Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің қаржылық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 175-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3723. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 98-НҚ бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 98-НҚ бұйрығымен (2006 жылғы 21 сәуірде N 71-72(878) "Заң газеті" газетінде жарияланған.

--------------Бұйрықтан үзінді--------------------

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы Заңының 1-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің қаржылық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 175-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімде N 3723 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 20 тамызда N 34 (243) "Ресми газет" газетінде жарияланған)...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
----------------------------------  

           "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 7-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң қаржылық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.В.Шкарупа) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Pecпубликасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Pecпубликасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Төраға

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды    
реттеу агенттігі      
Төрағасының         
2005 жылғы 31 мамырдағы   
N 175-НҚ бұйрығымен     
бекітілген         

  Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің қаржылық
сараптамасына қойылатын талаптар туралы
Нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң қаржылық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Pecпубликасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Нұсқаулық табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң қаржылық сараптамасына (бұдан әрi - қаржылық сараптама) қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      3. Қаржылық сараптаманы табиғи монополия субъектiсiнiң (бұдан әрi - Субъект) бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған сарапшы:
      уәкiлеттi орган Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) келiскен кезде;
      Субъектiнiң бастамашылығы бойынша соңғы қаржылық сараптаманы жүргiзу сәтiнен бастап 2 жылға тең кезеңнiң мерзiмi өткен кезде жүргiзедi.

      4. Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қаржылық сараптама жүргiзу жөнiндегi сарапшы (бұдан әрi - сарапшы) - қаржылық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
      қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы  заңнамасын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген aктивтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау).
      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      5. Қаржылық capaптa жүргiзудiң негiзгi қағидаттары:
      1) сарапшының өзiнiң кәсiптiк қызметiн жүзеге асырған кезде тәуелсiздiгi;
      2) сараптама объектiлерi зерттеулерiнiң ғылыми көзқарасы, толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтiлiгі, сараптама нәтижелерiнiң негiздiлiгiн қамтамасыз ету;
      3) сараптама жүргізетiн тұлғалардың құзыреттiлiгi мен жоғары кәсiптiк деңгейi болып табылады.

      6. Субъектiлердiң арасында қаржылық сараптама жүргізу үшiн оның бастамашылығы бойынша қаржылық сараптама жүргiзiледi және сарапшы қаржылық сараптама жүргiзудiң мәнiн, объектiсi мен шарттарын, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, қаржылық сараптама жүргiзудiң мерзiмдерiн, Субъектiнiң қаржылық сараптамаға жатқызылған қызметiнiң кезеңiн (кем дегенде екi жыл), есепте көрсетiлген деректердiң растылығы, сондай-ақ мiндеттемелердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктi, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуын, Субъектiнiң қаржылық сараптамаға жатқызылған қызметiнiң ерекшелiгiнен шығатын басқа да елеулi талаптарды айқындайтын шарт жасайды.

      7. Егер сарапшыға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектiден және (немесе) уәкiлеттi органнан сұрата алады.

  2. Қаржылық сараптамаға қойылатын талаптар

      8. Субъект қызметiнiң қаржылық сараптамасы мыналарды:
      1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда Субъектiнiң өзге қызметi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлектеп есебiнiң болуы мен оны жүргiзу бағасын.
      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда Субъектiнiң өзге қызметi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлектеп есебiнiң болуы мен оны жүргiзу бағасы қызметтiң түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуге және оның қолда бар жүйесiнiң есепте көрiнiс табуына негiзделедi, бөлудiң объективтiлiгi мен негiздiлiгi, сондай-ақ Субъектi өндiретiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша шығындарды бөлудiң уәкiлеттi органмен келiсiлген әдiстемесiнiң болуы мен оларды сақталуын қамтиды. Қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн және реттелiп көрсетiлмейтiн түрлерiнен түсетiн табыстардың есебiнен шығыстардың тоғыспалы субсидиялауының болу мәнiне тексерiс жүргiзiледi;
      2) Субъектiнiң қызметiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiнiң бағасын.
      Сарапшы шығындардың есебiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнiң талаптарына сәйкес, мыналарды қоса бағалайды:
      Есепке алу саясатының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн, оның iшiнде есепке алу саясатында Субъектi өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде басшылыққа алатын нормативтiк және нормативтiк құқықтық актiлерiне сiлтемелерiнiң болуын, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi және Субъектi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметтiң өзге түрлерi бойынша оларды тағайындауға (өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, жалпы шаруашылық тағайындаулар және тағы басқалары) сәйкес негiзгi құралдарды бөлу кезiнде Субъект айқындаған өлшемдердiң болуын. Сарапшы материалдық құндылықтарды есептен шығару әдiсiнiң, сондай-ақ күмәндi борыштар бойынша резервтi қалыптастыру жөнiнде iс-шаралардың; есепке алу саясатына уәкiлеттi органның келiсiмi мен келiсiлген есепке алу саясатына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың болу мәнiне есепке алу саясатына талдау жүргiзуге тиiс;
      шикiзат пен материалдарды есептен шығарудың заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген энергия мен отынды қоса, шығыс нормаларына сәйкестiгiн. Сарапшы бекiтiлген нормалар мен нормативтердiң болуын (мемлекеттiк орган, бекiту күнi) тексередi, сондай-ақ бекiтiлген нормалар болмаған жағдайда, олардың тiзбесiн жасайды;
      амортизациялық аударымдардың есебiн, негiзгi құралдардың тозуын есептеу әдiстерiнiң қолданылуы мен олардың уәкiлеттi органмен келiсiлген Субъектiнiң есепке алу саясатының талаптарына сәйкестiгін. Уәкiлеттi органмен негiзгi құралдардың қайта бағалауы келiсiлгенде негiзгi құралдарға, мүлiк құнының өндiрiстiк қайта бағалауының тарифке тигiзетiн әсерiне бағалау жүргiзу кезiнде қай әдiс қолданылғанына бағалау жүргізу.
      Есептеу құралдары бойынша амортизациялық аударымдардың, тексерiлетiн кезеңде қанша есептеу құралдары орнатылғанын, амортизацияны есептеудiң қай әдiсi қолданылғанын есептеу.
      Сарапшы талдау кезеңiнде өткiзiлген шығындары тарифтердi қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуiне баға бередi;
      3) қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша амортизациялық аударымдарды нақты пайдаланудың талдауын. Сарапшы амортизациялық аударымдарды пайдаланудың мақсатты бағытын, олардың көлемiн, сондай-ақ амортизациялық аударымдарды пайдаланудың құжат түрiндегi (статистикалық есептердiң, қаржы құжаттардың тiзбесi) растауының болуын тексередi;
      4) еңбекке ақы төлеу шығыстарының бағасын, белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген нормативтiк санның болуын, сметаларда көзделген еңбек шығындарының жөндеу жұмыстарына, нормативтiк көрсеткiштерге (СНжБ) сәйкестiгiн;
      5) қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң бөлiгiнде дебиторлық және кредиторлық берешектердiң бағасын. Сарапшы дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуға түгендеу жүргiзудiң кезеңдiлiгiн, бухгалтерлiк есепте көрiнiс табуының дұрыстығын, дебиторлық және кредиторлық берешектiң құрылымын, Субъектiмен мерзiмi өткен дебиторлық берешектi иелiктен айыру тәртiбi мен оның негiзiн және иелiктен айырудың уәкiлеттi органмен келiсiмнiң болуын көрсетедi;
      6) тарифтiк саясаттың сақталуы мен тарифтiк сметаның атқарылуын талдау оның iшiнде:
      шығындардың баптары бойынша тарифтiк саясаттың атқарылуын уәкiлеттi орган бекiткен және Субъектiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiткен кезде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнiң талаптарына сәйкестiгiнiң талдауын, есеп айырысулардың дұрыстығы мен негiздiлiгi көзқарасының тұрғысында қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) қолда бар калькуляцияның бағасын. Сарапшы тарифтiк сметаның атқарылуына талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша тарифтiк сметада бекiтiлген ауытқудың (қаражатты пайдаланбау) сомасын, орындамауы ceбебiн айқындайды;
      iс жүзiнде техникалық ысыраптарға байланысты шығыстардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк техникалық ысыраптарға байланысты шығындарға сәйкес келуiнiң сараптамасын;
      құзыреттi және уәкiлеттi орган бекiткен (келiсiлген) осы жұмыстардың көлемдерi мен түрлерiнiң салыстырмасын қоса отырып, негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеулер мен басқа да қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығыстардың талдауын;
      7) уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық жобалардың атқарылуын талдау, мыналарды:
      инвестицияларды және олардың көздерiнiң талдауын;
      уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық жобаларда көзделген көрсеткiштердiң Субъектi қызметiнiң осындай iс жүзiндегi көрсеткiштерiне сәйкес келу мәнiнiң сараптамасын;
      ауытқулардың объективтiк және субъективтiк себептерiн және олардың осы жобаны орындауға тигiзетiн әсерiнiң, тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiткен кезде ескерiлетiн шығындар мөлшерiне әсер ету мүмкiндiгiнiң талдауын;
      инвестициялық жобаның Субъектi ұсынатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сұранысының дамуына тигiзетiн әсерiнiң талдауын;
      8) қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiне байланысты туындаған ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң сараптауын. Сарапшы құрылымды, заемдық қаражаттарды тартудың негiздiлiгiн, оларды өтеудiң толықтығы, дер кездiлiгi мен тәртiбiн, мiндеттемелердi қамтамасыз ету нысанын, пайыздық ставкаларын, тараптардың жауапкершiлiгiн бағалайды. Сарапшы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi атқарудың қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң нәтижелерiне тигiзетiн әсерiн талдайды;
      9) қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялардың бағасын. Сарапшы инвестициялардың түрлерiн, табыстылығы мен олардың қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң нәтижелерiне тигiзетiн әсерiн анықтайды;
      10) қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiн жүзеге асырғанда қолданыстағы негiзгi құралдардың құрылымы мен олардың iске қосылу деңгейiнiң талдауын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады