"Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3665. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 522 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 522   бұйрығымен.
                          Үзінді:

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 1 қарашадағы    
N 522 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған деп танылған бұйрықтарының тізбесі

      1. ... 
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309 "2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2005 жылғы 3 маусым N 3665 тіркелген және "Юридическая газетінде" 2005 жылдың 6 қазанында жарияланған).
      3. ...
      4. ...
____________________________________

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы Ережеде:
      4-тармақта "Республикасының жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлаудың бағыттары мен жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Классификаторына" деген сөздер "Республикасы бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуіші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақта "ҚР МЖБС 3.001-2000. Білім жоғары кәсіптік. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартымен" деген сөздер "Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер" ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3298 болып тіркелген, Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің  ережесіне  сәйкес жүргізіледі.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Гамарникке жүктелсін.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады