Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізілімі мен Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 79 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3640. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.06.30 № 299 Бұйрығымен.

      "Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187  қаулысына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізілімі (1-қосымша);
      2) Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы (2-қосымша) бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің       
Азаматтық авиация комитеті 
Төрағасының 2005 жылғы  
19 сәуірдегі N 79   
бұйрығына        
1-қосымша        

  Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа
өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа
алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген
құжаттар тізілімі

      1. Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі Сертификатты алу ұсынымдарына қоса берілген құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіне сәйкес нысаны жөніндегі ұсыныс;
      2) ұсыным берушінің (азаматтық авиацияның заңды дербес кәсіпорын ретінде ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі немесе әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, ұстау немесе жөндеу жөніндегі сертификатталатын қызмет құрамына кіретін кәсіпорынның құрылтай құжаттарынан үзінді және кәсіпорынның бөлімшесі ретінде ол туралы ереже);
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жеке тұлға үшін - жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесін, және заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      4) әуеайлақты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      5) жер учаскесін пайдалану құқығының актісі;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен бекітілген тәртіпте автокөлікті, жеке құрамының міндетті түрлерін бекітетін сақтандыру полистері;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен бекітілген тәртіпте үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полистері;
      8) өлшеуіш құралдарын соңғы мемлекеттік тексеру актісі;
      9) әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі басшылық;
      10) санитарлық және экологиялық қадағалаудың мемлекеттік
органдарының қорытындысы;
      11) әуеайлақ жабылғыларын, әуеайлақ ауданында кедергілерді азаматтық авиацияның арнайы ұйымдарының азаматтық әуеайлақты пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкес тексеру актілері;
      12) әуеайлақтың арнайы техникасы мен жабдықтарын (егер олар болған жағдайда) жалға алу келісімдерінің тізімі мен көшірмелері;
      13) метрология жөніндегі органмен келісілген міндетті түрдегі метрологиялық тексеруге жататын өлшеуіш құралдарының тізімі;
      14) әуеайлақ объектілерінің, әуеайлақ жабылғыларының жай-күйіне техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау, жөндеу және бақылау жүргізілетін құжаттардың, жоспарлардың, журналдардың тізімі;
      15) жұмыстарды жүргізу кезінде өрттік қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулар;
      16) лауазымдық нұсқаулар;
      17) әуеайлақ жабылғыларын жөндеу, күтіп ұстау және маркировкалау үшін материалдарды қолдану тізімі, сипаты мен технологиясы;
      18) әуеайлақ жабылғыларын жөндеу және маркирлеу жөніндегі өткізілетін жұмыстар операциясының және сапасын бақылаудың технологиялық картасы;
      19) ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті, ұшуды метеорологиялық қамсыздандыруды қамтамасыз ететін әуежай қызметтерімен өзара жұмыс істеу технологиясы;
      20) өтінім беруші ұйымның құрылымы;
      21) әуежайларда қондырылған (базирующиеся) авиакомпаниялар, әуе кемелері жөніндегі анықтамалар;
      22) технологиялық жабдықтардың, арнайы техниканың, арнайы көліктің және олардың техникалық сипаттарының тізімі;
      23) өтінім берушінің инженерлік-техникалық құрамы жөніндегі жинақтық мәліметтер;
      24) арнайы және тез жанатын сұйықтықтармен жұмыс істеуге қызметкерлерге рұқсат беру жөніндегі бұйрықтар;
      25) әуеайлақта жеке жұмыс жасауға қызметкерлерге рұқсат беру жөніндегі бұйрықтар;
      26) қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату жөніндегі шаралар жоспары;
      27) өтінім беруші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрылған комиссияның нормативті талаптарына әуеайлақ объектілерін, сәйкестігін тексеру актілері;
      28) тірі табиғатпен құрылған қауіпсіздікке байланысты өткізілетін шаралар жоспары;
      29) сертификаттау жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі квитанция.

      2. Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі сертификатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтініш беруші беретін құжаттар:
      1) қажетті негіздемелермен произвольный нысандағы өтініш;
      2) бұрын берілген Сертификат оригиналы.

      3. Осы Тізімнің 1-ші тармағының 2)-29) тармақшалардағы белгіленген құжаттар өтінішке Сертификаттың телнұсқасын алу үшін қоса беріледі.

      4. Осы Тізімнің 1-ші тармағының 2)-7) тармақшаларында белгіленген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі.
      Осы Тізімнің 8)-29) тармақшаларында белгіленген құжаттар өтінім беруші ұйымның бірінші басшысымен және мөрмен куәландырылған көшірмелері түрінде беріледі.

      5. Өтінім (өтініш) берген кезде ұсынылған құжаттар кез келген, қарау үшін және пайдалану үшін қолайлы бірізділігі жинақталады. Осы жағдайда бірінші бетте беттердің нөмірлері белгіленіп дәлелдеме құжаттарының тізімі белгіленеді.
      Ұсынылған құжаттамаларының құрамына енгізілетін барлық материалдар екі данада (уәкілетті орган мен өтінім беруші үшін бір бірден) рәсімделеді.
      Түзетілген, қолмен немесе машинкамен жазылып түзетілген, қолы және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің       
Азаматтық авиация комитеті 
Төрағасының 2005 жылғы  
19 сәуірдегі N 79   
бұйрығына        
2-қосымша        

  Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау
және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру
бағдарламасы

Әуеайлақ пайдаланушысының атауы ____________________________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N_______________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.а, лауазымы __________________________________

р/с
N-і

Бағдарлама бойынша позициялар нөмірлері
және тексерілетін элементтер

Сәйкестік
бағасы
(-+)

Сәй-
кес-
сіз-
дік
по-
зи-
ция-
сы-
ның
нө-
мірі

1

2

3

4

1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және
сәйкестігі

1)

Сәйкестік сертификатын алуға өтінім.



2)

Өтініш берушінің жарғысы (құрылтай
шарты).



3)

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің
көшірмесі.



4)

Қаржылық жай-күйі туралы аудиторлық
анықтама және анықтама.



5)

Өтініш берушінің (әуеайлақ
пайдаланушысының) ұйымдастырушылық
құрылымы, штат кестесі, жүктелген
функцияларды орындауға жеткіліктілігі.



6)

Басшы құрамның және авиация
мамандарының (қызметкерлердің)
міндеттері мен жауапкершілігін
белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар.



7)

Еңбек және өндірістік санитария
қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар



8)

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
тікелей байланысты басшы құрам мен
мамандар жөніндегі деректер, олардың
сәйкестігі.



9)

Инженерлік-техникалық құрам, арнайы
көлікті, әуеайлақ машиналары мен
механизмдерін, арнайы жабдықтарды және
тағы басқа пайдалану және қызмет
көрсету бойынша мамандар жөніндегі
деректер, олардың сәйкестігі.



10)

Осы қызмет түрлері бойынша қызметі
жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі
мен бар болуы.



11)

Осы қызметтерге қатысты бөліктегі ұшуды
өндіру жөніндегі нұсқаулықтан үзінді,
анықталатын мәселелердің толықтығы. Белгіленген талаптарға сәйкестігі және
енгізілетін өзгерістердің уақтылығы.



12)

Солардың негізінде әуеайлақтың арнайы
техникасына және жабдықтарына техникалық
қызмет көрсету, жөндеу жүргізілетін
құжаттардың, радиостанцияларға
рұқсаттар, лицензия (іс-әрекетінің
мерзімі) тізбесі мен бар болуы.



13)

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету,
күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі
басшылық, анықталатын мәселелердің
толықтығы.
Белгіленген талаптарға сәйкестігі
және енгізілетін өзгерістердің уақтылығы



14)

Әуеайлақты мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік.



15)

Әуеайлақ жарамдылығының (сәйкестік)
сертификаты.



16)

Doc 9774 AN\969 ИКАО сәйкес дайындалған
әуеайлақ жөніндегі басшылық (осы
қызметтерге қатысты бөліктен үзінді)



17)

Жерді пайдалану актісі



18)

Пайдаланушы әуеайлақты қабылдау
туралы акт (егер жалға алынса немесе
жеке меншікке сатып алынса)



19)

Арнайы техниканы сақтандыру полистері
(іс-әрекетінің мерзімі мен аумағы).



20)

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету,
күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын
орындайтын мамандарды сақтандыру
полистері.



21)

Үшінші адамдар алдындағы
азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру полистері.



22)

Әуеайлақтың арнайы техника мен
жабдықтарын жалға алу келісімдерінің,
егер олар болған жағдайда (іс-әрекетінің
мерзімі) көшірмесі



23) 

Әуенавигациялық ақпаратпен қамтамасыз
ету жөніндегі шарт.



24)

Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз
ету жөніндегі шарт.



25)

Авиация персоналының біліктілігін
жоғарылату курстарынан өту шарт.



26)

Авиациялық қауіпсіздікті және
апаттық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз
ету. Авиациялық қауіпсіздікті,
апаттық-құтқару жұмыстарын және өрт
сөндіруді қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстардың жоспары



27)

Әуеайлақтың арнайы техникасын,
жабдықтарын техникалық қызмет көрсету
(жедел, мерзімдік, күрделі жөндеу).



28)

Жердегі әуеайлақ жабдықтарына
техникалық қызмет көрсету, әуеайлақ
аумағын күтіп ұстау



29)

Жеке құрамды, арнайы техниканың,
көліктер мен механизмдердің
жүргізушілеріне медициналық қызмет
көрсету (ауысу алдында медициналық
тексеру)



30)

Санитарлық-эпидемиологиялық және
экологиялық қадағалау мемлекеттік
органдарының қорытындысы



31)

Әуеайлақтың техникалық жай-күйі,
ұшып-қону жолағы, рульдік жолағы, әуе
кемесі тұрағы жөніндегі ресми түрде
хабарланған әуенавигациялық ақпаратқа
өзгерістерді жариялау



32)

Пайдаланушы әуеайлақты күнде тексеруі



33)

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі
әуеайлақтағы жұмыстарды жоспарлау
және орындау



34)

Әуеайлақ, перрон бойынша арнайы
техника, арнайы көлік, машиналар мен
механизмдер қозғалысын ұйымдастыру.



35)

Әуеайлақ және оның маңайында қозғалатын
көлік құралдарын басқару және олармен
байланыс



36)

Тірі табиғаттан пайда болатын қатерлерге
байланысты өткізілетін шаралар



37)

Әуежайда орналасқан авиакомпаниялар
туралы анықтама



38)

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
әуежай қызметтерімен өзара іс-әрекет



39)

Тіркеп сүйреуге, қозғалу мүмкіншілігінен
айрылған әуе кемелерін ұшу-қону
жолағынан алып тастауға арналған арнайы
жабдықтарының тізілімі мен бар болуы



40)

Күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы навигация жағдайында әуеайлақты
пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу
жөніндегі арнайы техника мен
жабдықтарды, жеке құрамды дайындау
жөніндегі құжаттама



41)

Басқару және инженерлік-техникалық
құрамның міндеттемелерінің бақылау
парақтары



42)

Ұшу жолағының жай-күйі жөніндегі журнал



43)

Әуеайлақта және әуеайлақ маңайында
құрылыс жұмыстарын келісуді есепке алу
журналы



44) 

Абоненттердің шақыруы мен радио арқылы
сөйлесу фразеологиясы



45)

Әуеайлақ жабылғыларын таңбалау үшін
материалдарды қолдану сипаттары мен
технологиясы



46)

Әуеайлақта және әуеайлақ маңайында
биік кедергілер мен объектілерді
жарықпен қоршау



47)

Әуеайлақ жабындарының ақаулары



48)

Әуеайлақта нақты әуе кемесін пайдалану
мүмкіндігін бағалау және анықтау
әдістемесі



49)

Топырақтық ұшу-қону жолағының
мүмкіншілігін бере алатын топырақ
тығыздығының көрсеткіштерін анықтау



50)

Зәкір бекітудің қатаңдығын тексеру
актілері



51)

ҚР Азаматтық әуеайлақтардың жарамдылық
нормаларына сәйкес, азаматтық
авиацияның мамандандырылған ұйымдарының
әуеайлақ жабындарын, әуеайлақ
маңайындағы кедергілерді тексеруі



52)

Әуеайлақта мұзды-қар жинау жұмыстарының
технологиялық картасының альбомы



53)

Әуе кемелерінің тежеулерінің жай-күйін
бағалау әдістелері мен құралдары



54)

Қарлы НОТАМ бойынша ақпарттарды алу,
толтыру және жіберу



55)

Әуеайлақтық арнайы техниканың
және механизация құралдарының
жұмыстарының жұмысын есепке алу журналы



56)

Қардың қаттылығы мен тығыздылығын
анықтау



57)

Уақытша әуеайлақтың ұшу жолағының (бар
болған жағдайда) жай-күйі журналы



58)

Ішкі әуеайлақ жолдарын күтіп ұстау



59)

Метрологиялық жұмыстарды жүргізу,
міндетті түрде тексеруге жататын өлшеуіш
құралдарының тізілімі, МЕМСТ-тар мен
стандарттар талаптарын сақтау



2. Өндірістік база

1)

Техникалық қызмет көрсетуге, арнайы
техниканы сақтау және жөндеуге, арнайы
сұйықтықтар мен химикаттарды сақтауға
арналған ғимараттар мен құрылыстардың,
ангарлар мен жабық құрылыстардың бар
болуы мен оларды күтіп ұстау



2)

Жеке құрамға арналған тұрмыстық бөлмелердің, өндірістік ғимараттардың
бар болуы және олардың жай-күйі, оларда
өндірістік санитария талаптарының, өрттік
қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігі



3)

Жалға алынған ғимараттар мен құрылыстарды
пайдалануға келісімдердің бар болуы



4)

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп ұстау
және жөндеу кезінде қолданылатын төмен
түспейтін шығыс материалдарының,
химикаттардың, арнайы сұйықтықтардың
бар болуы



5)

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп ұстау
және жөндеу кезінде қолданылатын әуеайлақ-
тың арнайы техникасы мен жабдықтарының
тізілімі, олардың техникалық жай-күйі,
олардың радиостанциялармен, жарқылдаған
оттармен жабдықталуы



3. Жұмыстарды жоспарлау

1)

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп ұстау
және жөндеу жұмыстарын жоспарлау бойынша
құжаттамалар жүргізу



2)

Инженерлік-техникалық құрамның,
жұмысшылар мен қызметкерлердің дайын-
дығы, жаттығуы және оны тексеру жоспары-
ның, кестесінің бар болуы және оны
жүргізу. Штат саны және толықтығы.



3)

Осы үлгідегі арнайы техникада дербес
жұмыстарға рұқсат беру үшін жеке құрамды
даярлау және тексеру.



4)

Мамандығы бойынша біліктілігін растау
және жоғарылату.



5)

Жеке құрамның тиісті куәліктерінің
қолданылу мерзімін ұзарту.



6)

Жүргізуші құрамын дайындау және олардың
класын жоғарылату.



7)

Әуеайлақта дербес жұмысқа рұқсат
беру тәртібінің сақталуы



8)

Кадрларды дайындау.



9)

Нормативті құжаттаманың бақылау
даналарының бар болуы



10)

Жоспарланған жылға теориялық дайындық
жоспары мен тематикасы



11)

Дербес дайындық (жеке тапсырмалар)



12)

Мұғалімдер құрамы және оларда сабақтар
бойынша конспектілердің бар болуы



13)

Оқу сабақтары үшін бөлмелердің
бар болуы және олардың жай-күйі,
оларда өндірістік санитария, өрт
қауіпсіздігінің ережесі талаптарының
сақталуы.



14)

Оқу-әдістемелік базасының жабдығы:
техникалық, әдістемелік бөлмелері,
техникалық кітапхана, азаматтық авиация-
ның әдістемелік құжаттары, оқу көрнекті
құралдары, оқытудың техникалық
құралдары мен әдістемелік құралдары



15)

Білімді тексерудің нысандары, жеке
құрамның сабаққа қатысуы



4. Ақпараттық қамтамасыз ету

1)

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпарат
(бұйрықтар мен нұсқаулар) түсуінің
уақтылығы



2)

Нормативтік және басшылық құжаттарының
келіп түсуі және оларға өзгерістер
енгізу



3)

Пайдаланушының жеке құрамға ұшу
қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар,
нұсқаулар мен ақпараттарды жеткізу және
зерделеудің уақтылығы



5. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өндірістік
санитария

1)

Еңбекті қорғауды ұйымдастыру.



2)

Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі
мен өндірістік санитария жөніндегі
құжаттар, анықталатын мәселелер
толықтығы, нормативтік талаптарға
сәйкестігі.



3)

Жеке қорғау құралдары, нормативтік
талаптарға сәйкестігі.



4)

Персоналдың арнайы киімдерінің болуы.



         ЕСКЕРТПЕ:
      (*) осы пайдаланушысы үшін міндетті емес;
      (-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін
сәйкессіздіктер.
      (-2) келісілген мерзімдерде жойған жағдайларда немесе
шектеулер енгізілгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергі
келтірмейтін сәйкессіздіктер.
      (-3) пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
әрі өндірісті және сапа жүйесін жетілдіргенде жоюға болатын
сәйкессіздіктер.

ҚОСЫМША: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда)

ТЕКСЕРУШІЛЕР:_______________________________________
             _______________________________________
             _______________________________________
                        (қолы, Т.А.Ә.а)

ТАНЫСТЫМ: Азаматтық авиация
ұйымының басшысы:      ___________    ______________________
                          (қолы)             (Т.А.Ә.а)

Сертификаттық тексерудің жүргізілген күні:  "___"______200___ж.

    Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау
  және жөндеу жөніндегі қызметтердің сертификаттық
тексерудің бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі

____________________________________________________________________
                     (Өтінім берушінің атауы)

Сертификаттық
тексерудің
бағдарламасындағы
сәйкессіздік
позициясының N

Сәйкессіздіктің сипаттамасы

Ескертпе

1

2

3




   Тексерушілер:  ___________________________________________
               ___________________________________________
               ___________________________________________
                            (қолы, Т.А.Ә.а)

Таныстым: ___________________________________________________
                   (ұйымның басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)

Сертификаттық
тексерудің жүргізілген күні: "___"__________ 200___ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады