Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3735. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 135 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 135 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2005 жылғы 6 маусымдағы     
N 65 қаулысымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген
субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық
бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік
есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

МАЗМҰНЫ

         1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2509 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324  қаулысына , қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды меншiктi активтерi есебiнен жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (бұдан әрі - ұйым) жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді нақтылайды.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы N 21   қаулысымен .

      3. Сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың (бұдан әрі - бағалы қағаздар) бухгалтерлік есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптарына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  2-тарау. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын
негізгі ұғымдар

      4. Сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясы - есептелген сыйлықақының немесе дисконттың сомасын біртіндеп ұйымның кірістеріне немесе шығыстарына жатқызу.

      5. Дисконт (жеңілдік) - бағалы қағаздың таза сатып алу құны (есептелген сыйақыны есепке алмағанда) мен оның номиналдық құны арасында пайда болатын, инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін құрайтын теріс айырмашылық сомасы.

      6. Сыйлықақы - бағалы қағаздың таза сатып алу құны (есептелген сыйақыны есепке алмағанда) мен оның номиналдық құны арасында пайда болатын, инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің шығыстарын құрайтын оң айырмашылық сомасы.

      7. Бағалы қағаздарды қайта жіктеу - бағалы қағаздарды бір санаттан басқасына ауыстыру.

      8. Бағалы қағаздың таза құны - есептелген сыйақыны шегергенде пайыздық бағалы қағаздың құны.

  3-тарау. Есепке алу және бастапқы тану

      9. Барлық бағалы қағаздар мына санаттардың біріне кіргізіледі:
      1) оның өзгеруі кіріс немесе шығыс ретінде таныла отырып, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар (бұдан әрі - саудаға арналған бағалы қағаздар);
      2) сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар;
      3) өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар.

      10. Бағалы қағаздарды бастапқы таныған кезде санатына қарамастан, нақты жұмсалған шығындар (әділ құны) бойынша бағаланады.

      11. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар кейіннен әділ құны бойынша бағаланады. Саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құнын қайта бағалау нәтижелері кірістер мен шығыстар шоттарында көрсетіледі, ал сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар капитал шоттарында көрсетіледі.

  1. Саудаға арналған және сатуға арналған
қолда бар бағалы қағаздарды есепке алу

      12. Саудаға арналған немесе сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды сатып алған кезде, тиісті шоттардағы дебет (бұдан әрі - Дт) және кредит (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (олардың номиналдық құнынан аспайтын сомаға):

Дт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"
Кт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша";

      сыйлықақы сомасына:

Дт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
Кт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша";

      дисконт сомасына:

Дт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"
Кт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"

      бұрынғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:

Дт  402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы"
Кт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша".

      13. Ұйым саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жарияланған ставка бойынша есеп саясаты ұйымы белгілеген кезеңділікпен сыйақы есептейді және есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:

Дт  332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
Кт  724 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
            (купон/дисконт) алуға байланысты кірістер".

      14. Ұйым саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есеп саясаты ұйымы белгілеген кезеңділікпен сыйақының немесе дисконттың амортизациясын жүргізеді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      сыйлықақы амортизациясының сомасына:

Дт  831 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы
            амортизациясына байланысты шығыстар"
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы";

      дисконт амортизациясының сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
Кт  724 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
            (купон/дисконт) алуға байланысты кірістер".

      15. Осы Нұсқаулықтың 13 және 14-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы мен сыйлықақының амортизациясын есептегеннен кейін ұйым саудаға арналған немесе сатуға арналған қолда бар сатып алынған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша есеп саясаты ұйымы белгілеген кезеңділікпен қайта бағалау жүргізеді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:
      егер бағалы қағаздардың әділ құны олардың есепке алу құнынан жоғары болса:

Дт  402 07  "Бағалы қағаздардың әділ құнының оң түзетілуі"
Кт  727 03  "Саудаға арналған немесе сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған кірістер";

      егер бағалы қағаздардың есепке алу құны олардың әділ құнынан жоғары болса:

Дт  845 03  "Саудаға арналған немесе сатуға арналған қолда
            бар бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған кірістер"
Кт  402 08  "Бағалы қағаздардың әділ құнының теріс түзетілуі";

      бағалы қағаздардың әділ құнын оң немесе теріс түзетуге есептелген сомаға:

Дт  402 08  "Бағалы қағаздардың әділ құнының теріс түзетілуі"
Кт  402 07  "Бағалы қағаздардың әділ құнының оң түзетілуі";

      2) сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша:
      егер бағалы қағаздардың әділ құны олардың есепке алу құнынан жоғары болса:

Дт  402 07  "Бағалы қағаздардың әділ құнының оң түзетілуі"
Кт  542 01  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын
            қайта бағалаудан төленбеген қосымша капитал";

      егер бағалы қағаздардың есепке алу құны олардың әділ құнынан жоғары болса:

Дт  542 01  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын
            қайта бағалаудан төленбеген қосымша капитал"
Кт  402 08  "Бағалы қағаздардың әділ құнының теріс түзетілуі";

      бағалы қағаздардың әділ құнын оң немесе теріс түзетілуіне есептелген сомаға:

Дт  402 08  "Бағалы қағаздардың әділ құнының теріс түзетілуі"
Кт  402 07  "Бағалы қағаздардың әділ құнының оң түзетілуі".

      16. Осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес жарияланған сыйақы есептеу жүргізілгеннен кейін эмитент саудаға арналған немесе сатуға арналған қолда бар сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалары жүзеге асырылады:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
    402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы".

      17. Саудаға және сатуға арналған қолда бар сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан кезде, осы Нұсқаулықтың 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептеуді, сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясын және бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауды жүргізгеннен кейін, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың амортизацияланбаған сыйлықақысының сомасына:

Дт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы";

      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың амортизацияланбаған дисконтының сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
Кт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар";

      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың әділ құны бойынша жинақталған оң қайта бағалау сомасына:

Дт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"
Кт  402 07  "Бағалы қағаздардың әділ құнының оң түзетілуі";

      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың әділ құны бойынша жинақталған теріс қайта бағалау сомасына:

Дт  402 08  "Бағалы қағаздардың әділ құнының теріс түзетілуі
Кт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар";

      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар";
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
    402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы";

      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды сату жөнінде жасалған мәміле сомасы олардың есепке алу құнынан жоғарылаған жағдайда, айырмашылық сомасына:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  723     "Инвестицияларды, қаржылық инвестицияларды есептен
            шығаруға байланысты кіріс";

      саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың есепке алу құны оларды сату жөнінде жасалған мәміле сомасынан жоғарылаған жағдайда, айырмашылық сомасына:

Дт  843     "Инвестицияларды, қаржылық инвестицияларды шығаруға
            байланысты шығыстар";
Кт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар";

      саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауға байланысты жұмсалған кірістердің сомасына:

Дт  727 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған кірістер"
Кт  845 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда
            бар бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған шығыстар"
    727 06  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда
            бар бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалған кірістер";

      саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауға байланысты жұмсалған шығыстар сомасына:

Дт  845 06  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда
            бар бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалған шығыстар"
    727 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда
            бар бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған кірістер"
Кт  845 03  "Саудаға және сатуға арналған қолда бар бағалы
            қағаздар құнының өзгеруіне байланысты жұмсалмаған
            шығыстар";

      сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды қайта бағалауға байланысты жұмсалған кірістердің сомасына:

Дт  542 01  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын
            қайта бағалауға байланысты төленбеген қосымша капитал
            (шотта кредит қалдығы болған жағдайда)"
Кт  727 06  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты жұмсалған
            кірістер";

      сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды қайта бағалауға байланысты жұмсалған шығыстар сомасына:

Дт  845 06  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты жұмсалған
            шығыстар"
Кт  542 01  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын
            қайта бағалауға байланысты төленбеген қосымша капитал
            (шотта кредит қалдығы болған жағдайда)".

      18. Сатуға арналған қолда бар және саудаға арналған бағалы қағаздарды эмитент өтеген кезде, осы Нұсқаулықтың 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептеуді, сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясын және бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауды жүргізгеннен кейін, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      сатуға арналған қолда бар және саудаға арналған бағалы қағаздардың эмитентінен түскен ақша сомасына:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  402 01  "Саудаға арналған бағалы қағаздар"
    402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
    402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы";

      саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауға байланысты жұмсалған кірістер сомасына:

Дт  727 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған кірістер"
Кт  845 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған шығыстар"
    727 06  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты жұмсалған
            кірістер";

      саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауға байланысты жұмсалған шығыстар сомасына:

Дт  845 06  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты жұмсалған
            шығыстар"
    727 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар бағалы
            қағаздар құнының өзгеруіне байланысты жұмсалмаған
            кірістер"
Кт  845 03  "Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар
            бағалы қағаздар құнының өзгеруіне байланысты
            жұмсалмаған шығыстар".

      19. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың баланстық (есепке алу) құны қаржылық есеп беруде амортизацияланбаған сыйақының немесе дисконттың және есептелген және алынған сыйақының әділ құны бойынша жинақталған қайта бағалау сомасына түзетілген бағалы қағаздардың номиналдық құны ретінде көрсетіледі.

  2. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздарды есепке алу

      20. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      өтелгенге дейін ұсталатын сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (олардың номиналдық құнынан аспайтын сомаға):

Дт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар"
Кт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша";

      сыйлықақы сомасына:

Дт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
Кт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша";

      дисконттың сомасына:

Дт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар"
Кт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт";

      бұрынғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:

Дт  402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша
            есептеген сыйақы";
Кт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша".

      21. Есеп саясаты ұйымы белгілеген кезеңділікпен өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша жарияланған ставканың сыйақысы есептеледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт  332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
            түрінде есептелген кірістер"
Кт  724 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
            (купон/дисконт) алуға байланысты кірістер".

      22. Ұйым өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есеп саясаты ұйымы белгілеген кезеңділікпен сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясын жүргізеді және бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      сыйлықақы амортизациясының сомасына:

Дт  831 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының
            амортизациясына байланысты шығыстар"
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы";

      дисконт амортизациясының сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
Кт  724 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
            (купон/дисконт) алуға байланысты кірістер".

      23. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны эмитент өтеген кезде, жарияланған сыйақыға есептеу жүргізгеннен кейін, осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес, төленген сыйақының сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
    402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы".

      24. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сатқан кезде, жарияланған сыйақыға және сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясына есептеу жүргізілгеннен кейін, осы Нұсқаулықтың 21 және 22-тармақтарына сәйкес, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      амортизацияланбаған сыйлықақының сомасына:

Дт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар"
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы";

      амортизацияланбаған дисконттың сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
Кт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар";

      өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сату жөнінде жасалған мәміленің сомасына:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар"
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
    402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы";

      өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сату жөнінде жасалған мәміленің сомасы олардың есепке алу құнынан асқан жағдайда, айырмашылық сомасына:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  723     "Инвестицияларды, қаржылық инвестицияларды есептен
            шығаруға байланысты кіріс";

      өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың есепке алу құны оларды сату жөнінде жасалған мәміленің сомасынан асқан жағдайда, айырмашылық сомасына:

Дт  843     "Инвестицияларды, қаржылық инвестицияларды есептен
            шығару бойынша шығыстар";
Кт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар";

      25. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды эмитент өтеген кезде, жарияланған сыйақыға және сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясына есептеу жүргізілгеннен кейін, осы Нұсқаулықтың 21 және 22-тармақтарына сәйкес, бағалы қағаздар эмитентінен түскен ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар"
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
    402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы".

      26. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың баланстық (есепке алу) құны амортизацияланбаған сыйлықақының немесе дисконттың және есептелген және алынған сыйақының сомасына түзетілген бағалы қағаздардың номиналдық құны ретінде қаржылық есеп беруде көрсетіледі.

  3. Бағалы қағаздарды санаттар бойынша қайта жіктеу

      27. Бағалы қағаздарды қайта жіктеген кезде, қайта жіктелген бағалы қағазды бұдан әрі есепке алу тәртібі мен қағидаттары бағалы қағаздар ауыстырылған санаттың талаптарында айқындалады.

      28. Бағалы қағаздарды "сатуға арналған қолда бар" санатынан "өтелгенге дейін ұсталатын" санатына ауыстырған кезде, сыйлықақыға немесе дисконтқа амортизация, сыйақы есептеу, қайта жіктелетін бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалау, сондай-ақ сыйақының тиімді ставкасына қайта есептеу жүргізілгеннен кейін, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      бағалы қағаздардың номиналдық құнына:

Дт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар"
Кт  402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар";

      бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы сомасына:

Дт  402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы" (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың
            жеке шоты)
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
            қағаздардың жеке шоты)
Кт  402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы" (сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың
            жеке шоты)
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер (сатуға арналған қолда бар бағалы
            қағаздардың жеке шоты);

      амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:

Дт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
            (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың жеке шоты)
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
            (сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың жеке
             шоты);

      амортизацияланбаған дисконт сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
            (сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың жеке шоты)
Кт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
            (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың жеке
            шоты);

      бағалы қағаздарды әділ құны бойынша оң қайта бағалау сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
    402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
Кт  402 07  "Бағалы қағаздардың әділ құнының оң түзетілуі";

      бағалы қағаздарды әділ құны бойынша теріс қайта бағалау сомасына:

Дт  402 08  "Бағалы қағаздардың әділ құнының теріс түзетілуі"
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
    402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт".

      29. Қаржылық есеп беруді қалыптастырған кезде, қайта жіктелген бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының/дисконттың амортизациясынан пайда болатын кірістер мен шығыстар бағалы қағазды иелену мерзімі ішінде "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын қайта бағалауға байланысты төленбеген қосымша капитал" 542 01 шоты бойынша қалдықпен өзара есепке жатқызылуға тиіс.

      30. Бағалы қағаздарды "өтелгенге дейін ұсталатын" санатынан "сатуға арналған қолда бар" санатына жіктеу, егер ұйым бағалы қағаздарды қайта жіктеу туралы шешім қабылдаған кезде:
      i. қайта жіктелетін бағалы қағаздың өтелу мерзіміне дейін үш айдан кем уақыт қалғанда;
      ii. ұйым осы бағалы қағаз бойынша бағалы қағаз эмиссиясының шарттарында көзделген төлемдердің 90 пайызынан астамын алған жағдайда жүзеге асырылады.

      31. Бағалы қағаздарды "өтелгенге дейін ұсталатын" санатынан "сатуға арналған қолда бар" санатына ауыстырған кезде, қайта жіктелетін бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының немесе дисконттың амортизациясын жүргізген кезде, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      бағалы қағаздардың номиналдық құнына:

Дт  402 02  "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"
Кт  402 03  "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар";

      бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы сомасына:

Дт  402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы" (сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың
            жеке шоты)
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер (сатуға арналған қолда бар бағалы
            қағаздардың жеке шоты)
Кт  402 06  "Бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген
            сыйақы" (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың
            жеке шоты)
    332 01  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
            қағаздардың жеке шоты);

      амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:

Дт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
            (сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың жеке шоты)
Кт  402 05  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы"
            (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың жеке
             шоты);

      амортизацияланбаған дисконт сомасына:

Дт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт"
            (өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың жеке шоты)
Кт  402 04  "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт" (сатуға
            арналған қолда бар бағалы қағаздардың жеке шоты).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады