"Жоғары ғылыми - педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3676. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 311 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.06.24 N 311 бұйрығымен.

      "Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1370 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенi журналында жарияланған 2001 ж. N 13, 349-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiнде:
      5-тармақта "кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң бағыттары мен мамандықтарының" деген сөздер "бакалавриат мен магистратура мамандықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Магистратура жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (тапсырыс берiлген мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар 5 адамнан кем болмауы керек) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу, оқу-әдiстемелiк, әлеуметтiк базалары бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда ашылады.";

      10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

      12-тармақта "мiндеттi стандарттарына" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктеуiшiне, оқу-бағдарламалық құжаттамаларға, бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарының жұмысына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырлсын.

      13-тармақта "әлеуметтiк-гуманитарлық, iргелi, психологиялық-педагогикалық пәндер және мамандықтар мен мамандандырулар пәндерi" деген сөздер "базалық және бейiндiк циклдарды қамтитын мiндеттi және таңдауы бойынша компоненттер пәндерi тiзбесiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақ "жұмыстарымен" деген сөзден кейiн "осы ғылым саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Магистратураның бiлiм беру бағдарламасы:
      1) базалық пәндер;
      2) бейiндiк циклдарды қамтитын пәндер;
      3) практика;
      4) магистрлiк диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы;
      5) қорытынды аттестаттаудан тұрады.";

      20-тармақ алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Тарих пен философия ғылымы және шет тiлi бойынша магистранттарды даярлау мазмұны тиiстi кандидаттық минимумның бағдарламаларын барынша жақындатылған болуы тиiс. Магистратурада тапсырылатын тарих пен философия ғылымы және шет тiлiнен емтихандары кандидаттық емтихандарға теңестiрiлуi мүмкiн.";

      28-тармақта "академиялық" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (М.Р. Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi Г. Гамарникке жүктелсiн.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады