Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 1 желтоқсанда N 1313 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 522 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 522   бұйрығымен.
                          Үзінді:

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 1 қарашадағы    
N 522 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған деп танылған бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 "Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ережені бекіту туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 1 желтоқсанда N 1313 тіркелген).
      2. ...
      3. ...
      4. ...
____________________________________

      Жоғары кәсiби білiм беретiн бiлiм ұйымдарында жоғары базалық бiлiмнiң оқу-кәсіптiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса берiлген "Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы Ереже" бекiтiлсiн. 
      2. Жоғары бiлiм департаменті (Ә.Әбжаппаров) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттік тіркеуден өткiзуге ұсынсын. 
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнінен бастап күшiне енедi. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.Ахметовке жүктелсін. 

       Министр  

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034
бұйрығымен бекітілген    

  Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат)
туралы Ереже 

  1. Жалпы ережелер 

      1. Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ереже 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"  Заңы  (бұдан әрi - Заң) мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 "Жоғары кәсiптiк білiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы Ереженi бекiту туралы"  қаулысына  (бұдан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрленген. 

      2. Бакалавриат Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымының базалық сатысы болып табылады. 

      3. Бакалавриаттың мiндетi - әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелер, оның iшiнде, орта кәсiптiк оқу орындары үшiн бiлiктiлiгiне сәйкес қызметтерде жұмыс iстеуге практикалық бағытталған жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау. 

      4. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқыту жалпы орта және орта кәсiптiк, сондай-ақ жоғары кәсiптiк бiлiм негiзiнде, Қазақстан Республикасы бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуішісіне сәйкес жүргiзiледi. 
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309   бұйрығымен .

      5. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқитындарға студенттер жатады. 

      6. Бакалавриаттың негiзгi мақсаттары: 
      1) азаматтардың бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; 
      2) қоғамды бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету; 
      3) жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң келесi деңгейлерiнде бiлiмiн жалғастыруға қабілеттi, дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 

      7.  Заңға  сәйкес және жеке адамдардың талабы мен шамасына қарай бакалавриатта оқыту мына нысандарда жүргiзiледi: күндiзгi, сырттай, кешкiлiк оқу, дистанциялық оқу және экстернат. 

      8. Жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн бакалавр даярлаудың бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасын игеру мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша 4 жылды құрайды; кешкiлiк және сырттай оқу нысандары бойынша, сондай-ақ оқытудың әртүрлi нысандары араласқан жағдайларда оқу мерзiмi жоғары оқу орнымен бiр жылға дейiн ұзартылады. 

      9. Орта кәсiптiк бiлiмi бар тұлғалар үшiн туысқан мамандықтар бойынша қысқартылған оқыту бағдарламалары бойынша бакалаврлар даярлаудың бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасын игеру мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша 3 жылдан кем емес уақытты құрайды; кешкiлiк және сырттай оқу нысандары бойынша бұл мерзiм жоғары оқу орнымен бiр жылға дейiн ұзартылады. 

      10. Қысқартылған оқыту бағдарламасы бойынша оқыту жүктемесi, кем дегенде, 1440 сағат болуы керек. 

      11. Күндiзгi оқитындарға арналған оқу жоспары бойынша жасалған пәндер тiзiмiн кешкiлiк және сырттай оқитындар үшiн қысқартуға болмайды. Сырттай оқитындарға арналған пәндердi игерудiң ауқымдылығы күндiзгi оқитындар үшiн бекiтiлген пәндердiң жалпы ауқымдылығының 30-40% мөлшерiндей болуы тиiс. 

      12. Бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша жоғары базалық бiлiмдi мамандар даярлауды, бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жүзеге асырады. 

      13. Бакалавриатқа қабылдау тәртiбi, бiлiм беру саласындағы орталық атқару органымен бекiтiлген жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережелерiне сәйкес белгiленедi. 

  2. Бакалавр даярлауға қойылатын талаптар  

      14. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасының көлемi мен құрылымына қойылатын талаптар "Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер" ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен анықталады.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309   бұйрығымен

      15. Жоғары базалық білiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша бiлiм алған түлек келесi талаптарға сай болуға тиiстi: 
      1) алған мамандығы бойынша iргелi даярлығы болуы; 
      2) маманның бүгiнгi таңға көзқарасын қалыптастыратын гуманитарлық-әлеуметтiк пәндер бойынша жүйелi бiлiмi болуы; 
      3) маманның iскерлiк этикасын айқындайтын, қоғамдағы қатынастарды ретке келтiретiн құқықтық және этикалық нормаларды бiлуi;
      4) қазiргi бiлiм беру технологиясын пайдалана отырып, бiлiмiн толықтырып және жаңартып отыра бiлуi;
      5) ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөнiндегi қазiргi компьютерлiк технологияны меңгеруi;
      6) бiлiмiн кәсiптiк жоғары бiлiм беру жүйесiнiң келесi деңгейiнде жалғастыруға қабiлеттi болуы;
      7) мемлекеттiк, орыс және шет тiлдердiң бiреуiн меңгеруi.

  3. Қорытынды аттестаттау

      16. Бакалавр даярлаудың соңғы кезеңiнде, мамандықтарына байланысты, мемлекеттiк емтихандар тапсыру немесе (және) дипломдық жоба (жұмыс) орындау және қорғау арқылы мемлекеттiк қорытынды аттестаттау жүргiзу қарастырылады.

      17. Мемлекеттiк емтихандар тапсыратын, сондай-ақ дипломдық жоба (жұмыс) қорғайтын оқу пәндерi, қолданылып жүрген мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандартымен анықталады. 

      18. Дипломдық жоба (жұмыс) ғылыми жетекшiнiң басшылық етуiмен орындалған өзiндiк зерттеудiң нәтижесi болып табылады. 

      19. Дипломдық жұмысты қорғау және мемлекеттiк емтихандарды тапсыру Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының мәжiлiсiнде өтедi. 

      20. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3298 болып тіркелген, Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің  ережесіне  сәйкес жүргізіледі.
       Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309   бұйрығымен .  

      21. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқу жоспарын толық орындаған, мемлекеттiк емтихандарын ойдағыдай тапсырған және дипломдық жобасын (жұмысын) қорғаған тұлғаларға, берiлген бiлiктiлiкке сәйкес жоғары бiлiм туралы дипломмен бiрге "бакалавр" академиялық атағы берiледi. 

      22. Оқу орнының түлегiне дипломның қосымшасы бiрге берiледi, онда оқыған пәндер бойынша сынақтар мен емтихандардан алған қорытынды бағалары, тапсырылған мемлекеттiк емтихандардың нәтижелерi, дипломдық жобаны (жұмысты) қорғағанда алған бағасы мен дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы жазылады.

      23. Қаулыға сәйкес, жоғары базалық бiлiмнiң оқыту-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқуды толық тамамдаған тұлғалар, өзiне берiлген бiлiктiлiк бойынша жұмыс iстеулерiне немесе жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiмнiң оқыту-кәсiптiк бағдарламалары бойынша "магистр" академиялық атағы мен бiлiктiлiгiн алу үшiн оқуын жалғастыруларына болады.

      24. Бакалавриатты тамамдай алмағандарға бекiтiлген үлгiдегi академиялық анықтама берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады