаласы





































Астана қаласы






































      Басшы ___________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты) телефон

      20 ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Осы Мәліметтердің 2-13-бағандарында көзделген, электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер есепті айдың соңғы күні олардың орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

      2. 2 және 3-бағандарда банктің POS-терминалдарының саны орналасқан жері бойынша (банктерде немесе кәсіпкерлерде) бөліп көрсетіледі.

      3. 4 және 5-бағандарда банктің импринтерлерінің саны орналасқан жері бойынша (банктерде немесе кәсіпкерлерде) бөліп көрсетіледі.

      4. 6 және 7-бағандарда банктің банкоматтарының саны функционалдық мүмкіндіктері бойынша бөліп көрсетіледі.

      5. 8, 9 және 10-бағандарда банктік киоскілердің саны функционалдық мүмкіндіктері бойынша бөліп көрсетіледі.

      6. 11-бағанда POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің көрсетіледі.

      7. 12-бағанда эквайермен төлем карточкаларына қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлердің саны көрсетіледі.

      8. 13-бағанда есепті айдың соңғы күнгі банктің жедел төлем терминалдарының саны көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
2-қосымша

      № 2 нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер

      _________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы "_____" ________________

      күні айы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы


Айналыстағы төлем карточкаларының саны

(бірлігі)

Пайдаланылған төлем карточкаларының саны

(бірлігі)

Төлем карточкаларын ұстаушылардың (адамның) саны


дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Ақмола































Ақтөбе































Алматы































Атырау































Шығыс Қазақстан































Жамбыл































Батыс Қазақстан































Қарағанды































Қостанай































Қызылорда































Маңғыстау































Павлодар































Солтүстік Қазақстан































Оңтүстік Қазақстан































Алматы қаласы































Астана қаласы































Қазақстан Республикасынан тыс жерде
































      Басшы ___________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты) телефон

      20 ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

       1. 2-бағанда Мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.

       2. 3-6-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айдың соңғы күнінде айналысқа шығарылған төлем карточкаларының саны көрсетіледі.

       3. 7-10 бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айда операцияларды жүргізу және ақпараттық-банк қызметін алу үшін пайдаланылған төлем карточкаларының саны көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылған төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.

       4. 11-бағанда есепті айдың соңғы күніндегі төлем карточкалары ұстаушыларының саны көрсетіледі. Бір ұстаушыда бірнеше төлем карточкалары болған жағдайда, осындай ұстаушы бір рет көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде" деген жолда банк шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
3-қосымша

      № 3 нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша

      операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      банктің атауы

      20___жылғы _____________________

      айы

Операция жүргізу ортасы


Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция белгісі

Байланыс жүйесі/арнасы

Қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар

саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6








      Басшы ___________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты) телефон

      20 ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер тұтастай алғанда, банк бойынша ұсынылады.

      2. 1-бағанда операцияны жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:

      1) банкомат;

      2) POS–терминал;

      3) импринтер;

      4) банктік киоск.

      3. 2-бағанда Мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.

      4. 3-бағанда Мәліметтер ұсынылатын тиісті операцияның (банк шотынан ақшаны есептен шығарған кезде) белгісі көрсетіледі.

      I - банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып, өзінің желісінде жасалған операциялар;

      II - банктің карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің желісінде жасалған операциялар;

      III - банктің карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерде басқа банктің желісінде жасалған операциялар;

      IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің өзінің желісінде жасалған операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің өзінің желісінде жасалған операциялар.

      5. 4-баған Мәліметтердің 4-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияларының бегілері бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар бойынша толтырылады:

      1) бір процессинг орталығының пайдаланушылары арасында операцияны жүргізген жағдайда, "1PC" байланыс арнасы көрсетіледі;

      2) халықаралық төлем жүйесінің қатысуынсыз түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операцияны жүргізген жағдайда, "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі;

      3) халықаралық төлем жүйесі арқылы түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операцияны жүргізген жағдайда, осы жүйенің атауы көрсетіледі.

      6. 5 және 6-бағандарда Мәліметтердің 1-5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшаны беру бойынша жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
4-қосымша

      № 4 нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      _________________________________________________

      банктің атауы

      20___жылғы_____________________

      айы

Операцияның түрі

Операцияны жүргізу ортасы


Төлем карточкасын немесе оның деректерін пайдалана отырып

Төлем карточкаларын пайдаланбай қолма-қол ақшаны салу арқылы

Төлем карточкаларын пайдаланбай банк шотынан ақша аудару арқылы

төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операцияның белгісі

байланыс жүйесі/

арнасы

Операциялардың саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялардың саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялардың саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


      Басшы ___________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты) телефон

      20 ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып, сондай-ақ оларды электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша салу, электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер және ақша аударымы бойынша беріледі.

      2. 1-бағанда операциялардың мынадай түрлері көрсетіледі:

      1) тауарларға және материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу;

      2) коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу;

      3) ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеу;

      4) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қызметіне ақы төлеу;

      5) кабельдік теледидарға ақы төлеу;

      6) салық төлемдері:

      7) кеден төлемдері;

      8) сақтандыру;

      9) заемдар беру;

      10) заемдарды өтеу;

      11) сыйақы төленетін салымдарды орналастыру;

      12) сыйақы төленетін салымдарды алу;

      13) клиенттің бір банк шотынан басқа банк шотына аударымдар;

      14) банк шотын қолма-қол ақша салу арқылы толықтыру;

      15) ақша төлемі мен аударымының өзге түрлері.

      3. 2-бағанда операциялар жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:

      Төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалану кезінде:

      1) банкомат;

      2) POS-терминал;

      3) импринтер;

      4) банктік дүңгіршек;

      5) интернет-ресурс;

      6) ұялы телефон;

      7) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

      Төлем карточкаларын пайдаланбай:

      1) банктік дүңгіршек;

      2) интернет-ресурс;

      3) ұялы телефон;

      4) бір сәттік төлем терминалы;

      5) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

      4. 3-7-бағандарда төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымы бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      5. 3-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады.

      6. 4-бағанда операцияға сәйкес келетін белгі көрсетіледі (банк шотынан ақшаны есептен шығарған кезде), ол бойынша мәліметтер ұсынылады:

      I – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

      II – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

      III – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тыс басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

      IV – Қазақстан Республикасының басқа банктері шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің меншікті желісінде жасалған операциялар;

      V – Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің меншікті желісінде жасалған операциялар.

      7. 5-баған Мәліметтердің 6-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияларының белгісі бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 5-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

      1) бір процессинг орталығы пайдаланушылары арасында операциялар жүргізілген жағдайда – "1РС";

      2) халықаралық төлем жүйелерінің қатысуынсыз түрлі процессинг орталықтары арасында операциялар жүргізілген жағдайда – "Н2Н";

      3) түрлі процессинг орталықтары арасында халықаралық төлем жүйелері арқылы операциялар жүргізілген жағдайда осы жүйенің атауы көрсетіледі.

      8. 6 және 7-бағандарда Мәліметтердің 1-5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкаларын және оның деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген ақша төлемдері мен аударымының саны мен сомасы көрсетіледі.

      9. 8 және 9-бағандарда Мәліметтердің 1-2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны салу бойынша төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

      10. 10 және 11-бағандарда Мәліметтердің 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымының саны және сомасы көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
5-қосымша

      № 5 нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер

      _________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы "_____" ________________

      күні айы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасын пайдалана отырып

Төлем карточкаларын пайдаланбай қолма-қол ақшаны салу арқылы

Төлем карточкаларын пайдаланбай банк шотынан ақша аудару арқылы

Қолма-қол жасалмайтын төлемдер

Қолма-қол ақша беру бойынша операциялар



Операциялар саны (бірлік)

сомасы

(мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы

(мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ақмола










Ақтөбе










Алматы










Атырау










Шығыс Қазақстан










Жамбыл










Батыс Қазақстан










Қарағанды










Қостанай










Қызылорда










Маңғыстау










Павлодар










Солтүстік Қазақстан










Оңтүстік Қазақстан










Алматы қаласы










Астана қаласы











      Басшы ___________________________________

      (Аты-жөні)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Аты-жөні) телефон

      20 ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымдары, сондай-ақ қолма-қол ақша беру операциялары бойынша ұсынылады.

      2. Мәліметтер операция жүргізу үшін пайдаланылған жабдықтың тұрған жері бойынша көрсетіледі. Операциялар интернет-ресурсы, ұялы телефон немесе өзге де қашықтан кіру жүйесі арқылы жүргізілген жағдайда, мәліметтер банктің ақпарат жүйесіндегі клиенттің банк шотын ағымдағы жүргізу орны бойынша көрсетіледі.

      3. 2-бағанда операциялар жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:

      Төлем карточкаларын пайдалану кезінде:

      1) банкомат;

      2) POS-терминал;

      3) импринтер;

      4) банктік киоск;

      5) интернет-ресурс;

      6) ұялы телефон;

      7) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

      Төлем карточкаларын пайдаланбай:

      1) банктік киоск;

      2) интернет-ресурс;

      3) ұялы телефон;

      4) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

      4. 3-6-бағандарда қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымдары бойынша операциялардың, төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі. Көрсетілген бағандарда көзделген операциялардың саны және сомасы операциялардың мынадай белгілері бойынша операциялардың санына және сомасына қосу арқылы есептелінеді (банк шотынан ақшаны есептен шығару кезінде):

      І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

      IV - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері тарататын төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

      5. 7 және 8-бағандарда электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны салу бойынша төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған төлемдер саны және сомасы көрсетіледі.

      6. 9 және 10-бағандарда электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымының саны және сомасы көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
6-қосымша

      № 6 нысан

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық

      операциялардың көлемі туралы мәліметтер

      _________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы "_____" ________________

      күні айы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция жүргізу күні

Алаяқтық тәсілі

Операцияның түрі

Операция жүргізу ортасы

Операция белгісі

Жүргізілген операция сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7


      Басшы _________________________

      (аты-жөні)

      Орындаушы _________________________ _________________

       (аты-жөні) телефон

      20__ жылғы "___" _______________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық операциялар туралы мәліметтерде тоқтатылған алаяқтық операцияларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық операциялардың көлемі көрсетіледі. Мәліметтер әрбір операция бойынша жеке көрсетіледі және эмитент банк немесе эквайер операцияны алаяқтық операция деп белгілеген уақыттың есепті кезеңіне жатқызылады.

      2. 1-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады. Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген жағдайда, 1-бағанда төлем карточкасы жүйесі атауының орнына "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі.

      3. 2-бағанда операция жүргізу күні көрсетіледі.

      4. 3-бағанда алаяқтық тәсілдері көрсетіледі:

      1 – жоғалған, ұрланған төлем карточкалары;

      2 – шығару және қайта шығару кезінде төлем карточкасының ұстаушысы алмаған төлем карточкалары;

      3 – қолдан жасалған төлем карточкалары;

      4 – қосарланған прокат;

      5 - почта, телефон, интернет-ресурс бойынша тапсырыс;

      6 – басқалары.

      5. 4-бағанда операциялардың түрлері көрсетіледі:

      A – қолма-қол жасалмайтын төлемдер;

      B – қолма-қол ақша беру бойынша операциялар.

      6. 5-бағанда операция жүргізу ортасы көрсетіледі:

      A - банкомат;

      B - pos-терминал;

      C - импринтер;

      D – интернет-ресурс;

      E – банктік киоск;

      F – ұялы телефон.

      G – өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

      7. 6-бағанда Мәліметтер берілетін тиісті операцияның белгісі көрсетіледі:

      I – банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып жеке желіде жасалған операциялар;

      IІ - банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің желісінде жасалған операциялар;

      IІІ - банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тыс басқа банктің желісінде жасалған операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің жеке желісінде жасалған операциялар.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       8. 7-бағанда төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық операцияның сомасы көрсетіледі.

      9. Есепті кезеңде алаяқтық транзакциялар болмаған кезде 1 – 6- бағандары толтырылмаған және 7-бағанда "0" мәні көрсетілген нысан жіберіледі.

      Ескерту. 6-қосымша 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
7-қосымша

      Ескерту. Ереже 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       № 7 нысан

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және электрондық ақша
иелерінің саны туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы "___" _______________

      күні айы

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны

Электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны

Электрондық ақшаны ақы төлеуге қабылдайтын дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың саны

Барлығы

Активті

Барлығы

Активті

Сәйкестендірілген

Барлығы

Активті

1

2

3

4

5

6

7

8










      Басшы ______________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______________________________________ ___________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) телефоны

      20__ жылғы "___" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

       1. 1-бағанда Мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.

       2. 2-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.

       3. 3-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшаны иемденуді немесе өткізуді жүзеге асырған электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.

       4. 4-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.

       5. 5-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшамен операциялар жүргізген электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.

       6. 6-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақша эмитенті сәйкестендірген электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.

       7. 7-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

       8. 8-бағанда есепті тоқсанда электрондық ақшамен операциялар жүргізген электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

       9. 7 және 8-бағандарда электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ретінде Мәліметтерді берген эмитентпен немесе тиісті электрондық ақша жүйесінің өзге қатысушысымен шарт жасаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар түсініледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
8-қосымша

      Ескерту. Ереже 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       № 8 нысан

Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың
саны мен көлемі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы _______________ үшін

      тоқсан

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Операция жүргізу ортасы

Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялар

Жеке тұлғалардың пайдасына

Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың пайдасына

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6


      Басшы ______________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______________________________________ __________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) телефоны

      20__ жылғы "___" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

       1. 1-бағанда Мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесiнiң атауы көрсетiледi.

       2. 2-бағанда операция жүргiзудiң тиiстi ортасы көрсетiледi:

       1) интернет-ресурс;

       2) мобильді телефон;

       3) электрондық терминалдар;

       4) өзге де.

       3. 3 және 4-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып жеке тұлғалардың пайдасына жеке тұлғалар жүргізген операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

       4. 5 және 6-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың пайдасына жеке тұлғалар жүргізген операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
9-қосымша

      Ескерту. Ереже 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       № 9 нысан

Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық
ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі
туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы _______________ үшін

      тоқсан

Электрондық ақша иелері

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Айналыстағы электрондық ақшаның барлығы (теңге)

Электрондық ақшаны шығару

Электрондық ақшаны өтеу

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

Электрондық ақша эмитентінің агенттері







Жеке тұлғалар







Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар








      Басшы ______________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______________________________________ __________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) телефоны

      20__ жылғы "___" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсініктемелер

       1. 2-бағанда Мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесiнiң атауы көрсетiледi.

       2. 3-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне шығарылған электрондық ақша сомасы көрсетіледі.

       3-баған электрондық ақша эмитентінің агенттері, жеке тұлғалар, есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақшаның иесі болып табылатынына байланысты дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.

       3. 4 және 5-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша шығарылымы бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

       4 және 5-бағандар электрондық ақша эмитентінің агенттері және электрондық ақша берілгеніне байланысты жеке тұлғалар бойынша толтырылады.

       4 және 5-бағандар дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылмайды.

       4. 6 және 7-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны өтеу бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

       6 және 7-бағандар электрондық ақша эмитентінің агенттері, жеке тұлғалар, электрондық ақшаның оларды өтеу кезінде иесі болып табылатынына байланысты дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
10-қосымша

      Ескерту. Ереже 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       № 10 нысан

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны
иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі
туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      банктің атауы

      20___ жылғы _______________ үшін

      тоқсан

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны өткізуі

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны иемденуі

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4


      Басшы ______________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______________________________________ __________

       (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) телефоны

      20__ жылғы "___" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

       1. 1 және 2-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға өткізуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

       2. 3 және 4-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғалардан иемденуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
11-қосымша

      № 11 нысан

      Ескерту. Ереже 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       ________________________________

      банктің атауы

      20___жылғы "_____" ________________

      күні айы

      төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын

      банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәліметтер

Карточка түрлері

Орташа айлық қалдық

(мың теңге)

Есепті айдың соңғы күнінің соңындағы қалдық ақша

(мың теңге)

1

2

3

Төлем карточкалары (алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда) 



Алдан ала төленген төлем карточкалары




      Басшы ___________________________________

      (Аты-жөні)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Аты-жөні) телефон

      20 ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

       1. 1-бағанда карточканың түрі көрсетіледі:

      1) Төлем карточкалары (алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда) - 2 және 3-бағандарда осы жол бойынша алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін арналған эмитенттің шоғырландырылған шоты бойынша ақша сомасын қоспағанда дебеттік, кредиттік лимиті бар дебеттік, кредиттік карточкаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар бойынша банк шоттары бойынша қалдық ақшаның жалпы сомасы қойылады.

      2) Алдын ала төленген төлем карточкалары – 2 және 3-бағандарда осы жол бойынша алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін арналған эмитенттің шоғырландырылған шоты бойынша қалдық ақша сомасы қойылады.

      2. 2-бағанда есепті айда төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар бойынша банк шоттарындағы орташа айлық қалдық сомасы көрсетіледі. Есепті айда орташа айлық қалдық есепті айдың жұмыс күні ішінде ғана есептелетін (мереке және демалыс күндерін есептемей) банк шоттарындағы күнделікті қалдықты қосу және алынған мәнді есепті айдың жұмыс күнінің санына бөлу арқылы есептеледі.

      3. 3-бағанда есепті айдың соңғы күнінің соңындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар бойынша банк шоттарындағы қалдық сома көрсетіледі.

      4. Шетел валютасымен банк шоттарындағы қалдық күн сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының 1-тармағында және нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген, "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта саналады.

  Электрондық терминалдар мен қашықтан
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне
12-қосымша

      № 12 нысан

      Ескерту. Ереже 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.07.2014 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20 ___ жылғы "_____" _________________

      күні айы

      ______________________________________________________________

      банктің атауы

      басқа банктермен өзара іс-әрекеті және процессинг орталығы туралы мәліметтер

Процессинг орталығының атауы

Процессинг орталығында өңделетін операциялар бойынша төлем карточкалары жүйелерінің атауы


H2H байланыс арнасын пайдалану шарты жасалған қарсы агенттің банкінің атауы

H2H байланыс арнасы шеңберінде өңделетін операциялар бойынша төлем карточкалары жүйесінің атауы

1

2

3

4






      Басшы ___________________________________

      (Аты-жөні)

      Орындаушы ____________________________________ _________

       (Аты-жөні) телефон

      ___ жылғы "____" _____________

      Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

       1. 1-бағанда банкке қызмет көрсететін процессинг орталығының атауы көрсетіледі. Меншікті процессингті пайдаланған жағдайда, есеп беретін банктің атауы көрсетіледі.

       2. 2-бағанда процессинг орталығында өңделетін операциялар бойынша төлем карточкалары жүйесінің атауы көрсетіледі.

       3. 3-бағанда есеп беретін банкпен H2H байланыс арнасын пайдалануға шарт жасаған банктің атауы көрсетіледі.

       4. 4-бағанда H2H байланыс арнасын пайдалану шеңберінде өңделетін операциялар бойынша төлем карточкалары жүйесінің атауы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады