"Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3671. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен. 

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді" бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 679 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы  N 762 ; 2004 жылғы 24 наурыздағы  N 184 ; 2005 жылғы 26 сәуірдегі  N 249 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді" бекіту туралы"

      аталған бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алудың, емтихан қабылдаудың және азаматтарға жүргізуші куәлігін берудің тәртібі туралы ережелерде:
      10-тармақта:
      бірінші абзацтағы "ЖП бөлімшелерінде теориялық және практикалық емтихандарды, "Е" категориясына - практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбус басқаруға теориялық емтихан тапсырғандарға беріледі." деген сөздер ", сондай-ақ трамвайды немесе троллейбусты басқару құқығының жүргізуші куәлігі ЖП бөлімшелерінде теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі." деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан ЖП қызметкерлерінің қатысуымен оқу аяқталғаннан кейін оқу ұйымдарында өткізіледі.";

      13-тармақ алынып тасталсын;

      14-тармақтағы "және практикалық емтихандар" деген сөздер "емтихан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақ алынып тасталсын;

      18-тармақтағы "және практикалық емтиханды" деген сөздер "емтиханды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19-тармақтағы "Емтихан" деген сөз "Теориялық емтихан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақтың бірінші және екінші сөйлемдері алынып тасталсын;

      25-тармақтағы "теориялық та, практикалық та" деген сөздер алынып тасталсын;

      26-тармақтағы "мен практикалық жүргізудің нәтижелері" деген сөздер алынып тасталсын;

      27-тармақтағы "және практикалық емтихандарды" деген сөздер "емтиханды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      40-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

      47-тармақтың екінші абзацындағы "және практикалық емтихандарды" деген сөздер "емтиханды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      51-тармақтағы "және практикалық емтихандарды" деген сөздер "емтиханды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      52-тармақтағы "теориялық және практикалық емтихан" деген сөздер "теориялық емтихан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-қосымшада "практикалық" деген баған және "алғашқы рет немесе қайтадан", "тапсырды, тапсырмады" деген кіші бағандар алынып тасталсын;

      8-қосымшада "практикалық" деген баған және "топ бойынша", "әрбір шебер бойынша" деген кіші бағандар алынып тасталсын;

      "Көлік құралын жүргізу құқығын алу үшін біліктілік емтиханын өткізу әдістемесі" деген 12-қосымшада:
      2, 3, 5-тармақтар алынып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Емтихан теориялық білімдерін тексеру және көлік құралдарын басқару құқығын беру мақсатында жүргізіледі.";
      3, 4-тараулар алынып тасталсын; 2, 3-қосымшалар алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады