Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 38 Қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 12 қыркүйекте N 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 қазанда - 3 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең аз резервтік талаптар туралы ережеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ең аз резервтік талаптардың белгілі бір күнге мөлшері резервтік талаптар нормативінің мәнін банктің осы күнге резервтік міндеттемелерінің көлеміне көбейту арқылы айқындалады.
Банктің резервтік міндеттемелері:
банктің сыртқы міндеттемелері мен сыртқы резервтік активтерінің сомалары арасындағы оң айырмасының;
банктің ішкі міндеттемелерінің сомасы ретінде есептеледі.
Сыртқы (ішкі) міндеттемелерді есептеген кезде басқа банктердің алдындағы міндеттемелер алынып тасталады.
Резервтік талаптар нормативінің мәнін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілейді.
2. Банктің сыртқы міндеттемелері резидент еместердің алдында мынадай міндеттемелердің баланстық құны бойынша сомасы ретінде есептеледі:
халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер;
арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары;
борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер;
реттелген борыштар.
Сыртқы резервтік активтер:
Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар мемлекеттердің қолма-қол шетел валютасының;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар мемлекеттердің орталық банктеріндегі шоттардағы ақша;
шетелдік банктердегі шоттардағы ақша, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісінен төмен емес резидент емес-ұйымдардағы салымдар;
екінші деңгейдегі банктердің дилерлік қызметті жүзеге асыруына рұқсат етілген шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздарға баланстық құны бойынша инвестициялар;
рейтингісі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісінен төмен емес халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялар сомасы ретінде есептеледі.
Банктің ішкі міндеттемелері өтелу (толық немесе ішінара) мерзімі ағымдағы және одан кейінгі айларда басталатын резидент-клиенттердің алдындағы міндеттемелер сомасы ретінде есептеледі.";
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) банктің ақшасын резервтік активтердің қалыптастырылу кезеңінде резервтік активтердің орташа көлемі резервтік талаптарды анықтау кезеңіндегі ең аз резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп резервтік активтерге орналастыру.
Қалыптастыру кезеңіндегі әрбір күнгі резервтік активтердің көлемі ең аз резервтік талаптарды анықтау кезеңі үшін есептелген ең аз резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Ең аз резервтік талаптарды анықтау кезеңі резервтік активтерді қалыптастыру күніне дейін екі күн бұрын алдындағы он төрт күнтізбелік күннен тұрады.
Резервтік активтер:
қолма-қол ақша;
Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы ақша сомасы ретінде есептеледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган күн сайын және ай сайын ұсынылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар жөніндегі есептердің және пруденциалдық нормативтер мен банк электрондық тасымалдағышта ұсынған сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті мәліметтер негізінде ең аз резервтік талаптарды есептейді.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Ең аз резервтік талаптар бұзылған жағдайда банк олар бұзылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, ең аз резервтік талаптарды бұзу фактісі мен себептері туралы хабарлайды.";
10-тармақта "Ұлттық Банк" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы тармақтың екінші абзацының ережелерін ескере отырып, осы қаулы 2005 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Екінші деңгейдегі банктер ең аз резервтік талаптардың есебін осы қаулының талаптарына сәйкес 2005 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жүзеге асырады. Осы қаулы күшіне енгенге дейін екінші деңгейдегі банктер ең аз резервтік талаптарды бұрынғы қолданыста болған тәртіпке сәйкес орындайды.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға