"Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3521. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2599 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 28 желтоқсанда "Ресми газетте" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы";

      1-тармақта:

      "белгілеу және алып тастау" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесінде:

      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген", "белгілеуге", "белгілеудің", "белгіленіп отырған" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітуге", "бекітудің", "бекітіліп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тақырыптағы және 1 және 2-тармақтардағы "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "уақытша төмендету коэффициенті - Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уәкілетті орган белгілеген және қолданылатын шама;";

      алтыншы және жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзыретінің шегіндегі облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;

      әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе өздерінің осы саладағы қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.";

      4-тармақтың екінші абзацы "көрсетілетін" деген сөздің алдынан "реттеліп" деген сөзбен толықтырылсын;

      5-тармақта:

      "қызметтеріне" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақшада барлық мәтін бойынша "қызметтерді" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтағы "Аэронавигация қызметтеріне" деген сөздер "Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтардағы "тиісті" деген сөзден кейін "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақта "нақты" деген сөзден кейін "реттеліп" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші және бесінші бөлімдердің тақырыптарындағы "қызметтерінің" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақтағы "қызметтерін" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақтағы "қызметтеріне" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ереженің 1-қосымшасында:

      тақырыбында және 3-тармақта "белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін әуежай немесе аэронавигацияның әрбір қызметіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі және оны белгілеу мерзімі" деген сөздер "әуежайлардың немесе аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі, сондай-ақ оны ұсыну кезеңіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтағы "пайдаланушыға" деген сөзден кейін "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ереженің 2-қосымшасында:

      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгіленген", "белгілеу" деген сөздер тиісінше "бекітілген", "бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тақырыбында және 1, 2 және 3-тармақтардағы:

      "қызметтерді", "қызметтердің", "қызметтер" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің, әуежайлар мен аэронавигация қызметтер көрсету саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы


КЕЛІСІЛГЕН:


Қазақстан Республикасы Көлік


және коммуникациялар министрі


2005 жылғы 18 наурыз


КЕЛІСІЛГЕН:


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрлігі


Салық комитетінің төрағасы


2005 жылғы 23 наурыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады