"Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 157 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3550. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы  N 151  (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
__________________________

      " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " және "Мемлекеттік басқару мен бюджеттік қатынастардың деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 наурызда N 2763 тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2004 жылғы 30 сәуірдегі N 18 (175) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесінде:
      12-тармақтың 4) тармақшасында ", ал ауылдық жерлерде тоғыз жыл және одан жоғары жұмыс стажы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда, үшінші, екінші, бірінші, жоғары санат реті сақталуы қажет" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) "Жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша сертификатты алуға ұсынатын, аталған ұйымдарда "терапевт дәрігер" немесе (және) "педиатр дәрігер" мамандықтары бойынша жұмыс стажы бар осы мамандықтар бойынша жұмыс стажы болып саналатын, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бес жыл және одан да көп жұмыс істеген адамдар";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Біліктілік емтиханын өткізу үшін мамандандырылған біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссиялар):
      жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган;
      жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган;
      жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта медициналық пен фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган;
      екінші және үшінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта медициналық пен фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары;
      комиссиялар қызметін медициналық ғылыми мен білім беру мемлекеттік ұйымдарының базасында жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Комиссиялардың құрамына:
      1) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне жоғары және бірінші біліктілік санатын беру бойынша: төраға - төрағаның орынбасары/бейін бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің бастығы, орынбасары - медицина ғылымы және білім беру ұйымының басшысы, комиссия мүшелері - денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандары, медицина ғылымы мен білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, қоғамдық медицина ұйымдарының өкілдері;
      2) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне екінші және үшінші біліктілік санатын беру бойынша: комиссия төрағасы - комиссия жұмыс істейтін органның басшысы немесе басшының орынбасары, комиссия мүшелері - денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары мен мамандары, денсаулық сақтау ұйымдарының, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтардың, медицина және фармацевтика қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері енеді;".

      Денсаулық сақтау саласында біліктілік санатын беруге арналған біліктілік емтихандарын өткізу ережесінің 2-қосымшасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің" деген сөздер "оны беру туралы шешім шығарған тиісті орган басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (У.И.Ахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады