Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 117 қаулысымен .
----------------Қаулыдан үзінді-------------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне актуарлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы N 139-III Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi...
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 117 қаулысының қосымшасы
Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар және банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2579 тiркелген, 2003 жылы "Казахстанская правда" газетiнiң N 355-356 жарияланған)...
-----------------------------------
Ескерту: Қаулының атауына, кіріспесіне толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244 қаулысымен .
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулық (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244
қаулысымен
.
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін
құжаттардың тізбесі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы"
2003 жылғы 27 қазандағы
N 384 Қаулысына
1-қосымша
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының
аудитін жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы
нұсқаулық
Ескерту: Нұсқаулықтың атауына толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244 қаулысымен .
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы
", "
Сақтандыру қызметі туралы
", Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы, "
Аудиторлық қызмет туралы
", "
Лицензиялау туралы
" Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш берушіге қоятын талаптарын және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін белгілейді.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту, толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244
қаулысымен
.
2. Лицензияларды бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалатын лицензиялық алымдар алынады.
3. Уәкілетті орган берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
4. Лицензиялар осы Нұсқаулықтың 1, 2, 2-1-қосымшаларына сәйкес беріледі.
Ескерту: 4-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244
қаулысымен
.
5. Лицензия беру, беруден бас тарту, қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу туралы рұқсатты уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
2-тарау. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және
лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін
құжаттардың тізбесі
6. Аудиторлық ұйым лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
3) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер;
5) құрылтай құжаттарының барлық өзгерістерімен және қосымшаларымен бірге оларға әділет органдарының белгісі қойылған нотариат куәландырған көшірмесі;
6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі берген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;
7) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудиторлық ұйымның басшысы (оның орынбасарлары) туралы мәліметтер;
8) осы Нұсқаулықтың тиісінше 9, 10 және 10-1-тармақшаларындағы талаптардың орындалуын растайтын мәліметтер;
9) аудиторлық ұйымның құрамына кіретін және уәкілетті органның лицензиясы бар аудиторлар туралы мәліметтер.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128
қаулысымен
.
7. Лицензия алу үшін аудитор мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
3) аудитордың Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген біліктілік куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
5) уәкілетті органда тесттен өтудің оң нәтижелерін растайтын құжаттар;
6) жоғары экономикалық немесе математикалық білімді растайтын білім туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі не осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша аудиторлық немесе қаржы ұйымдарында соңғы бес жылда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244
қаулысымен
,
2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128
қаулысымен
.
8. Уәкілетті орган лицензияны осы Нұсқаулықта көзделген қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешіктірмей береді.
9. Аудиторлық ұйымның құрамында банктердің аудитін жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар кемінде екі аудитор болған кезде оған банктердің аудитін жүргізуге лицензия беріледі.
10. Аудиторлық ұйымның құрамында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар кемінде екі аудитор болған кезде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның аудитін жүргізуге лицензия беріледі.
10-1. Аудиторлық ұйымның құрамында жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар кемінде екі аудитор болған кезде оған жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беріледі.
Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244
қаулысымен
.
11. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия аудиторға уәкілетті органда тесттен өткеннен кейін беріледі.
Ескерту: 11-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244
қаулысымен
.
12. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тестілеу компьютерлік сұрау нысанында аудитордың тест сұрақтарына ұсынылған жауаптарының бірін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Тест сұрақтарын уәкілетті органның Төрағасы немесе Төрағаның орынбасары бекітеді және біреуі дұрыс болып табылатын жауаптардың кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128
қаулысымен
.
12-1. Аудитор тестілеуге келмей қалған жағдайда, ол уәкілетті органға оның болмай қалу себептері туралы тестілеуді өткізу күніне дейін екі күн бұрын хабардар етуге тиіс.
Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128
қаулысымен
.
13. Тесттен өткізу кезінде қандай да болмасын жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды қолдануға жол берілмейді. Осы тармақта жазылған талаптарды бұзу тесттен өткізудің теріс нәтижесіне теңестіріледі. Қажет болған кезде уәкілетті орган алдын ала жазбаша өтінім бойынша тесттен өтінушінің қарамағына мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерін меңгерген аудармашы ұсынады.
14. Егер аудитордың тест сұрақтарына дұрыс жауаптары жетпіс және одан көп процентті құраса, тесттен өткізу нәтижесі оң болып танылады.
14-1. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін, бірақ жылына үш реттен артық емес қайталап тестілеуді өткізуге рұқсат беріледі.
Ескерту: 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128
қаулысымен
.
15. Мынадай негіздердің кез келгені бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін:
1) өтініш беруші жататын субъектілердің санаттары үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынса;
2) өтініш беруші осы Нұсқаулыққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынбаса;
3) лицензиялық алым төленбесе;
4) өтініш берушіге қатысты оған аудиторлық қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын соттың шешімі болса.
16. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір апта мерзімде өтініш берушіге лицензия беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді.
17. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
17-1. Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар он күндік мерзімде осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді.
Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 128
қаулысымен
.
Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың
тізбесі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
Уәкілетті орган
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкте басылады)
Банктердің аудитін жүргізуге
Лицензия
лицензияның нөмірі _______
________________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның толық атауы не аудитордың аты-жөні)
_________________________________________________________ берілді.
Аудиторлық ұйымның орналасқан жері
(Аудитордың тұрғылықты жері)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензия берілген күн 2003 жылғы "__" _________.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Қолы
Мөр орны
Алматы қ.
Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың
тізбесі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
Уәкілетті орган
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкте басылады)
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының аудитін жүргізуге
Лицензия
лицензияның нөмірі _________
________________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның толық атауы не аудитордың аты-жөні)
_________________________________________________________ берілді.
Аудиторлық ұйымның орналасқан жері
(Аудитордың тұрғылықты жері)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензия берілген күн 2003 жылғы "__" _________.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Қолы
Мөр орны
Алматы қ.
Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың
тізбесі туралы нұсқаулыққа
2-1-қосымша
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244 қаулысымен .
Уәкілетті орган
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкте басылады)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге
ЛИЦЕНЗИЯ
лицензияның нөмірі ____________
__________________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның толық атауы не аудитордың аты-жөні)
_________________________________________________________ берілді.
Аудиторлық ұйымның орналасқан жері
(Аудитордың тұрғылықты жері)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензия берілген күн 200__ жылғы "__" _________.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Қолы
______________
Мөр орны
Алматы қаласы
Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың
тізбесі туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244 қаулысымен .
Құрылтайшылар (акционерлер)
туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның толық атауы)
1. Құрылтайшы ___________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы; жеке тұлғаның аты-жөні)
2. Орналасқан жері (тұрғылықты жері)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(почта индексі және мекен-жайы, телефоны, факсы)
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
мәліметтер
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, кім берген)
4. Заңды тұлға қызметінің түрі _________________________________
________________________________________________________________
5. Қазақстан Республикасының резиденті болып табыла ма (резидент
емес үшін қандай елдің резиденті болып табылатынын көрсету керек)
________________________________________________________________
6. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,
жинақтаушы зейнетақы қорларының иелігінде және/немесе пайдала.
нуында және/немесе иеленуінде акциялардың (жарғылық капиталына
қатысу үлестерінің) болуы туралы мәліметтер:
________________________________________________________________
(толық атауы және тіркеліп орналасқан жері)
________________________________________________________________
(қызметінің негізгі түрлері)
________________________________________________________________
әрбір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі (10% астам))
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының қолы)
заңды тұлғаның мөрі
Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың
тізбесі туралы нұсқаулыққа
4-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244 қаулысымен .
Аудиторлық ұйымның басшысы
(оның орынбасарлары)
туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(аты-жөні)
________________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның атауы)
_________________________________________________________________
Туған күні
Білімі Жоғары, орта арнаулы оқу орнының атауы,
мамандығы, аяқтаған жылы, біліктілігін арттыру
курстары, курстардың тақырыптары, өткен уақыты
(құжаттардың нотариат куәландырған
көшірмелерін қоса беру керек)
_________________________________________________________________
қаржы саласындағы,
аудиторлық ұйымдағы
жұмыс стажы
_________________________________________________________________
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
N Жұмыс кезеңі (ай, жыл) Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы
_________________________________________________________________
1
_________________________________________________________________
2
_________________________________________________________________
3
_________________________________________________________________
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,
жинақтаушы зейнетақы қорларының тікелей немесе жанама иелігіндегі
және/немесе пайдалануындағы және/немесе иеленуіндегі акциялар
(жарғылық капиталына қатысу үлестері) туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
N Атауы және Заңды тұлға қызметінің Сомасы және сіздің
орналасқан жері түрлері қатысу үлесіңіз
_________________________________________________________________
1
_________________________________________________________________
2
_________________________________________________________________
3
_________________________________________________________________
Сізде заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып
тасталмаған сотталғандығыңыз бар ма - иә/жоқ
Сіз банктік, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне,
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне байланысты құқық
бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба - иә/жоқ
Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат (қалауы бойынша толтырылады) ________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының қолы)
________________________________________________________________
заңды тұлғаның мөрі
Өтініш берушіге қойылатын
талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін
жүргізуге лицензия беру туралы
өтінішке қоса берілетін құжаттардың
тізбесі туралы нұсқаулыққа
5-қосымша
Мен _______________________________________________________
(аты-жөні)
_________________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның атауы)
_________________________________________________________________
Туған күні
Білімі Жоғары, орта арнаулы оқу орнының атауы,
мамандығы, аяқтаған жылы, біліктілігін арттыру
курстары, курстардың тақырыптары, өткен уақыты
(құжаттардың нотариат куәландырған
көшірмелерін қоса беру керек)
_________________________________________________________________
қаржы саласындағы,
аудиторлық ұйымдағы
жұмыс стажы
_________________________________________________________________
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
N Жұмыс кезеңі (ай, жыл) Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы
_________________________________________________________________
1
_________________________________________________________________
2
_________________________________________________________________
3
_________________________________________________________________
Сізде заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып
тасталмаған сотталғандығыңыз бар ма - иә/жоқ
Сіз банктік, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне
байланысты құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке
тартылдыңыз ба - иә/жоқ
Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат
(қалауы бойынша толтырылады) ___________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Аудитордың қолы ________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының "Өтiнiш
берушiге қойылатын талаптар және
банктердiң, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының және
жинақтаушы зейнетақы қорларының
аудитiн жүргiзуге лицензия беру туралы
өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың
тiзбесi туралы нұсқаулықты бекiту
туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы
N 384 қаулысына
2-қосымша
Күшi жойылды деп танылған нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесі
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру, жою және уәкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптар туралы ереже жөнiнде" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 49
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 441 тiркелген, 1996 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында N 10 (26) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру, жою және уәкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптар туралы ережеге толықтыру енгiзу жөнiнде" 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 441 тiркелген, 1996 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында N 10 (26) жарияланған);
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктiк аудиттi ұйымдастыру бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банктiк қызметке аудит жүргiзуге арналған лицензия алуға үмiткерлердi сынақтан өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 142
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 876 тiркелген);
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бeкiтy туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 93
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1581 тiркелген, 2001 жылғы 16-29 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында N 15 (212) жарияланған).