Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 291 бұйрығымен.
----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Заң департаменті (Р. Әлімқұлов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министірінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 297 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. ...
2. ...
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
7. "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3736 тіркелген, 2005 ж. N 18, 152-құжат ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, 2005 ж. 5 қараша N 46 "Ресми газетінде" жарияланды).
8. ...
9. ...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау рәсімін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2381 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2909 тіркелген, Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта және атауында "және мемлекеттік білім несиелерін беру" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерінде:
"және мемлекеттік білім несиелерін беруге", "және мемлекеттік білім несиелерін беру", "және мемлекеттік білім несиелері беріледі", "және мемлекеттік білім несиелерін бере тұра", "және мемлекеттік білім несиелері" деген сөздер атауынан және барлық мәтіннен алынып тасталсын;
9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпаздары болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздарының басым құқығы болады.";
11-тармақтың екінші абзацында "және несиелер", "және несиелер" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Даярлықтың нақты бағыттары үшін квоталанған орындар санының шегінде мамандар даярлаудың бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурстық негізде мемлекеттік сертификаттардың баллдарына сәйкес мынадай санаттағы адамдар үшін жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар үшін 2 %-дық қабылдау квотасы, бірінші, екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін 0,5 %-дық қабылдау квотасы, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 1 %-дық қабылдау квотасы";
19-тармақта "және несиелер" деген сөздер алынып тасталсын;
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр