Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 60 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3568

     "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 40-бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 "Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту туралы Ережесін бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы"  бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 2881 болып тіркелген, 16.06.2004 ж. N 47 (603) "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
     2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 "Кейбір бұйрықтарға өзгеріс енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген  бұйрықтың 1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.
     3. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады