Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 6 маусымдағы N 65 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы N 21 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4177. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 135 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 135 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жасайтын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3735 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 6 маусымдағы N 65  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
 

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
      2-тармақ "жүзеге асыратын" деген сөздердiң алдынан "меншiктi активтерi есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
 

      3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап жетi күндiк мерзiмде оны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларына жiберсiн.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжiяқовқа жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады