"Ғылыми атақтар беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3543. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 N 128(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының 1 бабының 18 тармағындағы 13) тармақшасына сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. (N 2140 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 841 б.), "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар беру ережелерінде:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдардың қызметкерлеріне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерінің ұсынысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төралқасының және Алқасының шешімдері негізінде Комитет береді.";

      барлық мәтіндегі "ЖАК" сөзі тиісті септікте "Комитет" сөзімен ауыстырылсын;

      5 тармақтың 3) тармақшасындағы "төрт" сөзі "үш" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге тапсырсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарық көрген күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады