Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3509. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің - "Финансовый вестник" N 8 басылымында 2004 жылғы тамыз айында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне  кандидаттарды келісу ережесінде:
     4-тармақта:
     1) тармақшада "Қаржы ұйымы Директорлар Кеңесінің Төрағасы" деген сөздерден кейін "не осы құжатқа қол қоюға уәкілетті құрылтайшылардың (қатысушылардың) біреуі (серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;
     2) тармақшада "(атқарушы органның бірінші басшысы)" деген сөздердің алдында "және қаржы ұйымының басқару органының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың" деген сөздермен толықтырылсын;
     6) тармақшада "анықтаманы" деген сөзден кейін "(көрсетілген анықтаманың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан астам болмауы тиіс)" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
     "4-1. Уәкілетті органмен бұрын келісілген қаржы ұйымының басшы қызметкері уәкілетті органмен келісуге жататын сол қаржы ұйымында басқа лауазымға тағайындалған жағдайда, қаржы ұйымы өтінішті және осы Ереженің 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

     5-тармақта:
     "4-тармағында" деген сөздер "4 және 4-1 тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

     12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     12. Берілген құжаттардың негізінде шақырмай келісілуге:
     1) атқарушы органның бірінші басшысын қоспағанда, қаржы ұйымдарында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидаттар;
     2) қаржы рыногының осы секторында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидаттар (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында);
     3) қаржы ұйымының басқару органының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттар, кредиттік серіктестік Басқармасының мүшелері;
     4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде үш жыл жұмыс стажы бар қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы;
     5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда, қаржы ұйымының бас бухгалтері және оның орынбасары, атқарушы органының бірінші басшысының орынбасары, Басқарма мүшелері;
     6) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде бір жыл жұмыс стажы бар, әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда, қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкерлері;
     7) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар немесе лицензияны алуға үміттенген, тиісті санатты біліктілік куәлігі бар, заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері;
     8) Басқарманың төрағасы (атқарушы органның бірінші басшысы), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, оның ішінде кредиттік серіктестіктің, ломбардтың бас бухгалтері - қаржы ұйымында кандидаттың жұмыс стажы болғанда, егер оның қызметі кемінде бір жыл қаржылық қызмет көрсетумен байланысты болса, қаржы ұйымында әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда.";

     25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "25. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісуге ұсынылған құжаттардағы өзгерістер жөнінде хабардар етеді.".

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     3. Агенттіктің Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

     4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары  К.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады