"Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ақапараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 160-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3701. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 559 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.12.29 № 559 бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
 

      1. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө  бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2262, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-ө және 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 100-ө бұйрықтарымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларына, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде NN  3490 3617 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесінде:
      13-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
      "Телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурсын бөлу өтінімдегі көрсетілген нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде бөлінеді. Нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде қалған бөлігі нөмірлеу ресурсын алушыға резервленеді және іс-әрекет ету шамасына қарай бөлініп отырады.";
 

      19-тармақтың 1) тармақшасындағы "телефондық желі" деген сөз "телекоммуникация желілері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшаның үшінші абзацында "құжаттарды берген күнінен бастап" деген сөзінен кейін ", сонымен сәйкес құжаттар түсіндірме жазбада көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін байланыс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (Сейтімбеков А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
 

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсін.
 

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, таныстырылуға жатады және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің WEB-сайтына қойылады.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады