"Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығына және 2004 жылғы 5 ақпанда N 2697 Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеуді өткізу жөніндегі ереже;
2) Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу бағдарламасы.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесі аттестациядан өтуге тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің компьютерлік тестіленуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді өткізу нұсқау, тестілеу программалары және тестілеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2291 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егемен Қазақстан" және N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 25 шілдеде N 2413 тіркелген, 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25 - 2003 жылғы 2 тамызда N 222-223 "Егемен Қазақстан", 2003 жылғы 2 тамызда N 197 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған; 2004 жылғы 23 ақпанда N 2709 тіркелген, 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17 - 2004 жылғы 25 ақпанда N 15 "Заң газеті", 2004 жылғы 25 ақпанда N 15 "Юридическая газета" газеттерінде жарияланған; 2004 жылғы 27 сәуірде N 2827 тіркелген, 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 02-01-02/42 - 2004 жылғы 14 мамырда N 38 "Заң газеті", 2004 жылғы 14 мамырда N 38 "Юридическая газета" газеттерінде жарияланған бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
атауда:
"нұсқау" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
"және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді" деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспе сөздегі "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығына " деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережесінің 9-тармағы 9) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта мәтіндегі "және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 4, 6, 7-қосымшалар атауларында "және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 02-01-02/42 бұйрығымен
бекітілген
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшінің (бұдан әрі - қызметші) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.
2. Тестілеуге мемлекеттік органның аттестациялық комиссиясы бекіткен, тізімге енгізілген қызметшілер жіберіледі, ол жөнінде мемлекеттік органның кадр қызметі хабардар етеді. Хабарда тестілеудің орны, күні және уақыты көрсетіледі.
3. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметшінің, алдыңғы тестілеу күнінен 10 күнтізбелік күннен кем емес мерзімнен кейін, қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.
4. Тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің және аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администратор) өткізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) тестілеу өткізу процесін қамтамасыз ету үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
5. Тестілеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттер және логикалық тест қолданылады.
7. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тесттердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
8. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
1) жайда тестілеуге және тестілеу материалдарына дайындық;
2) тестілеуді өткізу бойынша қызметшілерге нұсқаулық;
3) қызметшілердің тесттерден өтуі;
4) қызметшілерге тестілеу нәтижелерін беру.
2. Жайда тестілеуге және тестілеу
материалдарына дайындық
9. Тестілеуді өткізу кезінде администратор қызметшілерді нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиіс.
10. Тестілеу өткізілетін жай қызметшілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестілеу уақытында қызметшілердің сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.
11. Тестілеу басталғанға дейін администратор барлық қажетті материалдарды дайындауы және тексеруі қажет.
3. Тестілеуді өткізу бойынша қызметшілерге нұсқаулық
12. Тестілеу басталар алдында, администратор қызметшілердің тестілеуді өткізу жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаулығын өткізеді. Администратордың кіріспе сөзіне алдағы жөн-жосық туралы, аттестациялау рәсіміндегі тестілеу орнының жөніндегі тұтастай ақпараттар кіреді.
13. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген қызметшілер бұл жөнінде тестілеу басталғанға дейін администраторға хабарлауы тиіс.
14. Администратор қызметшілердің компьютерді пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап береді. Содан кейін администратор тұтастай тесттерді өтуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөніндегі нұсқауды дауыстап оқиды.
16. Администратордың барлық қызметшілердің тапсырманы меңгергендігіне және өздерін қалыпты күйде сезініп отырғандарына көзі жетуі тиіс.
4. Қызметшілердің тесттерден өтуі
17. Логикалық тесттің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 40 минөт, заңнаманы білуге арналған тестке - 115 минөт (150 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ).
18. Қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке дейін логикалық тесттен өтеді.
20. Администратор тестілеу біткеннен кейін қызметшілерге тестке қатысқаны үшін рақмет айтады және аттестацияны өткізудің келесі кезеңін еске салады.
5. Қызметшілерге тестілеу нәтижелерін беру
21. Компьютерде тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты түрде есептеледі. Нәтиже принтерде басып шығарылады және танысу үшін қызметшіге беріледі. Қызметші танысқаннан кейін нәтижесі көрсетілген қағазға қол қояды.
22. Логикалық тест және заңнамаларды білуге арналған тесттердің нәтижелері Агенттікте және оның аумақтық бөлімшелерінде бір жыл аралығында сақталады. Тестілеудің нәтижесі туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді.
23. Тестілеудің нәтижесі туралы жиынтық анықтама құпия сипатта болады және тиісті мемлекеттік органның аттестациялық комиссиясына беріледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 02-01-02/42 бұйрығымен
бекітілген
Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерге тестілеу бағдарламасы
Осы бағдарлама тесттің екі түріне: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға тағайындалады.
1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, Е-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын , Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін (бұдан әрі - Қызмет этикасы ережесі) білуге арналған 150 сұрақ, сондай-ақ мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, осы мемлекеттік органмен әзірленетін (және ұсынылатын) нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу сұрақтары кіреді.
2. А-6, А-7, В-8, В-9, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-О-7, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, C-R-6, D-4, D-5, D-6, D-O-4, D-O-5, D-O-6, D-O-7, Е-3, Е-4, Е-5, Е-6, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, Е-R-6, Е-G-1, Е-G-2, Е-G-3, Е-G-4, Е-G-5 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын , Қызмет этикасы ережесін білуге арналған 110 сұрақ, сондай-ақ мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, осы мемлекеттік органмен әзірленетін (және ұсынылатын) нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу сұрақтары кіреді.
3. Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметші Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тестілеу өткізу кезінде қолданылатын сұрақтар тізбесінен іріктелген, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысынан 20 сұраққа және Қызмет этикасы ережесі бойынша 10 сұраққа жауап беруі тиіс.
4. Логикалық тест адамның күрделі жұмысты орындауға іскерлігін және оның зияткерлік әлеуетін сипаттайтын, тез логикалық ойлау қабілетін айқындайды.
5. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, Е-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке шекті мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес, басқа санаттар үшін 50% кем емес және барлық санаттар үшін Қызмет этикасы ережесі бойынша 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
Логикалық ойлауға шекті мән белгіленбейді.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 02-01-02/42 бұйрығына
қосымша
"Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
1-қосымша
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуда үміткерлердің (бұдан әрі - үміткер) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.
2. Тестілеуге конкурстық комиссияның шешімі негізінде құжаттары қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген үміткерлер жіберіледі, ол жөнінде мемлекеттік органның кадр қызметі хабардар етеді.
3. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған үміткер, алдыңғы тестілеу күнінен соң үш айдан кем емес мерзімнен кейін, бір және сол бағдарлама бойынша қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.
4. Тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің және аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администратор) өткізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) тестілеу өткізу процесін қамтамасыз ету үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
5. Тестілеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттер және логикалық тест қолданылады.
7. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тесттердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
8. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
1) жайда тестілеуге және тестілеу материалдарына дайындық;
2) тестілеуді өткізу бойынша қызметшілерге нұсқаулық;
3) үміткерлердің тесттерден өтуі;
4) үміткерлерге тестілеу нәтижелерін беру.
2. Жайда тестілеуге және тестілеу
материалдарына дайындық
9. Тестілеуді өткізу кезінде администратор үміткерлерді нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиіс.
10. Тестілеу өткізілетін жай үміткерлердің орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестілеу уақытында үміткерлердің сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.
11. Тестілеу басталғанға дейін администратор барлық қажетті материалдарды дайындауы және тексеруі қажет.
3. Тестілеуді өткізу бойынша үміткерлерге нұсқаулық
12. Тестілеу басталар алдында, администратор үміткерлердің тестілеуді өткізу жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаулығын өткізеді. Администратордың кіріспе сөзіне тестілеудің алдағы жөн-жосығы, іріктеу рәсіміндегі тестілеудің орны жөніндегі тұтастай ақпараттар кіреді.
13. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген үміткерлер бұл туралы тестілеу басталғанға дейін администраторға хабарлауы тиіс.
14. Администратор үміткерлердің компьютерді пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап береді. Содан кейін администратор тұтастай тесттерді өтуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөніндегі нұсқауды дауыстап оқиды.
16. Администратордың барлық үміткерлердің тапсырманы меңгергендігіне және өздерін қалыпты күйде сезініп отырғандарына көзі жетуі тиіс.
4. Үміткерлердің тесттерден өтуі
17. Логикалық тестің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 40 минөт, заңнамаларды білуге тестке - 115 минөт (150 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ).
20. Администратор тестілеу біткеннен кейін үміткерлерге тестке қатысқаны үшін рақмет айтады және конкурстық іріктеуді өткізудің келесі кезеңін еске салады.
5. Үміткерлерге тестілеу нәтижелерін беру
21. Компьютерде тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты түрде есептеледі. Нәтиже принтерде басып шығарылады және танысу үшін үміткерге беріледі. Үміткер танысқаннан кейін нәтижесі көрсетілген қағазға қол қояды.