"Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықты" және "Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті төрағасының 1999 жылғы 10 мамырдағы N 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3752. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 739 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.18 N 739 бұйрығымен.

      Халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың сақталуын регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықты" және "Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті төрағасының 1999 жылғы 10 мамырдағы N 238   бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 777 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың атауында, және бүкіл мәтіні бойынша, сондай-ақ бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықтың және Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "нұсқаулықтар", "нұсқаулықты", "нұсқаулықтарды", "нұсқаулық", "нұсқаулықтармен" деген сөздерді сәйкес келетін септік пен жіктеудегі "Ереже" деген сөзбен ауыстырылсын.

      бұйрықтың атауында, кіріспесінде және бұйрықтың 1-тармағында "дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бұйрықтың атауында, бұйрықтың 2-тармағында және бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықтың және Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықта:
      бүкіл мәтін бойынша "санитарлық ережелер мен нормалар" және "санитарлық ережелер мен нормалардың" деген сөздер "санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар" және "санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "ангро" деген сөз "ангро өнімі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тарауда:
      бірінші абзацтан бастап алтыншы абзацты қоса алғанда аралықтағы абзацтар алынып тасталсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінінде сегізінші абзацта "жарықтан" деген сөз "күн сәулесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацта "+20 о С "суық немесе салқын" +12 о +15 о С" деген сөздер "+25 о С "салқын температура" +8 о +18 о С" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "дәрілік заттар - аурулардың алдын алу, диагностикасы, емдеу үшін, сондай-ақ жүктілікті болғызбау үшін қолданылатын дәрілік субстанция немесе дәрілік субстанциялар қоспасы.
      Аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын парафармацевтикалар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар (көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура) дәрілік заттарға теңестіріледі.
      дәрілік түр - дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі;
      нормативтік-техникалық құжаттама - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті бекіткен, дәрілік заттардың сапасы нормаларының кешенін, сериясына қарамастан, дәрілік заттың бірдей қауіпсіздігі мен тиімділігін, сондай-ақ оны өндірудің ұдайылығы мен біртектестігін қамтамасыз ететін оның айқындау әдістемелерін белгілейтін құжат;
      денсаулық сақтау ұйымы:
      1) азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйым;
      2) балаларға арналған амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық ұйымдар;
      3) жедел медициналық жәрдем ұйымдары;
      4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      5) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
      7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
      8) қан қызметі, сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      9) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдар;
      сақтау үй-жайлары - дәрілік заттарды сақтауға арналған, арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жайлар;
      бірінші (ішкі) орам - дәрілік түрмен тікелей жанасатын тұтыну орамы;
      екінші (сыртқы) орам - бірінші орамдағы препарат орналасатын тұтыну орамы;
      дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - сақтау жағдайларын орындау кезінде дәрілік зат сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін жоғалтпайтын уақыт кезеңі";

      4-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дәрілік заттарды сақтау олардың физикалық-химиялық қасиеттері ескеріле отырып, дайындаушы зауыттың дәрілік затқа нормативтік-техникалық құжаттамасы мен орамда және Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.";

      7-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын.

      10-тармақта:
      "сақталуға тиіс" деген сөздерден кейін ", олар осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес ауаның температурасын есепке алу журналында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы журналында тіркелуі тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
      "әрбір қойма үй-жайын" деген сөздер "сақтау үй-жайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтың екінші абзацында "жабдық" деген сөзден кейін "дәріхана қоймаларына арналған" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақта "сақтау үй-жайларында" деген сөздер алынып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Дәрілік заттар стеллаждарда, тауар салғыштарда, поддондарда, материал шкафтарда, (сейфтерде) орналастырылады.";

      17-тармақта "қойма үй-жайлары мен материалдық бөлмелерде" деген сөздер "сақтау үй-жайларында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19-тармақта:
      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "19. Үй-жайларда дәрiлiк заттар:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына және осы Ережеге сәйкес";

      20-тармақта "Б" тізiмiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;

      21-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын дәрiлiк заттарға теңестiрiлген медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар мынадай топтарға бөлiнедi:";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) медициналық мақсаттағы бұйымдар (көру линзалары және көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура);";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) парафармацевтиктер;";

      36-тармақта "кристаллогидраттар" деген сөз "кристаллогидраттардың дәрілік субстанциялары және дәрілік заттың балк-өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-тармақта "+20 о С), "салқын немесе суық-(+12 о  - +15 о С)" деген сөздер "+25 о С), салқын (+8 - +18 о С)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39 және 40-тармақтарда "өнеркәсіптік" деген сөз "тұтынушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47 және 48-тармақтарда "дәрілік заттарды" деген сөздер "дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49-тармақта "сақтауға жағдай жасауға" деген сөздердің алдынан ", дәрілік субстанцияларды және дәрілік заттардың балк-өнімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      51-тармақта "Иiсi бар дәрiлiк заттарды" деген сөздер "Иiсi бар дәрiлiк заттардың дәрілік субстанциялары мен олардан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "53. Бояйтын заттардың дәрiлiк субстанцияларын тығыз тығындалған ыдыста арнайы шкафта атаулары бойынша бөлек сақтау қажет. Әрбір атауға арналған бояйтын заттармен жұмыс істеу үшін арнайы весочкалар, ступкалар, басқа да керек-жарақтар бөлінуі керек. Бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларынан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандар тығыз тығындалған ыдыста бөлек сөреде сақталуы тиіс.";

      14-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Дайын дәрiлік заттар мен дайындалған дәрілік нысандарды дәріханаларда сақтау ерекшеліктері";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "56. Инъекцияға арналған дәрiлік нысандарды, егер орамда немесе Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) нұсқаулар көрсетілмеген болса, салқын, жарықтан қорғалған жерде ыдыстың ерекшелiктерiн (сынғыштығын) ескере отырып, сақтау үй-жайларында бөлек стеллажда, материалдық шкафтарда бөлек сөреде сақтау керек";

      57-тармақта "хлороформ" деген сөзден кейін "оның ішінде, дәріханада дайындалған" деген сөздермен толықтырылсын;

      59-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын;

      62-тармақта: "+3 о -ден +35 о С-ға дейiнгi температурада" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      "62-1. Барлық дайын дәрілік заттар түпнұсқа орамға салынуы және сыртында заттаңбамен (таңбаламамен) белгіленуі тиіс";

      мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
      "70-1. Бөлшектеп жиналған дәрілік өсімдік шикізаты дәрілік өсімдік шикізатын сақтау ерекшеліктері мен орамда және Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) көрсетілген сақтау шарттары сақтала отырып, сақтайды";

      74-тармақта "үй-жайларда" деген сөздің алдынан "сақтайтын" деген сөзбен толықтырылсын;

      75-тармақта:
      "үй-жайларда" деген сөздің алдынан "сақтайтын" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтау үй-жайларында зауыт орамындағы резеңке бұйымдарды сақтауға болады. Зауыт орамы бұзылған кезде резеңке бұйымдар арнайы жабдықталған материал шкафтарда, жәшіктерде, сөрелерде, стеллаждарда сақталады.";

      76-тармақта "үй-жайлар" деген сөздің алдындағы "арналған" деген сөз алынып тасталсын;

      Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулыққа 5 және 6-қосымшалар алынып тасталсын.

      Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Фармацевтикалық бақылау басқармасы (Ахметова Л.Ж.):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Денсаулық министрлігі
                                      Фармация комитеті төрайымының
                                         2005 жылғы 23 маусымдағы
                                               N 89 бұйрығына
                                                  қосымша

                                      Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                    дәрілік заттардың түрлі топтары
                                       мен медициналық мақсаттағы
                                       бұйымдарды сақтау жөніндегі
                                         нұсқаулыққа 12-қосымша

            Ауаның температурасын есепке алу журналы

Күні

Термометрдің көрсетуі

Қолы 




        Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналы

Күні

Термометрдің
көрсетуі
(үй-жайдағы
температура)

Аспаптың көрсетуі
(психрометр, гигрометр)

Қолы

Құрғақ
аспаптың
көрсетуі

Ылғал
аспаптың
көрсетуі

Салыстырмалы
ылғалдық







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады