Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың қатысуымен ғылыми зерттеулер жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3546. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың қатысуымен ғылыми зерттеулер жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының    
2005 жылғы 5 наурыздағы  
N 95 бұйрығымен бекітілген

  Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың
қатысуымен ғылыми зерттеулер жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың қатысуымен ғылыми зерттеулер жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді. K090193

      2. Осы Ереже қызметі Қазақстан Республикасы халқының ұрпақты болу денсаулығын сақтаумен байланысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ғылыми зерттеулердің барлық түрлеріне қолданылады.

      3. Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың қатысуымен ғылыми зерттеулер жүргізудің мақсаты халықтың ұрпақты болу денсаулығын сақтау, халықтың тууын көбейту және оның ұрпақты болу әлеуетін арттыру, ана мен нәрестенің аурушаңдығы мен өлім-жітімін азайту болып табылады.

      4. Халықтың ұрпақты болу денсаулығын сақтаудағы ғылыми зерттеулердің, ұрпақты болу денсаулығының жай-күйін болжаудың негізгі міндеті ұрпақты болу денсаулығы деңгейін бағалауда диагностиканың, емдеудің және ұрпақты болу функциясының бұзылуын оңалтудың жаңа технологияларын, медициналық көмекті басқару мен ұйымдастырудың жаңа нысандарын әзірлеу болып табылады.

  2. Ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібі

      5. Халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін шешімін практикалық нәтижелер беретін мынадай басымдық ғылыми бағыттар әзірленді:
      1) ұрпақты болу денсаулығының бұзылуындағы қауіп-қатердің жекелеген факторларының рөлін анықтау үшін эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық зерттеулерді кеңейту;
      2) халықтың жастық-жыныстық және кәсіптік ерекшеліктері ескеріле отырып, ұрпақты болу денсаулығының бұзылуларын болжау және алдын алу әдістерінің ғылыми әзірлемесі;
      3) адамның ұрпақты болу денсаулығының жай-күйін зерделеу кезінде негізгі зерттеулер (физиологиялық, генетикалық, иммунологиялық) жүргізу;
      4) жаңа туған нәрестелер дамуының ауытқуларының тиімді алдын алу мен диагностикалаудың жаңа әдістерін жасау;
      5) бедеулік пен жүктілікті көтере алмауды емдеуде тиімділігі жоғары технологияларды ғылыми әзірлеу және енгізу;
      6) аурулардың әртүрлі нысандары бар жаңа туған нәрестелерді ерте диагностикалаудың, тиімді емдеудің және кезең-кезеңмен кешенді оңалтудың әдістерін жасау;
      7) отбасы саясаты саласындағы бағдарламаларды ғылыми негіздеу үшін халықтың әртүрлі топтарын ұрпақты болу ісі бойынша медициналық-социологиялық зерттеулерді жүзеге асыру.

      6. Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың қатысуымен ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі, халықтың ұрпақты болу денсаулығы жағдайын жақсартуға, ұрпақты болу денсаулығының бұзылуларының алдын алуға ғылыми негізделген көзқарасты әзірлеуге бағытталған.
      Жоспарланатын зерттеулердің жаңалықтары және практикалық маңызы болуы қажет.

      7. Ұрпақты болу денсаулығы саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін тиісті ұйымдық материалдық-техникалық қамтамасыз етілген болуы керек. Басшы қолданыстағы нормативтік талаптарға сай және қажетті құжаттармен расталатын біліктілікті меңгерген кәсіби зерттеушілердің құрамын айқындайды.

      8. Зерттеуші зерттеу кезінде сыналушылардың денсаулығы мен өміріне қатер төнген жағдайда клиникалық зерттеуді тоқтатады.

      9. Зерттеу барысында анықталған кез келген жанама әсерлер болған жағдайда қажетті медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажет.

      10. Сыналушы жүргізілетін ғылыми зерттеудің маңызы, оның денсаулығы үшін қауіпсіздігі, қатерлілік дәрежесі туралы тек жазбаша танысқан кезде ғана және оның келісуімен зерттеуге тартылуы мүмкін.

      11. Ұрпақты болу денсаулығы саласында азаматтардың қатысуымен ғылыми зерттеулерді жүргізу барысында бастапқы деректер жазбалары зерттеу жүргізілген жерде болып, зерттеулерді жаңғыртуға, зерттеулер барысында орындалған барлық әрекеттерді айқындауға мүмкіндік беруі тиіс.
      Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша зерттеуші басшының қолы қойылған есепті жасайды.

      12. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұрпақты болу денсаулығын сақтау саласындағы негізгі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын уәкілетті орган міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптауы тиіс.

      13. Ғылыми зерттеуді сыналушының қадір-қасиеті мен құқықтарына нұқсан келтіре отырып жүзеге асыруға болмайды, бұл құқықтарды қорғаудың зерттеу нәтижелері алдында басымдық мәні бар.

      14. Адамның қатысуымен болатын ғылыми зерттеулер азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын жақсарту үшін елеулі жаңа ғылыми білім алудың перспективасына, мұндай білім алудың басқа мүмкіндіктерінің болмауына негізделуі тиіс және мұндай перспективаны және зерттеуге қатысушы үшін ықтимал зиян мен қауіп-қатердің көпшілік үшін ықтимал тиімділігінің басымдығын растайтын клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізілуі тиіс.

      15. Зерттеуге қатысу саналы және ерікті болып табылады және ол қысым жасау, мәжбүрлеу немесе алдау арқылы жүргізілмейді.

      16. Ықтимал қатысушылардың денсаулық жағдайы мен зерттеу бейініне сәйкестігін білікті бағалауға қабілетті жоғары білікті мамандар төтенше және күтпеген клиникалық жағдайларда барлық құралдармен және әдістермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады