Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы" өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3646. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 117 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 117 қаулысымен .

----------------Қаулыдан үзінді-------------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне актуарлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы N 139-III Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi...      

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттiгi 
                        Басқармасының          
 2006 жылғы 27 мамырдағы     
N 117 қаулысының қосымшасы   

Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      ...
       3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар және банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 19 сәуiрдегi N 128 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3646 тiркелген).
-----------------------------------

      Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2579 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 24 басылымдарында 2003 жылғы 17-30 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3114 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықта:

      6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) осы Нұсқаулықтың тиісінше 9, 10 және 10-1-тармақшаларындағы талаптардың орындалуын растайтын мәліметтер;";

      7-тармақтың 6) тармақшасында "кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің" деген сөздердің алдында "соңғы бес жылда" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тестілеу компьютерлік сұрау нысанында аудитордың тест сұрақтарына ұсынылған жауаптарының бірін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
      Тест сұрақтарын уәкілетті органның Төрағасы немесе Төрағаның орынбасары бекітеді және біреуі дұрыс болып табылатын жауаптардың кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Аудитор тестілеуге келмей қалған жағдайда, ол уәкілетті органға оның болмай қалу себептері туралы тестілеуді өткізу күніне дейін екі күн бұрын хабардар етуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін, бірақ жылына үш реттен артық емес қайталап тестілеуді өткізуге рұқсат беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар он күндік мерзімде осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады