Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің N 3294 болып тіркелген 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І бұйрығымен бекітілген Тасымалдаушылардың жүктерді тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрілігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 129-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3562. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің N 3294 болып тіркелген 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І бұйрығымен бекітілген Тасымалдаушылардың жүктерді тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация   
министрінің         
2005 жылғы 19 наурыздағы    
N 129-І бұйрығымен      
бекітілген           

  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрінің N 3294 нөмірмен тіркелген 2004 жылғы
23 қарашадағы N 429-І бұйрығымен бекітілген
Жүктерді тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың
сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі

     1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің N 3294 нөмірмен тіркелген 2004 жылғы 23 қарашадағы
N 429-І бұйрығымен бекітілген Жүктерді тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже), "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

     2. Ереже тасымалдау процесіне қатысушылардың Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің N 3294 нөмірмен тіркелген 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-1 бұйрығымен бекітілген Жүктерді тасымалдау ережесін (бұдан әрі - Жүктерді тасымалдау ережесі) тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

     3. Осы Ережемен мыналар:
     1) темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді тасымалдауға, тиеуге, тасымалдауға және түсіруге дайындау кезінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылаудың нысандары мен әдістерін жүргізу;
     2) Жүктерді тасымалдау ережесін сақтау жөнінде тексерулер жүргізу тәртібі реттеледі.

     4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) көліктік бақылау органдары - уәкілетті органның ведомствосы құрамындағы, Қазақстан Республикасының арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыру жөніндегі заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
     2) тасымалдау бөлімшесі - Ұлттық темір жол компаниясының филиалы, құрылымдық бөлімше;
     3) ревизия - темір жол көлігі ұйымдарында кемшіліктер мен қауіпсіздікті бұзушылықтарды анықтауды тікелей жалпы немесе айқындалған тексерулерге байланысты, жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйін бақылаудың жан-жақты әдісі.

     5. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мазмұнда қолданылады.

     6. Темір жол көлігіндегі тасымалдау процесіне барлық қатысушылардың Жүктерді тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды көліктік бақылау органдары жүзеге асырады.

     7. Жүктерді тасымалдау ережесін сақтауы бойынша тасымалдаушының қызметін көліктік бақылау органдарының тексеруі ревизия нысанында жүргізіледі.

     8. Көліктік бақылау органдары тасымалдау бөлімшелерінің қызметін тексерген кезде Жүктерді тасымалдау ережесін сақтау, вагондарды әкелу және әкету жөніндегі маневрлық жұмысты жүргізуге арналған жергілікті нұсқаулықтардың және басқа да технологиялық құжаттардың бар болуы мәселелерін қарайды.

     9. Жүктерді тасымалдауға қабылдаудың белгіленген шарттарының сақталуын тексеруді көліктік бақылау органдары барлық темір жол станцияларындағы кірме жолдарда жүзеге асырады, бұл ретте мыналар тексеріледі:
     1) жанасу станциясының кірме жолдарға, барлығы үшін немесе жекелеген жүк операциялары ашық бөлек пункттердің тізбесіне сәйкестігі;
     2) тасымалдаушының вагондарды әкелу-әкетуге арналған шартпен белгіленген вагондарды жүк тиеуге, түсіруге әкелу-әкету уақыты туралы жүк жөнелтушіні (жүк алушыны) хабардар ету тәртібін сақтауы;
     3) тасымалдаушының жүк тиеуге жарамды, іші және сырты тазартылған, қажет болған жағдайда жуылған және дезинфекцияланған, нақты жүктерді тасымалдауға жарамды вагондарды, алмалы-салмалыны қоспағанда, жылжымалы құрамның тиесілігіне қарамастан, бекітуге арналған алынған құралдары бар контейнерлерді беруді қамтамасыз
етуі;
     4) белгіленген тәртіппен тіркелген вагондарды және контейнерлерді тасымалдауды жіберуді қамтамасыз етуі;
     5) жасалған шарттарға сәйкес тасымалдаушының (жүк жөнелтушілердің) вагондарды дайындауды қамтамасыз етуі.

     10. Жүктерді вагондарға тиеуді бақылауды ұйымдастыру кезінде көліктік бақылау органдары мыналардың:
     1) тасымалдаушылардың - жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың келісімімен, қажетті құрылғылары мен тетіктері бар жалпы пайдаланымдағы кірме жолдардағы;
     2) жүк жөнелтушілердің - кірме жолдардағы, сондай-ақ егер жүктерді тиеу тасымалдаушы үшін міндетті болмаса, жалпы пайдаланымдағы кірме жолдардағы тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиеу шарттарын тексеруді жүзеге асырады.

     11. 10-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілгеннен басқа қауіпті жүктерді, көлемді емес жүктерді, жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың өкілдері ілесіп жүріп, арнайы жылжымалы құрамда құйып тасымалданатын жүктерді тиеу шарттары мен тәртібі қосымша тексеріледі.
     Жүктерді кірме жолдарда контейнерлерге тиеудің дұрыстығын тексеру жүк жөнелтушілердің қатысуымен жүзеге асырылады.
     Жүктерді тиеу дұрыстығын тексерудің барлық жағдайында жүк жөнелтушілердің қозғалыс қауіпсіздігін, жүктердің, вагондардың, контейнерлердің сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде жүктерді тасымалдау ережелерін сақтауы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 3294 тіркелген N 429-І бекітілген бұйрығымен тексеріледі.

     12. Жүктерді тиеу дұрыстығын тексеру олардың бұзылу, бүліну, жоғалу және жетіспеу фактілерін тоқтатуға, сондай-ақ жылжымалы құрамның, темір жол төсемінің және қоршаған ортаның ластануы мен қоқыстануын болдырмауға бағытталған және көлік ыдысы орамасының жай-күйін тексеруден тұрады, ол Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес болуы тиіс.

     13. Тасымалдауға ұсынылған және қабылданған көліктік таңбалауы бар ыдыстағы және дана жүктер, оның мазмұны, орны және белгілеу әдісі, орналасу тәртібі, жүк жөнелтушілер жазатын таңбалау құлақшасы мен жазулардың өлшемдері "Жүктерді таңбалау" МЕМСТ 14192-77 сәйкес болуы тиіс.

     14. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, вагондарда, контейнерлерде жүктерді тиеуді, орналастыруды және бекітуді тексеру Жүктерді тасымалдау ережесінде белгіленген вагондар мен контейнерлерде жүктерді орналастыру және бекітудің техникалық шарттарына сәйкес тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындарда вагондар мен контейнерлердің пайдаланылуын, сондай-ақ вагондар мен контейнерлерде жүктердің орналастырылуын және бекітілуін бақылауды көздейді.

     15. Жүктерді тиеуге арналған материалдарды, пакеттеу құралдарын және өзге де құрал-жабдықтарды орнату, бекіту, пайдалану дұрыстығын тексеру жүктің нақты түрін тасымалдау жөніндегі талаптарға сәйкестігіне бағытталған.
     Бұл ретте өздерінің қасиеттері бойынша басқа жүктерге зиян келтірмейтін немесе бүлдірмейтін жүктерді бір вагонға тиеуді немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, бірақ вагондағы, контейнердегі трафаретке сәйкес көлік құралының жүккөтергіштігінен аспайтын тиеудің техникалық нормаларын ескере отырып жүргізілуі тиіс жүктерді вагондар мен контейнерлерге тиеуді қамтамасыз ету шарттары тексеріледі.

     16. Орман жүктерін, отынды және кесілген материалдарды тасымалдау ережесінің сақталуын тексеру кезінде торлардың, пакеттердің, қатқабатардың саны туралы жүкқұжатта көрсетілген пакеттеу, қатқабаттау және торлау шарттарының сақталуы тексеріледі. Бұл ретте орман жүктерін платформаларға немесе ашық вагондарға тиеу кезінде қатқабаттау саны тексеріледі.

     17. Вагондар мен контейнерлерде тасымалданатын жүктерді тиеудің вагонның немесе контейнердің жүккөтергіштігімен сәйкестігін тексеру жүк жөнелтушілер ресімдеген жүкқұжат бойынша, ал ыдыстағы және дана жүктерді ұсынған кезде жүк орындарының саны бойынша жүргізіледі, бұл ретте:
     1) егер вагондарды, контейнерлерді толық сыйымдылығына дейін тиеу вагондардың, контейнерлердің рұқсат етілген жүккөтергіштігінен асып кетуге әкеліп соқтырса, жүк массасын есептік жолмен, жүкті өлшеу арқылы анықтауға, сондай-ақ тікелей емес халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының теңіз порттары және шекаралық табыс ету станциялары арқылы жөнелтілетін келе жатқан ақтарма және үйілме жүктердің массасын өлшеу бойынша немесе шартты анықтауға жол берілмейді;
     2) тасымалдауға бір жүкқұжат бойынша ұсынылатын вагондағы, контейнердегі жүктің жалпы массасы өлшеу не стандартты масса бойынша трафаретке сәйкес әрбір жүк орнында көрсетілген массаларды қосу арқылы, сондай-ақ есептік жолмен және өлшеу арқылы анықталады;
     3) цистерналарға құйып тасымалданатын жүктердің массасын анықтау өлшеу арқылы немесе жөнелтушінің құю биіктігін өлшеп және құйылған жүктің көлемін темір жол цистерналарын калибрлеу кестелерін қолданып анықтауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда жүк жөнелтушінің жүкқұжатта жүк атауының астында цистернадағы жүктің құю биіктігін, температурасын және өнімнің тығыздығын дұрыс көрсетуі тексеріледі.

     18. Тасымалдауға ұсынылатын жүктердің вагон таразыларында дұрыс өлшенуін тексеру кезінде жылжымалы құрамды, атап айтқанда вагондарды тоқтатып және ажыратып немесе вагондарды ажыратпай тоқтатып өлшеу тәртібі ескеріледі. Жылжымалы құрамды жүріс барысында, осындай өлшеуге арналмаған вагон таразыларында өлшеу, сондай-ақ сұйық жүктері бар цистерналарды қозғалыс кезінде арбашықтар бойынша немесе біліктер бойынша өлшеу фактілері анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен өлшеу жүргізілгенге дейін жүк поездарының құрамында көрсетілген вагондар қозғалысын болдырмау жөнінде шаралар қабылданады.

     19. Жүктерді тиеу дұрыстығын тексеру кезінде тасымалдау қауіпсіздігін бұзуды болдырмау мақсатында жабық және арнайы вагондар төбесінің, тиеу люктерінің тиелген жүк қалдықтарынан тазалануы, вагондардағы трафареттік жазуларды сүрту, вагондардың рамасын және жүру бөлігін тазалау, сондай-ақ орнатылатын бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату жөніндегі белгіленген талаптарды жүк жөнелтушінің сақтауы тексеріледі.

     20. Көліктік бақылау органдары Жүктерді тасымалдау ережесін сақтауды тексерген барлық жағдайларда жанасу станциясына вагондарды әкелу-әкету шарттарын, Кірме жолда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Жүктерді тасымалдау ережесінде белгіленген нысан бойынша кірме жолды тексеру актісін тексеру қамтамасыз етіледі.
     Бұдан басқа, көрсетілген құжаттардың Кірме жол мен жанасу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық процесіне сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

     21. Жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес вагондарды әкелу-әкету шарттары бес жылға жасалатындығын ескере отырып, оларды тексеруді ұйымдастыру кезінде мынадай мәселелер қаралады:
     1) қосымша келісімдермен немесе жаңа шарттармен ресімделген енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес станцияның немесе кірме жолдың техникалық жарақталуының, жұмыс технологиясының өзгерулері;
     2) жаңа желі иесімен шарт жасасуға қатысты шарттың өзгеруі;
     3) вагондарды әкелу-әкетуге жасалған шарттың кірме жолдың техникалық паспортының, кірме жол жоспарының, оның бойлық пішіні мен қолда бар жасанды құрылыс сызбаларының деректеріне және жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес жүргізілген кірме жолды тексеру кесіміне сәйкестігі;
     4) вагондарды әкелу-әкетуге шарт жасасқан кезде магистралдық темір жол желісі операторының уәкілетті өкілі қабылдаған шешім бөлігінде жылжымалы құрам қозғалысының қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету.

     22. Жүктерді тасымалдау ережесін бұзушылықтар анықталған кезде көліктік бақылау органдарының лауазымдық қызметкерлері:
     1) Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;
     2) өз құзыреті шегінде, анықталған Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайды;
     3) анықталған бұзушылықтар туралы өз құзыреті шегінде актілер жасайды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар береді;
     4) темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің, қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жай-күйі жауап бермейтін темір жол көліктік және техникалық құралдарын пайдалануды тоқтату жөнінде өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайды;
     5) өз құзыреті шегінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жаза қолданады;
     6) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардан қажетті мәліметтерді сұрайды және алады.

     23. Тексерулер жүргізудің мерзімділігі, мерзімдері және тексеру жүргізу нәтижелерін ресімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 және "Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады